284
құрылымында конструктивтік жүйені айқындау, ғимарат бейнесін
«машиналандыру» жолында жүреді.
Кез келген қоғамдық формацияларда ғимарат – символдарды
жасауда идеологиялық қажеттілік туады. Сондықтан сәулет пен
мүсінінің «гибриді» болып саналатын символизм өткенді ғана емес,
сонымен қатар бүгінгі күні де және болашақта да өз мәнін сақтап
қалады (шектеулі болса да). Едәуір идеологияландыруға ұшыраған
кеңестік сәулетте бүкіл даму кезеңі аралығында имарат-символдар
кездеседі. Бұл – 100 метрлік В. И. Ленин мүсіні орнатылған Кеңестер
сарайы, Париж бен Нью-Йорктегі көрме павильондары. Осакадағы
«Экспо-70» ұсынылған кеңестік павильоны (сәулетшісі М. Посо-
хин, В. Свирский және басқалар) жайылған ту символы түрінде
жасалған. Қасбеттің биіктігі әртүрлі жазықтығын тұрғызуда (20-дан
100-ге дейін) қызыл түске анодталған алюминий қаптамамен қаңқа-
байланыстырғыш болат конструкция қолданылған.
1980 ж. соңы – 1990 жылдың басында постмодерн ықпалымен
композициясында қалыптан тыс ұлғайған символикасы бар жоба-
лар кездеседі. Бұған сәулетшілер В. Кубасов пен Р. Фаерштейннің
Севильдегі «Экспо-92» ұсынған кеңестік павильонындағы он екі
метрлік павильон үстіне кергіште орнатылған орақ пен балғаның
32 метрлік композициясы мысал бола алады. Жаңа құрылыс тех-
нологиялары мен техникасын қолданумен қалыптасқан сәулеттік
нысандардың маңызы зор.
Қазіргі заман сәулетінде шығармашылық және стилистикалық
бағыттардың қалыптасуына ресейлік сәулетшілер белсене қатысқан
халықаралық және мемлекеттік көрмелер мен конкурстар үлкен
ықпал етті. 1970 жылдың ортасы - 1980 жылдың соңындағы сәулет
көрнекті кеңестік сәулетшілер шеберлігінің өскен деңгейімен
белгіленді.
Жалпы кеңестік кезеңдегі орыс сәулетіне композиция тұтас-
тығы, адамға қатысты мөлшерлестік, өмірді гүлдендіретін көрініс
тән.
Достарыңызбен бөлісу: