ӘӨЖ 37. 013: 005. 591(574) педагогикалық мамандар дайындаудадың инновациялық ерекшеліктері



Дата18.03.2017
өлшемі62,02 Kb.
#11815
ӘӨЖ 37.013:005.591(574)

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДАР ДАЙЫНДАУДАДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Нурсеитова Л.О. ОҚМПИ, Шымкент қаласы.

Қазіргі қоғам талабына сай баланың ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастырудың бірден-бір жолы -12 жылдық білім беру жүйесіне көшу екендігін әлемдегі өркениетті елдер мойындан отыр. Сондықтан да тәуелсіз Қазақстанда да

12-жылдық білім беру жүйесіне көшу үшін талпыныстар жасалып жатыр.

Білім беру жүйесіндегі реформаның мақсаты - қазіргі қоғамдағы түбегейлі өзгсрістерге сәйкес, XXI ғасыр мектебін жаңарта отырып, алған білімі мен біліктерін өмірде шыгармашылық тұрғыда қолдана алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Ол бүгінгі заман талаптарынан туындап, болашақ мамандардың даярлығын жетілдіруді көздейді. Олай болса педагогтардың алдында тұрған бірден-бір мақсат - оқушылардың алған білімдерін, түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, өзіндік көзқарасы бар, азамат болып жетілуіне көмектесу.

Қазіргі мектепке шыгармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бүгінгі жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқуға қалай үйрету керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінін менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай, білім нәрін беруге бағытталып отыр. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін кұруға кабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.

Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық
білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңының (Астана, 2000 жыл) 18-бабының 8-

тармағында; «Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білім берудің жаңа мазмұнын енгізу үшін білім беру ұйымдарында эксперимент тәртібімен іске асырылатын білім беру бағдарламалары әзірлену мүмкіндігі», - атап көрсетілген.

Міне, осы тұрғыда оқытудың жаңа технологиясын меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік, адамгершілік - рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытады, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Ғалым М.Чошанов «Оқытудың технологиялары - дидактикалық жүйенің құрамдас, процессуалдық бөлігі»- деп көрсеткен болатын.

Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру жүйесін дамыту стратегиясының мақсаттары мен міндеттері 2020 жылға дейін білімді дамыту стратегиясының негізгі қағидаларына байланысты іске асырыруында. Оның мақсаты дүние жүзілік тарихтың, түркі халықтарының, көшпелі өркениеттің, Орталық Азия елдерінің тарихы тұлғасында ғылымның, мәдениет пен ағарту жүйесінің дүние танымдық синтезі негізінде жас ұрпаққа жоғары сапалы білім мен тәрбие бере алатын орта білімнің жаңа, шын мәніндегі тұңғыш ұлттық моделін қалыптастыру болып табылады.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев кезекті Қазақстан халқына Жолдауында республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, қазіргі даму басымдықтарын атап көрсетті. Қол жеткен нәтижелер - Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жолдауда: «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу»- деп атап көрсетілген.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі мұғалімнің кәсіби дайындығына әтікелей қатысты. Сол себепті педагогикалық іс-әрекетте оқыту технологияларын кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді.

Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір талаптары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшьшығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.

Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі - әрі қиын, әрі күрделі мәселелердін бірі. Мұғалім оқыту мен тәрбие салаларындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс-тәсілдерді таңдап алып, олардың оқушыларға ықпалын сабақ тәрбиелік іс-шаралар арқылы бақылайды. Мұғалім зертгеу арқылы түскен материалдарды талдап, қорытындысын үнемі дәптерге жазып, оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамту жолдарын іздестіріп, өз жұмысындағы жетістіктері мен мүмкіншіліктерді көріп, оларды жоюдың тиімді жолдарын табу үшін педагогикалық әдебиеттермен танысады. Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысып сабақтарына қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысындағы құжаттарға, атап айтсақ. сабақ жоспары, күнтізбелік-такырыптық жоспар, оқушылардың жазба жұмыстары, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмыстарының жоспары, оқушылардың баяндамаларын жинақтайды.

Педагогикалық жаңалықтарды жасау, игеру қолдауды біріктіретін инновациялық процесстер білім беруді және мектептегі оқу процесін жаңарта алатыны сөзсіз. Сондықтан да, инновациялық процестерді игеру, жасау қолдану мәселелерін талдау және жүзеге асыру білім беру жүйесінің әр түрлі баспалдақтарында кеңінен қолдануда. Мұғалімдер мен практикалық қызметкерлердің педагогикалық жаңа білімге деген қажеттіліктін күшеюінен келесі тендендия туындайды. Педагогикалық жаңалықтарға объективті баға бере алатындай, инновацияларды игере алатындай педагогикалық қауымның кұрамын және құрылысын жаңарту жүзеге асып жатыр. Келесі тенденция - жаңалықтарды практикаға енгізу кезеңімен байланысты. Жаңаны қолданудың жалпылама сипаты өседі. Бұны педагог - новаторлардың іс-тәжірибелерін таратудан көруге болады.

Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар білімді ұйымдастырудың мейлінше жетілдірілген формаларын жасау және оларды оқытуда қолдану үшін жағдай туғызады. Дегенмен казіргі кездегі оқыту әдістемелерінде, маман даярлауда жаңа оқыту технологияларының мүмкіңдіктері толық жеткілікті түрде қолданылмауда, бұл өз кезегінде олардың дамуының қол жеткен деңгейімен, осы кезде қалыптасқан оқыту әдістемелері мен технологияларының арасында қарама-қайшылықтың пайда болуына алып келеді. Бұл қайшылықты шешу үшін педагогика ғылымы мен окыту теориясынан терең ойластырған, дербес білім беру міндеттерін шешуге бағытталған жаңа инновациялық білім беру технологияларын кұру қажет. Оқытудың инновациялық әдістері танымдық жұмыстарды ұйымдастырудың арнайы түрлерін қолдануды талап етеді және нақты және болжамды мақсаттарды қояды, мысалы, оқуда қолайлы жағдайлар жасау және оқушылардың оқыту әрекеттеріне қатысуын қамтамасыз ету, ол оқу үрдісін өнімді етеді.

Қоғам дамуының қазіргі кезеңі адам қызметінің басым бөлігін ақпараттандырумен, компьютерлендірумен ерекшеленеді. Соған байланысты мұғалімдердің қызмет аясы кеңейіп, ақпараттық-компютерлік іс-әрекетінің практикалық сұранысы артуда. Қоғамдық прогрестегі жетістіктер болашақ ұрпақтың білімі мен тәрбиесіндегі жетістіктерге, ал ол өз кезегінде жаңа формация мұғалімінің білік деңгейіне байланысты. Сондықтан да мұғалімдердің инновациялық біліктілігі проблемасы аса назар аударуды талап етеді.

Резюме

В этой статье рассмотршается вопрос о инновационных особенностях подготовки педагогичесих кадров.



Sиттаrу

1п tһіs аrticle, һаvе соnsidered tһе іssие оf іппоvative featupes pedagogical tpaining оf реrsoппеl.

Әдебиеттер



  1. Кукушкин В.С. Совремеменные педагогические технологии. Началъная школа. Пособие для учителя. - Ростов н/Д: изд-во "Феникс", 2004- 384 с.

  2. Нагымжанова Қ.М. Инновадиялы-креативті технологиялар. - Өскемен, 2005.

3. Мұқаметқали М. Мұғалімдерді кәсіби педагогикалық инновациялық іс-әрекетке
даярлау жолдары - Өскемен, 2004.

  1. Б. Тұрғанбаева «Шығармашылық кабілеттер және дамыта оқыту».Алматы, 1999

  2. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. -М. 1988.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет