56
Бірінші сәбилер тобында заттардың формаларын ажыратуды үйренеді
(шаршы, кірпіш, шар). Тәрбиеші балалардың назарын сенсорлық эталонның
айқын қасиеті бар заттарға аударта отырып, ажырата және атауларын атай
алуға үйретеді.
Екінші сәбилер тобындағы геометриялық пішіндермен таныстыру
міндеттері:
-
балаларды геометриялық пішіндермен таныстыру: дөңгелек, шаршы,
үшбұрыш;
-
көру және сипап сезу түйсіктері арқылы форманың пішінін зерттеуге
үйрету.
Екінші сәбилер тобында таныстыру әдістемесі. Түсі мен көлемі жағынан
балаларға дәл тәрбиешідегідей екі пішінді береді (дөңгелек, шаршы).
Тәрбиеші дөңгелекті атын атамай көрсетіп, сондай пішінді тауып алып,
көрсетуге тапсырма береді. Сол пішінді сипап сезу, ұстап көру арқылы
зерттеуді ұсынады. Сұқ саусақтың көмегімен пішіннің контурын бірнеше рет
жүргізіп, бірге қайталатады. Әрекетті сөзбен баяндай отырып, «Қараңдаршы,
саусағымыз ешқайда тоқтаған жоқ, қай жерден бастасақ, сол жерге қайта
келдік». Тәрбиеші балаларға: «Бұл – дөңгелек. Дөңгелетіп көріңдерші!
Дөңгеленеді ме?», - деп түсіндіріп, балаларға тәжірибелік жұмыстарды да
жасатып көрсетеді (сурет-5.5).
Сурет-5.5. Дөңгелек
Тәрбиеші балаларға дөңгелекке зерттеу жүргізгендей, шаршыны да
зерттейді. Тәрбиеші саусақпен шаршыны тауып алады, контурын бірнеше рет
жүргізіп, назарын бұрыштарына аударады: «саусағымыз бір бұрыштан екінші
бұрышқа дейін жүрді, бұрыштан өтіп, қайта жүрдік, осылайша шаршының
барлық бұрыштарын көрдік, демек, бұл – шаршы. Ал енді, дөңгелетіп көрейік,
шаршы дөңгелей ме? Неге?», – деп, осы сияқты үшбұрышпен таныстырып,
дөңгелекті, шаршы, үшбұрышты салыстыртады. Бекіту мақсатында
дидактикалық ойындарды пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: