ӘӨЖ 004. 415. 538 Қашықтан оқытудың АҚпараттық Қамсыздандырылуы



бет1/2
Дата15.09.2017
өлшемі222,69 Kb.
#33790
  1   2

ӘӨЖ 004.415.538



ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРЫЛУЫ



А.САҒЫНДЫҚОВА, А.У.ЛЕСБАЕВ, М.СЫРМАНОВА



Мақалада мүмкіндігі шектеулі балалардың білім деңгейін бақылау құралы ретінде easyQuizzy тестілеу жүйесінің ерекшеліктері баяндалған.

Елбасының дәстүрлі Жолдауында маңызды мәселелердің бірі ретінде - қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің, соның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірін лайықты қамтамасыз ету, оларға сапалы білім беруді қалыптастыру екені айқын көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілген. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен және басқа да қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп, қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру жолға қойылатындығы атап көрсетілген.

Қашықтан оқыту технологиясы – оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін  оқып үйренушілерге жеткізуді  қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады.

Қашықтан білім беру технологиясы бойынша оқитын бала білімінің деңгейін тексерудің ең қарапайым және жетілдірілген түрі – тестілеу екені белгілі. Ақпараттық әлемде тестілеудің көптеген жүйелері кездеседі. Оларды зерттей келе, NetCrater Sofware компаниясының easyQuizzy атты тестілеу жүйесін таңдалды.

Жүйенің мүмкіндіктері. Әрине, біздің таңдауымыздың бекер еместігі түсінікті: жүйенің функционалдық мүмкіндіктері интерфейсті әлемнің көптеген тілдерінде қолдануға, тестілеудің 5 түрлі формасын пайдаланып тестік материалдар дайындауға, тестілеуге, тест нәтижелерінің есебін ыңғайлы түрде дайындауға, сақтауға, баспаға шығаруға мүмкіндік береді.

Тестілеудің қарапайым ұйымдастырылуы. Құрылатын тесттер – ешқандай қосымша баптауды қажет етпейтін және кез-келген компьютерде Microsoft Windows операциялық жүйесінің басқаруымен орындалатын тәуелсіз файлдар болып табылады. Файлдарды оқушы компьютеріне көшіру жеткілікті – тест орындауға дайын.

Тестілеу бойынша толық есеп. Тест аяқталған соң тест авторының қалауы бойынша оқушыға немесе сұраған органдарға бағасы бар қорытынды статистикамен бірге сұрақтар оқушы жауабымен және дұрыс жауабымен көрсетілуі мүмкін. Есепті осы жүйенің өзінде файлға сақтауға немесе баспаға шығаруға болады.

Тест сұрақтарының бес түрін қолдану. Дайындалған жауаптар тізімінен жеке таңдау; тізімнен көптік таңдау; екі нұсқадан альтернативті таңдау; дұрыс реттілікті орнату; сәйкестілікті орнату және жауапты клавиатурадан еркін ендіру. Бір тестте түрлі типті сұрақтарды орналастыруға болады.

Тест сұрақтары мен жауаптарын жасаудың ыңғайлылығы. Тест редакторы сұрақ пен жауап мәтініне кез-келген суретті, арнайы символдарды және математикалық формулаларды қоюға мүмкіндік береді.

Тестілеу параметрлері жеңіл бапталады. Тест авторы сұрақтарды қандай тәртіппен беру керектігін бақылай алады, сұрақ-жауаптарды қалауы бойынша араластыра алады, тестілеуге бөлінетін уақытты белгілей алады. Бағалау жүйесінің түрлерін таңдауы мүмкін.

Дайындалған тесттердің конвертациялануы. Тестілерді өзге программалық қосымшаларда ешбір кедергісіз оқылатын әмбебап XML форматына экспорттау/импорттау мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар Test-W және Test-W2 тегін тестілеу жүйелеріндегі тесттерді импорттау мүмкіндігі бар. 1-суретте easyQuizzy жүйесінің Тест туралы ақпаратты ендіру терезесі көрсетілген. Мұнда тест атауы, сипаттамасы және авторы туралы мәліметтер ендіріледі.



Сурет 1 - Тест туралы мәліметтер ендіру терезесі



Мәліметтер ендіріліп болған соң Сұрақтар мен жауаптар терезесіне өтіп, тест материалдары ендіріледі (2-сурет). Жоғарыда айтып өтілгендей, тест автордың қалауы бойынша 5 түрлі формада құрылуы мүмкін. Суреттерден көрініп тұрғанындай, жүйе интерфейсті қазақ тілінде пайдалануға мүмкіндік береді. Ол үшін Көрініс – Интерфейс тілі мәзірінен қажетті тілді таңдау жеткілікті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет