Вопросы на казахском языке


Жартылай тістер болмағанда алынбалы протездермен ортопедиялық емдеу



бет100/463
Дата27.01.2022
өлшемі1,66 Mb.
#115184
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   463
Байланысты:
Вопросы на казахском языке

Жартылай тістер болмағанда алынбалы протездермен ортопедиялық емдеу.

$$$001


Науқастың төменгі жағында тіс қатарының ақауы бар.

Тіс формуласы: 8760000 / 00300078

33, 37 және 46 тістерге тіреп-ұстайтын кламмерлер орналасқан доғалы протез жасалынды. Кеннеди бойынша тіс қатарының ақауын атаңыз, кламмерлі бекітілістің қай түрі көрсетілген?

А) 3 класс, жазықтықтықты кламмерлі бекітіліс

В) 3 класс 4 подкласс, жазықтықтықты кламмерлі бекітіліс

С) 3 класс, трансверсалді кламмерлі бекітіліс

D) 3 класс 4 подкласс, сагитальді кламмерлі бекітіліс

Е) 3 класс 4 подкласс, диагональді кламмерлі бекітіліс

(Дұрыс жауабы) = В

{Күрделілігі} = 2

$$$002

Дәрігер науқастың төменгі жағына доғалы протез жасауды ұйғарды. Модельді параллелометрде тексеріп зерттеген соң, тірек тіске Нея жүйесі кламмерінің 2-түрін таңдады. Модельдегі тірек тіске сипаттама беріңіз?



А) тірек тістің экваторы айқындалған

В) тірек тістің экваторы айқындалмаған

С) тірек тіс оральді жаққа қарай қисайған

D) тірек тіс вестибулярлы жаққа қарай қисайған

Е) тірек тістер ақау жаққа қарай қисайған

(Дұрыс жауабы) = А

{Күрделілігі} = 1

$$$003


Науқас екінші қабылдауға келді. Бірінші рет келгенде, жоғарғы және төменгі жақтарынан қалыптар алынып, орталық окклюзия анықталған.

Тіс формуласы: 87600001 / 12300008

00054321 / 12345600

Протез конструкциясын және келесі клиникалық кезеңді атаңыз.

А) доғалы протез, доғалы протездің балауыз қаңқасының құрылысын тексеру, түзетулер енгізу

В) ЖАПП, тістерді орнату, протез құрылысын тексеру, түзетулер енгізу

С) ЖАПП, ЖАПП құрылысын тексеру, түзету

D) металлокерамикалық көпіртектес протездер, қаңқаны шақтап көру, түзету

Е) ЖАПП, протездің балауыз құрылымын шақтап тексеру, түзету

(Дұрыс жауабы) = Е

{Күрделілігі} = 2

$$$004


Тіс фортуласы: 00000000 / 12300000

00000021 / 12000000

Ауыз қуысында ЖАПП тексерген кезде: жасанды тістер түйіседі, ал табиғи тістер түйіспейді. Қандай қателік жасалынды, оны қалай жоюға болады?

А) тістесу биіктігі дұрыс анықталмаған – тістесу биіктетілген, табиғи тістер түйіскенше қайтадан анықтау

В) жасанды тістер дұрыс орнатылмаған - тістесу биіктетілген, протезді қайтадан жасау

С) тістесу біліктері бар базис қате жасалынды – базисті қайта даярлау

D) тістесу биіктігі дұрыс анықталмаған - тістесу төмендетілген, табиғи тістер түйіскенше қайтадан анықтау

Е) жасанды тістер дұрыс орнатылмаған - тістесу төмендетілген, табиғи тістер түйіскенше қайтадан анықтау

(Дұрыс жауабы) = А

{Күрделілігі} = 2

$$$005

Науқаста тіс формуласы: 07600000 / 00045008



07600000 / 00045600

Алмалы пластиналы протез жасалынуда. Алвеола өскінінің семуі біркелкі емес. Орталық окклюзияны анықтау кезеңі. Емнің қай кезеңі, қандай кламмерлер және қай тістерге жасалынады?

А) 2-зертханалық кезең, жоғарғы жақтың 16 және 25 тістерге, төменгі жақтың 36 және 46 тістерге ұстайтын кламмерлер

В) 2-клиникалық кезең, жоғарғы жақтың 16 және 25 тістерге, төменгі жақтың 36 және 46 тістерге ұстайтын кламмерлер

С) 2-клиникалық кезең, жоғары жақта 17 және 28 тістерге, төменгі жақта 37 және 46 тістерге тірек кламмерлер

D) 2-клиникалық кезең, жоғарғы жақтың 16 және 25 тістерге, төменгі жақтың 36 және 46 тістерге тіреп-ұстайтын кламмерлер

Е) 2-клиникалық кезең, жоғарғы жақтың 17 және 28 тістерге, төменгі жақтың 37 және 44 тістерге ұстайтын кламмерлер

(Дұрыс жауабы) = В

{Күрделілігі} = 3

$$$006


56 жастағы науқастың төменгі жағына 48,47,46, 45, 44, 35,36,37,38 тістерінің болмауы салдарынан алынбалы пластиналы протез жасалған. Осы протезбен қандай емдік және алдын алу көмегі жүзеге асырылған?

А) тірек тістерді қызметтік жүктемеден босату

В) шайнау және сөйлеу қызметтерін қалыптастыру

С) шайнау жүктемесін тарату

D) сақталған тістерді шендеу

Е) тіс қатарының ары қарай бұзылуын алдын алу

(Дұрыс жауап) = В

{Күрделілігі} = 1

$$$007

Вазоконстрикторлармен жергілікті анестетиктердің комбинациясы



A) жергілікті анестезияның ұзақтылығының жоғарлауы ,

B) жергілікті анестезияның ұзақтылығының және белсенділігінің жоғарлауы,

C) жергілікті анестезияның ұзақтылығының жоғарлауы , белсенділігінің

D) күшеюуі және улылықтың төмендеуі

E) жергілікті анестезияның ұзақтылығының жоғарлауы

{Дұрыс жауап} = D

{Күрделілігі} = 2

$$$008


Жартылай алмалы-салмалы пластиналық протездер шайнау белсенділігін қалпына келтіреді

A) 20% дейін,

B) 50%,

C) 70%,


D) 90%,

E) 100%.


{Дұрыс жауап} = B

{Күрделілігі} = 1

$$$009

Тiректi ұстағыш қармауыштың орналастыруда негізгі сызық



A) тістің көлденең осі

B) анатомиялық экватора сызығы

C) вертикалды сызық

D) ажыратқыш (межелік) сызық,

E) қызылиек жиегінің сызығы.

{Дұрыс жауап} = D

{Күрделілігі} = 1

$$$010


Дәрігер науқастың төменгі жағына доғалы протез жасауды ұйғарды. Модельді параллелометрде зерттеп тексерген соң, тірек тіске Нея жүйесінің тіреп-ұстайтын кламмерінің 3-түрін жасауды ұсынды. Тіс қатарының ақауы қандай?

А) кіші азу тіспен шектелген екі жақты шеткі ақау, тірек тістер тіл жаққа қарай қисайған

В) кіші азу тіспен шектелген бір жақты шеткі ақау, тірек тіс вестибулярлы жаққа қарай қисайған

С) кіші азу тістері оңашаланған алдыңғы бөлімнің шектелген ақауы

D) үлкен азу тістері оңашаланған шектелген ақау

Е) екі жақты шеткі ақау, тірек тістер ақау жаққа қарай қисайған

(Дұрыс жауабы) = А

{Күрделілігі} = 2

$$$011

Терең тістем нәтижесінде төменгі тіс қатарының екі жақты шеткі ақауы. 18, 17, 27, 28 тістердің вертикальді жылжуының нәтижесінде жоғарғы тіс қатары деформацияға ұшыраған, олардың шайнау бұдырлары орталық окклюзия жағдайында төменгі альвеоларлы өсіндінің шырышты қабығына тиеді, түбірлері ¼ жалаңаштанған, 2 дәрежелі патологиялық қозғалыс бар. Осы берілген клиникалық жағдайда қандай ортопедиялық ем қолдануға болады?



A)ортопедиялық дайындық – уақытша алмалы пластиналы протездің көмегімен 18, 17, 27, 28 тістерді вертикальді ығыстыру. Осыдан кейін тұрақты тіс протезін дайындау

B) жартылай альвеолалық өсіндінің резекциясымен бірге 18, 17, 27, 28 тістерді жұлу. Операциялық жараның орны жазылып, протез орны қалыптасқаннан кейін беттің төменгі бөлігінің биіктігін қалпына келтіре отырып, жоғарғы және төменгі жақтарға алмалы-салмалы тіс протезін дайындау

C) алмалы-салмалы протез дайындау жолымен альвеолааралық қашықтықты ұлғайту (жоқ тістердің орнына төменгі тістерді жауып, пластмассалы негіз жасайды)

D) 18, 17, 27, 28 тістердің депульпациясынан кейін оларды жасанды сауыттармен қаптау

E) 18, 17, 27, 28 тістерді жұлу, осы тістер аймағын имплантатпен протездеу, төменгі жаққа алмалы-салмалы протез дайындау

{Дұрыс жауап} = B

{Күрделілігі} = 3

$$$012


Беттің төменгі бөлігі биіктігінің төмендеуі мен барлық премолярлар мен молярлардың болмауынан төменгі тіс қатарының екі жақты ақауы. Қалған жоғарғы және төменгі тіс қатарларындағы күрек тістер мен сүйір тістерде жоғары патологиялық қажалу бар (2 дәрежелі). Орталық окклюзия жағдайында жоғарғы жақтың премолярлары и молярларының шайнау бұдырлары төменгі альвеола өсіндісінің шырышты қабығына жанасады. Тістемі тік. Берілген жағдайда қандай ортопедиялық ем қолдануға болады?

A) екі сатылы ортопедиялық ем: бірінші сатысы – алдыңғы тістердің анатомиялық формасын қалпына келтіретін жасанды сауыттар; екіншісі – төменгі жаққа екі жақты шеткі ақауды толықтыратын алынбалы протез дайындау

B) екі сатылы ортопедиялық ем: бірінші сатысы – төменгі жаққа алмалы протездің көмегімен беттің төменгі бөлігінің биіктігін қалпына келтіру, миостатикалық рефлекстің қайта құрылуынан кейін; екінші сатысы – алдыңғы топ тістерді жасанды сауыттармен қалпына келтіру

C) екі сатылы ортопедиялық ем: бірінші сатысы – беттің төменгі бөлігінің биіктігін уақытша алмалы пластиналы протезбен төменгі алдыңғы тістерді каппамен жабу арқылы қалпына келтіру; екінші сатысы – жаңа альвеола аралық биіктікке бейімделгеннен кейін тұрақты тіс потезін дайындауD) жоғарғы және төменгі жақтың барлық күрек, сүйір тістерін бір мезетте жасанды сауыттармен қалпына келтіріп, төменгі жаққа алмалы протез дайындау

E) екі сатылы ортопедиялық ем: бірінші сатысы – алдыңғы топ тістерді жасанды сауыттармен қалпына келтіру; екінші сатысы – төменгі жаққа алмалы протездің көмегімен беттің төменгі бөлігінің биіктігін қалпына келтіру, миостатикалық рефлекстің қайта құрылуынан кейін

{Дұрыс жауап} = C

{Күрделілігі} = 3



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   463




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет