«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
61
шаңытқан құм тұманынан әрең жол тауып тұрды.
Жерге төселген кілемшелерге жайғасқан сексенге
жуық адам шыдамсыздана күтіп отырған. Әлі де ке-
лушілер аяғы үзілмеген.
– Бүгінгі кеште қандай мәселені талқыға сала-
мыз? – деп сұрады Аркад.
Аз-кем үнсіздіктен кейін ұзын бойлы тоқымашы
орнынан тұрды:
– Мен көптен шешімін іздеген бір мәселе бар, бі-
рақ оны ортаға салмай келуімнің себебі жоқ емес, ол,
Аркад, саған да, осында жиналған ақкөңіл достары-
ма да күлкілі болып көрінуі мүмкін, – деді.– Бүгін
жолым болып, іші алтын тиындарға толы әмиян
тауып алдым. Сәттіліктің әрқашан жанымда жүрге-
нін қалар едім, осында отырғандардың бәрі де бұл пі-
кіріммен келісетін шығар. Бақытты қалай өзіңе қа-
ратуға болады, оны қораға кіргізудің жолы бар ма?
Міне, осыны талдап көрсек.
– Өте қызық тақырып,– деді Аркад бәсең үнмен.
– Бұл – талқылауға тұратын құбылыс. Біреулер үшін
сәттілік – ешбір мақсатсыз, себепсіз кезіге салатын
бақытты жағдай. Басқалар сәттілік кілті Иштар
құдайдың қолында, ол өзіне ынты-шынтымен құл-
шылық еткендерді жомарттықпен жарылқайды деп
ойлайды. Сонымен, достар, бұл турасында кім не ой-
лайды? Сәттілікті әрбірімізге жолдас ететіндей құ-
зырет бар ма?
– Бар мәселе сонда ғой! – деп жиналғандар қопаң-
дасып қалды.
– Талқыны бастау үшін әуелі тоқымашы-
ға кезіккендей сәттілікті бастан кешкендердің
«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57
62
пікірін тыңдайық.– Аркад әңгімені әрі қарай өр-
бітті. – Арамызда қиналмастан ақша не құнды зат
тауып алғандар мен оларды ешқандай әрекетсіз ие-
ленген тағы кім бар екен?
Үнсіздік. Жиналғандар бір-біріне қарап, кім ор-
нынан тұрар екен деп күткенімен, ешкім қозғала
қоймады.
– Немене, ондай адам жоқ па?– деп сұрады Аркад.
– Демек сәттілік тым сирек кездеседі. Ізденісімізді
қалай, қайда жалғастырамыз? Біреуің ұсыныс
айтыңдар.
– Айтып көрейін,– деп бір жас жігіт орнынан тұр-
ды. Өзі жақсы киініпті. – Сәттілік турасында айту
үшін ойымызды ойын үстеліне бағыттаған жөн емес
пе? Көптеген адамдар сол жерде ірі ұтысқа үміт артып,
сәттілік құдайынан жарылқауды сұрайды емес пе?
Ол орнына жайғасқанда жұрт шу етті:
– Сөзіңді әрі қарай жалғастыр! Ойын үстелінде
Құдайдың қалай жарылқағанын өз аузыңнан естиік.
Ойынхана қожайыны есебінен әмияныңды толтыру
үшін сәттілік текше тастың қызыл жағын жоғары
қаратып, саған бұрды ма? Әлде, керісінше, сәтті-
лік әмірімен текше тастың көк түсі жоғары қарап,
әмияндағы еңбекпен жинап-тергеніңді бір сәтте қо-
жайынның қалтасына түсірді ме?
Жас жігіт жұртпен бірге күлді де, содан соң өз
жауабын берді:
– Мойындауым керек, сәттілік құдайы онда бар-
ғанымды білмесе керек. Басқалар туралы айта ал-
маспын. Сен сәттілікті сондай жерден көрдің бе? Ол
ойын тасын сенің пайдаңа қарай бұрды ма? Айтып
|