Вопросы на казахском языке



бет120/463
Дата27.01.2022
өлшемі1,66 Mb.
#115184
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   463
Байланысты:
Вопросы на казахском языке

Периодонтиты постоянных зубов с несформированными корнями

$$$001


Бала 12 жаста, суық тиіп жиі ауырады, нефрологта диспансерлік есепте. Шағымы: 3.6 тіс маңында жыланкөздің болуы. Бұрын тісін жиі емдеген. Ауыз қуысында: 3.6 тісте терең қуыс, сүңгілегенде дентин жұмсарған, тіс қуысы ашылған, перкуссия ауырсынусыз. Рентген суретте: 3.6 тіс түбірінің 2/3 қалыптасқан, түбір ұшында сүйек тінінің деструкциясы, шекарасы айқындалмаған. Қандай емдеу әдісі дұрыс?

A) 3.6 тісті жұлу

B) эндодонтиялық ем

C) апексогенез

D) апексификсация

E) гемисекция

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделігі}= 3

$$$002

Бала 10 жаста. Ауыз қуысында: 46 тісте терең кариес қуысы бар, сауықтық ұлпа өліеттенген, түбір өзектерін сүңгілегенде ауырсыну бар. R-суретте: түбірлердің ¾ бөлігі қалыптасқан. Түбірлер ұшында шекарасы айқындалмаған қараю ошақтары бар. Диагноз қойыңыз.



A) созылмалы фиброзды периодонтит

B) созылмалы гранулемалық периодонтит

C) созылмалы гранулиялық периодонтит

D) созылмалы гангреналық пульпит

E) созылмалы гипертрофиялық пульпит

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделігі}= 3

Пульпиты временных зубов
$$$001

Бала 4 жаста. Шағымы: 8.5 тіс өздігінен себепсіз қатты ауырады, ауырмайтын кезеңі қысқа мерзімді. Ыстық және суық тамақ ішкенде, тістерін түйістергенде ауырсыну күшее түседі. Баланы қарағанда: кариестің декомпенсация түрі, 8.5 тісте терең қуыс, тағам қалдықтарына толы, дентин жұмсарған. Жұмсарған дентинді экскаватормен алып, қуыс түбін сүңгілегенде ауырсыну. Перкуссияда күрт ауырады. 8.5 аймағындағы қызыл иек аздап қызарған, пальпацияда ауырады. Ұлпадағы жедел қабынудың бастапқы механизм болып не табылады?

A) пролиферация

B) альтерация

C) экссудация

D) секреция

E) некротизация

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделігі}= 3
$$$002

Бала 3 жаста. Жоспарлы тексерілу кезінде 85 тістің шайнау бетінде терең қуыс бар. Жұмсарған дентинді алғаннан кейін, сүңгілеу кезінде қуыс тіс қуысымен қатысатыны және ұлпанын ауырсынуы мен қанағыштығы анықталды. кп=5. Диагноз қойыңыз.

A) жедел серозды пульпит

B) созылмалы фиброзды пульпит

C) созылмалы гранулиялық периодонтит

D) созылмалы гангреналық пульпит

E) созылмалы гипертрофиялық пульпит

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделігі}= 3
$$$003

Анасы 3 жастағы баласымен келді. Баланың дене қызуы 2 күннен бері 39.8º С дейін көтерілген, жоғарғы алдыңғы тісте ауырсыну бар. Ауыз қуысында: 5.1–тісте қуыс, дентині жұмсарған пигменттелген, сүңгелеген кезде тіс қуысымен қатысады, қатты ауырсыну. Перкуссияда ауырады, тістің айналасындағы шырышты қабаты қызарған, ісінген. кп = 2. Диагноз болжаңыз.

А) жедел периодонтит

В) жедел іріңді пульпит

С) жедел сірлі периодонтит

D) созылмалы периодонтиттің асқынуы

E) периодонтитпен асқынған жедел іріңді пульпит

{Дұрыс жауап}= E

{Күрделігі}= 3

$$$004


Бала 1 жас 8 айлық. 2 күннен бері мазасыз, ұйықтамайды. Тіс сауыттары бортәріздес түсті. 51,61 тістердегі бұзылған тіндерді алғанда қанағыш ұлпа ашылды. Диагноз қойыңыз:

A) жедел ошақты пульпит

B) жедел диффузды пульпит

C) созылмалы фиброзды пульпиттің асқынуы

D) созылмалы гипертрофиялық пульпиттің асқынуы

E) созылмалы гангреналық пульпиттің асқынуы

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделігі}= 3


$$$005


Бала 4 жаста. Тексерген кезде: 75 – тістің шайнау бетінде қуыс, дентині жұмсарған, пигменттелген. Сүңгілегенде тіс қуысымен қатысады, ауырсыну және қанау бар. Перкуссия ауырмайды. кп-5. Емдеу әдісін таңдаңыз.

A) Девитальды экстирпация

B) Девитальды ампутация

C) Биологиялық әдіс

D) Витальды ампутация

E) Витальды экстирпация

{Дұрыс жауап}= В

{Күрделігі}= 3

$$$006

Анасы 4 жастағы баласымен келді. Шағымы: оң жағындағы жоғарғы тісте ауыру сезімі бар. Ауыз қуысында: 5.4–тісте қуыс, дентині жұмсарған пигменттелген, сүңгелеген кезде тіс қуысы ашылды, іріңді эксудат бөлінді, терең сүңгілегенде ауырсыну бар. кп = 2. Диагноз болжаңыз.



А) жедел периодонтит

В) жедел сірлі пульпит

С) жедел іріңді пульпит

D) созылмалы пульпиттің асқынуы

E) созылмалы периодонтиттің асқынуы

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделігі}= 3



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   463




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет