Препараттардың электрофорезі өкпе
тініндегі
қабыну
өзгерістерінің резорбция сатысында немесе жеке белгілерді жою үшін
қолданылады (плевра адгезиясы кезіндегі ауырсынуды жеңілдетеді, қақырықты
кетіруді жақсартады, бронхоспазмды азайтады).
Электрофорез тікелей токтың және препараттың ағзаға әсерін біріктіреді.
Ол үшін кальцийдің дәрілік иондары (кальций хлориді), калий, магний, йод
қолданылады. Электрофорез үшін дайын ерітінділер алынады немесе
препараттың бір мөлшері дистилденген суда немесе буферлік ерітіндіде
ерітіледі.
Дәрілік заты бар төсеу патологиялық үрдістің проекциясына немесе
жауырын аралық аймаққа, екінші төсеуді кеуденің алдыңғы немесе бүйір бетіне
қойылады. Төсеу мөлшері 100-200 см2; ток тығыздығы 0,03-0,05 мА/см2, әсер
ұзақтығы 15-30 минут. Ем-шараны күн ара немесе күн сайын 10-15 ем-шаралар
курсымен тағайындайды. Қарсы көрсеткіштер: аурудың жедел түрі, дерматит.