Принципі: Әдіс нәруыздағы және полипептидтегі пептидті топтардың сілтілік ортада Сu2+ ионымен күлгін түсті комплексті қосылыс түзуіне негізделген. Боялу интенсивтілігі тікелей нәруыздағы пептидті байланыстардың санына тәуелді.
Анықтау әдісі: 5 тамшы1% нәруыз ерітіндісі бар пробиркаға (немесе кез-келген зерттелетін сұйықтық) 2 тамшы биурет реактивін тамызып, жайлап шайқап, түстің пайда болуын бақылайды.
Пробиркалар
№1
№2
Реактивтер
1% жұмыртқа нәруызы
ерітіндісі
5 т
-
1% желатин ерітіндісі
-
5 т
Биурет реактиві
2 т
2 т
Жайлап шайқау
№2-жұмыс. Нингидрин реакциясы
Принципі: Әдіс нингидриннің пептидтердегі, нәруыздардағы α-аминқышқылдарымен әрекеттесіп күлгін немесе көк түсті комплекс түзіуіне негізделген.
Анықтау әдісі: 5 тамшы1% жұмыртқа нәруызы немесе 1% желатин бар пробиркаға 2 тамшы нингидрин тамызып қайнағанға дейін қыздырады, 1-3 минуттан кейін ерітіндінің бояла бастағаны байқалады.