«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
159
Саси топас та дөкір біреу болып шықты. Ол мені
көше бойлап ертіп келе жатқанда Нана-наидта жақ-
сы жұмыс істегенімді айтып, енді оған да солай се-
німді еңбек ететінімді жеткіздім. Оның жауабы мені
есеңгіретіп жіберді:
«Маған да, менің қожайыныма да ондай жұмыс-
тың қажеті жоқ. Патша мені үлкен су арнасының құ-
рылысына жібер депті. Сондықтан қожайын маған
көбірек құл сатып алып, жұмысты тезірек бітіруді
бұйырды. Сондай үлкен құрылысты қалайша тез бі-
тіруді білмей, басым қатып жүр».
Шөлейт даланы бір ағашсыз елестетші. Айнала
тола сирек өскен бұталар ғана, күннің ыстықтығы
сондай – құтыдағы судың өзі қайнап кетеді. Енді
оны ішу мүмкін емес.
Бозала таңнан қара кешке дейін терең ордан ауыр
себетпен жоғары қарай құм тасыған адамдар тіз-
бегін көзіңе елестетіп көр. Тамақты бізге шошқаға
құйғандай етіп, ортақ үлкен астаумен берді. Күннен
қорғанарға бастырма жоқ, астымызға төсер сабан
да болмады. Мен осындай жағдайға тап болдым.
Әмиянымды көзден қалтарыс жерге жасырын көміп
тастадым, бірақ оны қайта қазып алатын жағдай туа
ма, жоқ па, білмедім.
Алғашқыда жұмысқа барымды салдым, бірақ ай
артынан ай өте келе, менің жігерім мұқала бастады.
Безгек ауруына шалдықтым. Тәбетім болмай, шө-
кімдей қой еті мен аздаған көгөністі талғажау еттім.
Түн болса, ұйқы қашып, дөңбекшіп шығамын.
Мен енді Забадоның қолынан келгенінше жұ-
мыстан жалтаруға тырысатын әдетін дұрыс әдет
«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57
160
деп ойлай бастадым. Бірақ біздің соңғы кездескені-
міз есіме түсіп, ол ойымның бұрыстығын түсіндім.
Жаудың аты – жау, реті келсе, оны өлтіру керек
деп есептейтін Қарақшыны да есіме аламын. Оған
ақ өлім бұйырмады, демек, оның пікірі де біржақты
екен-дағы.
Кейде Мегиддоны еске аламын. Оның қолдары
ауыр жұмыстан күс-күс болып, жарылып кеткен,
бірақ оның жүрегі тыныш еді, жүзі қуаныштан бал-
бұл жанады. Шамасы, ең үздік жоспар сонікі болса
керек. Бірақ жұмыс неге маған бақ пен қуаныш сый-
ламайды? Неліктен өз жоспарым мен мақсаттарым-
ды ұмытып, соңғы демім біткенше жұмыс істеуіме
тура келеді? Бұл сауалдарға менде жауап болмады,
жаным жай таппай, әрі-сәрі күй кештім.
Бірнеше күннен соң, бойдағы күшім сарқылуға
айналып, мазалаған сұрақтарға жауап таппай жүр-
генімде, Саси мені шақыртты. Бұрынғы қожайыным
мені Вавилонға қайтаруды өтініпті. Мен әмиянымды
қазып алдым да, үстіме қалған-құтқан киімімді іле
салып, жолға түстім.
Жол бойы мені ары-бері қаңбақша домалатқан құ-
йын тағдырым туралы ой мазалады. Менің өмірім,
қарап отырсам, туған қалам Харрунда айтылатын
әннің сөзін еске түсіреді екен.
Адамды құйын үйірер,
Құмдауыл айдар алысқа.
Жол таппай байғұс күйінер,
Қол жетпей мақсат, табысқа.
|