I. «Бағалау» терминінің өзі «жақын отыру» дегенді білдіреді. Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
Ал, бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдейді (оқушылар бірін — бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда).
«Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер(1963) қолданған.
Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе — оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады.
Критериалдық бағалау – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
1.1 Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
• Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;
• Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
• Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
• Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
• Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
• Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;
• Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;
• Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
• Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге
1.2. Критериалды бағалаудың маңызы:
№
|
Мұғалімдерге
|
1
|
Сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
|
2
|
Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;
|
3
|
Оқыту сапасын арттыруға;
|
4
|
Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;
|
5
|
Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
|
6
|
Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге
|
№
|
Білім алушыларға
|
1
|
Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
|
2
|
Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
|
3
|
Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
|
4
|
Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге
|
№
|
Ата-аналарға
|
1
|
Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
|
2
|
Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
|
3
|
Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
|
4
|
Мектеп әкімшілігі,мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
|
5
|
Мектепте,сыныпта өз баласының жайлы жағдайына сенімді болуға мүмкіндік береді.
|
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;
Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді;
Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі;
Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;
Жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;
Оқушылардың білім сапасын арттырады;
Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;
Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар, IT-технологияларды қолдану дағдылары.
1.3. Кpитериалды бағалаудың басты ерекшелігі: алдын – ала ұсынылған бағалау шкаласы,анық, айқындылығы, бағаның әділдігі, өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Критериалды бағалаудың маңыздылығы: бағалау критерийлері нақты оқу мақсаттарын айқындайды, сондықтан білім алушыларға баға оқып зерделенген материал бойынша ғана қойылады, өздерінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата-аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін білім алушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі, білім алушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.
Критериалды бағалаудың мұғалім үшін маңыздылығы: сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге, өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға, білім беру сапасын арттыруға, оқудың сапасын жақсартуға, әр білім алушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескеруге, бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға, оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік беред
1.4. Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға(принциптерге)
Достарыңызбен бөлісу: |