Умкд по дисциплине растениеводство для специальности 050801 -агрономия



бет45/95
Дата18.01.2023
өлшемі11,35 Mb.
#165781
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   95
Байланысты:
umkd os shar beiim tehn 2022 zh.

Дәрістің мақсаты: Дәнді бұршақ дақылдары өсіру технологиясының оларың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерімен байланысын белгілеу.
Түйінді сөздер: Бұршақ тұқымдастар, тұқым жарнақтары, бұршаққаптар, сабақ, тамыр жүйелерінің ерекшеліктері.

Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. Жасымықты өсірудің агрошаралары
2.Ноқатты өсірудің агрошаралары

Бір ботаникалық бұршақ тұқымдастарына (Leguminosae - Fabaceae) жата отырып дәнді бүршақ дақылдары өсімдіктерінің биологиясында, алынатын өнімнің сапасында және өсіру технологияларында көптеген ұқсастықтар бар.


Дәнді бұршақ дақылдарына ақуызға бай кең ауқымды қосжарнақты өсімдіктер тобы біріктіріледі. Дәнді бұршақ түқымдасы барынша филогенетикалык жас және формалары бойынша аса көптүрлілігімен ерекшеленеді. Оған малазықтық және дәнді дақылдардың көпшілігі (асбұршақ, ноқат, сиыржоңышқа, атбас бұршақ, ноғатық, бадана, жасымық ж.б.) жатады.
Екпе (танаптық) дакылдарды жүйелеуде біздің елімізде дәнді бұршақ дақылдарын дәнді астық дақылдарымен бір топқа (дәнді дақылдар) біріктірілген, ал халықаралық ФАО жүйесінде оларды жеке топқа бөлген.
Олардың негізгі ерекшелігі — түйнек бактерияларының көмегімен күн сәулесінің энергиясымен атмосферальқ азотты байланысқан азотқа айналдырады да, көп мөлшерде тұқымдары мен бүкіл өсімдігінде ақуыз жинақтайды.
Халық шаруашылығындағы маңызы. Дәнді бұршақ дақылдары егіншілікте үш басты мәселелерді шешуге көмектеседі: астық өндірісін арттыруда белгілі бір рөл атқарады, өсімдік белогі мен топырақтың құнарлылығын арттырады.
Барлық дәнді бұршақ дақылдарының тұқымдары мен вегетативтік массасында жоғары мөлшерде белок болатындақтан тағамдық және мал азықтық құндылығымен сипатталады.
Белоктың барынша көп мөлшерімен майбұршақ пен бөрібұршақ ерекшеленеді. Оның мөлшері әртүрлі түрлерінде ғана емес, бір дақылдың деңгейінде өсіру жағдайларына байланысты өзгереді. Дәнді бұршақ өсімдіктерінің белоктары басқа өсімдік белоктарына қарағанда суда жақсы ериді, сондықтан олар жеңіл қорытылады.
Өсімдік белогінің сапасы оның кұрамында айырбаска жатпайтын амин қышқылдарының барлығымен де сипатталады, оның үстіне олардың мөлшері адам мен жануарлардың қажетсінуін канағаттандыруға толық жетеді.
Бұршақ дақылдарының астық белогінің биологиялық құндылығы өте жоғары. Егер сүт белогінің құндылығын 100% деп есептесек, онда көптеген дәнді бұршақ дақылдарының биологиялық құндылығы 75-85%, ал майбұршақта ол 100%-ға жақындайды.
Біздің елімізде өсімдік белогі мәселесі (проблемасы) өте өткір тұр. Қазіргі кезеңде жануарлар үшін мал азығының бір азықтық өлшемінде 85-86 г-нан ғана сіңімді протеин бар, ал ол 105-110 г-нан кем болмауға тиіс. Протеиннің жетімсіздігі мал азығының айтарлықтай көп шығынына жетелейді және малдың өнімділігін арттыруға басты кедергілердің бірі болып табылады.
ҚР өкіметі мал шаруашылығын өсімдік белогі мен толық қамтамасыз ету қажеттілігін алға тартып отыр. Ол үшін асбұршақ, ноқат, майбұршақ және жоғары белокті басқа дақылдар егістігін барынша арттырған дұрыс.
Кезінде Д.Н.Прянишников көрсеткендей, белок проблемасы негізінен бұршақ тұқымдас өсімдіктердің есебінен шешілуге тиіс. Мәселе мынада: дәнді бұршақ дақылдары жоғары қоректілігімен бірге бір азықтық өлшемде 160-тан 250-г-ға дейін сіңімді протеин қалыптастырады.
Малды көп мөлшерде ірі сабақты, шырынды мал азықтарымен және сүрлеммен қоректендіргенде белокты мал азығының қажеттілігі арта түседі.
Дәнді бұршақтарының астығы - жануарлар үшін құнарландырылған мал азығының құнды құрам бөлігі. Бұршақ дақылдарынан қоректілігі жақсы пішен, сүрлем және жасыл балауса дайындалады. Сабаны мен мекені де айтарлықтай мал азықтық құндылығымен ерекшеленеді. Дәнді бұршақ дақылдарының түқымдарында, сабақтары мен жапырақтарында дәнді астық дақылдарына қарағанда белок мөлшері 2-3 есе көп. Сондықтан белок теңдестігін жақсарту үшін оларды басқа дақылдармен аралас егістікте кеңінен қолданылады.
Дәнді бүршақ дақылдарының сабаны мен мекенінде 8-14% белок болады, ал дәнді астық дақылдарының сабанында ол 3-4%-ды ғана құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет