«Әнің болып төгілемін » Қайырлы күн! Қадірменді ән сүйер қауым! Ән әлемінің падишасы, «Қазақ вальсінің королі»



Дата03.07.2018
өлшемі19,38 Kb.
#46226
«Әнің болып төгілемін...»

Қайырлы күн!

Қадірменді ән сүйер қауым! Ән әлемінің падишасы, «Қазақ вальсінің королі» атанған халық әртісі, ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық өнерін дәріптеуге арналған «Әнің болып төгілемін...» атты өнер сайысына қош келдіңіздер.

Алдымен ортаға бүгінгі сайыскерлерімізді қошеметпен шақырайық.

1-нөмерлі Лұкманова Сырға

2-нөмерлі Муханова Мөлдір

3-нөмерлі Онғаралиева Айгерім

4-нөмерлі Шингалиева Зейнеп

5-нөмерлі Сапаров Бекзат

6-нөмерлі Тыныштық Назгүл

7-нөмерлі Балмағамбетова Әмина

8-нөмерлі Көбейсін Мақсатым

9-нөмерлі Оңғаралиева Ботагөз

10-нөмерлі Бисалиева Гүлсара


Шәмші Қалдаяқов – аса көрнекті сазгер, ән жырының майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстарадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі.

Шәмші Қалдаяқов – Шымкент облысы, Отырар ауданында 1930 жылы 15 тамызда дүниеге келген. Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын жиі айтылып, ән сүйер қауым арасына барынша кең тараған. Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған Ш.Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы, сазгердің серісі.

Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық өнері сонау ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан бері қазақ халқының ой-өрісіне, эстетикалық талғамына ықпал еткен.

Біз ес білгелі бері еліміздің кең байтақ даласымен аспанында қалықтаған, махаббат пен сағыныш сезіміне толық қайталанбас Шәмші әуендері енді ХХІ ғасыр әлемінде де әуелей беретіні ақиқат.

Шәмші Қалдаяқовтың әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландаруында, яғни халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр. Өмірге Шәмші Қалдаяқов әкелген ойлы да ойнақы, тау бұлағындай тап-таза әуендер адамдар жүрегіне қуаныш, өмірге іңкәрлік сыйлаумен келеді. Қазақта мұндай үлкен де маңызды ән-мұра қалдырған автор болмаған.

1992 жылы 29 ақпанда жасы 62-ге қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан, көрнекті халық әртісі Шәмші Қалдаяқов көз жұмды.

Шәмші Қалдаяқов артында мол музыкалық мұра қалдырды.

Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық өнерін дәріптеуге біздің мектеп оқушылары да өз үлестерін қоспақ. Ендеше бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық өнерін дәріптеуге арналған өнер сайысы үш салада өтпек:

1. Ән сайысы.

2. Шәмші туралы естеліктер.

3. Өнер туралы мақал-мәтел сайысы.

Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі сайыскерлерімізге әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1. Айшуаков Ерлан Мәлікұлы – мектеп директоры, әділқазылар алқасының төрағасы.

2. Дюсенова Ания Ғазизқызы – ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрайымы, әділқазылар алқасының мүшесі.

3. Имашева Алмагүл Еділқызы – мәдениет үйінің меңгерушісі, әділқазылар алқасының мүшесі.

Әділқазылар алқасымен таныс болсаңыздар сайысымыздың бірінші кезеңіне кезек берелік.
Ортада 1-нөмерлі сайыскеріміз Лұкманова Сырға.Сырғаның орындауында Шәмші Қалдаяқовтың әні «Кешікпей келем деп ең».Қарсы алыңыздар!
Шәмшінің ең танымал әндерінің бірі «Қайықта» әні. Орындайтын Муханова Мөлдір. Қошеметтеріңіз!
3-нөмерлі аруымыз Оңғаралиева Айгерімнің орындауында Шәмші әндерінен «Папури». Қабыл алыңыздар.
4-нөмерлі сайыскеріміз Шингалиева Зейнеп «Сыр сылуы» әнімен.
- Ғабит Мүсірепов бір күні Шәмшіге: «Сен соңғы кезде махаббат әндеріне үйір болып кеттің. Ол туралы сен жазбағанда кім жазады? Әйтсе де, музыканы тек махаббат екен деп теріс түсінбе. Ғашықтық жырларының өзі азаматтық үннің бояуынан шет емес. Елін сүюге, жерін қадірлеп, Отанын ардақтауға қабілетті адамның ғана махаббаты – шынайы таза, адал, ақ махаббат», деген екен.

Ендеше ортаға Сапаров Бекзатты «Әнім сен едің» әнімен шақырамыз.


«Ақ бантик» әні сыйға тартылған ән. Оны Шәмші Қалдаяқов ең алғаш өзі орындап бір тойда жолдасына сыйға тартыпты. «Ақ бантикті» тыңдасақ, қыздардың ұлдардан гөрі тезірек ержететіні есімізге түседі.
Бүгінгі байқауымыздың кішкентай аруы Тыныштық Назгүлдің Орындауында Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған «Ақ бантик» әні.

Шәмші Алматыда үйсіз, күйсіз, жұмыссыз қиналып жүрген кезінде ауылдан анасы Сақыпжамалдың қайтыс болғаны туралы хабар алады. Бұл 1958 жылы еді. Сонда Шәмші үйіне жететін ақша таба алмай қатты қиналыпты. «Ана туралы жыр» әні сол кезде туған әні еді. Оны Шәмші ағамыз парктің ішінде қайғырып отырып шығарған екен. Бірақ, бұл ән тек Шәмшінің ғана анасына емес, барша қазақтың ақ жаулықты аналарына арналып шығарылған десек артық айтқандық емес. Себебі бұл әнді айтып тұрып әркім өз анасынеске алары сөзсіз.


Сахнаға Балмағамбетова Әмина «Ана туралы жыр» әнімен шақырамыз. Әннің сөзін жазған Ғафу Қайырбеков.
Қарсы алыңыздар! Алдарыңызда Көбейсін Мақсатым. Мақсатымның орындауында ән «Ақ бантик».
Сахнада Оңғаралиева Ботагөз. Ботагөздің орындауында Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған «Өмір – өзен» әні.
Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше, 300-ге жуық әні бар. Ш.Қалдаяқов кеудесін қағып, мен атақты композитормын деп бір сәтте мақтанған жан емес. Қашанда өзінің қарапайымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алды. Өзінің шығарған өлеңінің бірі «Тамды аруы». Шәмші ағаның қалың жұртқа махаббатты жырлаған композитор ретінде белгілі. Тамды аруы махаббат бостандығын аңсап жазылған ән. Яғни, жас жігіттің басынан өткен қайғылы оқиғаға себеп болғаны. Бұл махаббат бостандығын аңсаған әнді Шәмші ағамыз шеберлігімен дүниеге әкелді.

Бисалиева Гүлсараның орындауында Шәмші Қалдаяқовтың әні «Тамды аруы». Қарсы алыңыздар!


Естелік: «Шәмші қалай Шәмші атанды»

1930 жылы Сарыкөлдің жағасында бір бала дүниеге келді. Басқа баладай шыңғырып жыламай, бір түрлі әуезді ырғаққа ұқсайтын үн шығарған ұлына қарап:

Мен сені қиссадағы Жамшид патшаның атымен атағалы отыр едім, бірақ мына дауысың әншінікіне ұқсайды, - депті Қалдаяқ.

- Оу, Қалдаяқ, балаң адамдардың патшасы емес, әннің патшасы болса да тақияңа тар келмес, - депті оған бір құрдасы.

Бүгінгі сайысымыздың екінші кезеңі Шәмші туралы естеліктер айту. Әр сайыскер Шәмші Қалдаяқов туралы бір естеліктен айтуы шарт.
1-нөмерлі Лұкманова Сырға

2-нөмерлі Муханова Мөлдір

3-нөмерлі Онғаралиева Айгерім

4-нөмерлі Шингалиева Зейнеп

5-нөмерлі Сапаров Бекзат

6-нөмерлі Тыныштық Назгүл

7-нөмерлі Балмағамбетова Әмина

8-нөмерлі Көбейсін Мақсатым

9-нөмерлі Оңғаралиева Ботагөз

10-нөмерлі Бисалиева Гүлсара


Сайысымыздың үшінші кезеңіне де келіп жеттік. Бұл кезеңде өнер туралы мақал-мәтелдер айтасыздар.
Әділқазылар алқасы қорытынды шығарғанға дейін кезекті әнге берелік.

Ән: «Домбыра туралы баллада». Орындайтын Онғаралиева Ботагөз
Ән: «Сағынышым менің». Орындайтын Бисалиева Гүлсара
Бүгінгі сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

Марапаттау.
Бүгінгі сайыскерлеріміздің орындауында Шәмші ағамызға арналған Ибрагим Исаевтың сөзіне жазылған, Қалдыбек Құрманәлінің әні «Ән аға». Қабыл алыңыздар!
Дарыны, иісі қазаққа ортақ Шәмшідей аяулы жанның ән ғұмыры әлі талай ұрпақтың ой білімімен, парасатымен жаңаша жаңғырып жалғасын таба берері сөзсіз.

Сайыскерлер бірге: Қазақ бар жерде Шәмші бар,

Жасайды бізбен мәңгілік.



Сайыскерлерге шексіз алғысымызды білдіре отырып, біз бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше аман-сау болайық!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет