ӘОЖ 371.32:793.31
«ХАЛЫҚ-САХНАЛЫҚ БИ» ПӘНІНІҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
Г.Е.Мурзабаева, академиялық доцент
Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті
Қызылорда, Қазақстан
Халықтық-сахналық би, оқу пәні ретінде көркемдік-эстетикалық білімнің негізгі бөлігі болып саналып, оқушылардың дамуы мен қалыптасуына септігін тигізеді. Оқу процесінде оқушылар өздерінің буын аппараттаарын, бұлшық еттерінің күшін, қимылдың нәзіктілігі мен координациясын дамытып, кез-келген бидің суреттемесін еркін қабылдауды үйренеді. Халықтық-сахналық би сабағы тәлім-тәрбиге де әсерін тигізеді, яғни оқушылардың бойындағы еңбекқорлық, мақсаттылық қасиеттерін дамытып, шығармашылық тәртіпке, ұжымшылдыққа, ансамбльмен бірге жұмыс жасауға баулиды.
Оқытушы бағдарлама материалымен жұмыс барысында, келесі негізгі принциптерге сүйенуі тиіс:
оқу процесінің мақсат айқындылығы;
сабақтардың жүйелілігі;
оқушылардың икемділігінің бірқалыпты дамуы;
бидің техникасы мен лексикасын үйретуні қатаң қадағалау.
Заманауи хореографиялық өнердің дамуы мен қалыптасуына байланысты, оқу бағдарламасы қайта қарастырылып, жаңа қимылдармен толықтырылып отырады.
Характерлі бидің ары қарай дамуы теориялық және методикалық тұрғыда сауатты үйретіліп, оны практикалық жүйемен байаныстыра тәрбиеленген бишіге байланысты. Хореографиялық өнердің бұл саласына немқұрайлы қарау, ертеде оның дамуын тежеп, социалды дайындық мүлдем тоқырап қалды. Тек 1890 жылы ғана А.Ширяев өзінің инициативімен ең алғаш рет характерлі экзерсис шығаруға талаптанды. Кейіннен бұл сабақтар ең алғаш рет Петербор балет мектебінің жоғарғы сыныбында өтіле бастады. Ленинград балет мектебінің атақты әртісі Е.Бибер - «Алайда, характерлік сабаққа, тек қосалқы пән ретінде ғана көңіл аударды», - деп еске алатын. 1905 жылы Мәскеу қаласының балет труппасының әртістері өздерінің бағдарламасына характерлі би сабағын енгізуге шағым білдіреді, бірақ ол жауапсыз қалды. Характерлі биді орындаушыларды кәсіби оқытуды ұйымдастыру, тек Ұлы Октябрь революцисынан кейін ғана мүмкін болды. 20- жылдары бұл пәнді хореографиялық училищелердің бағдарамасына енгізе бастады. Осы кезеңдерден бастап театр әртістеріне де характерлі биден тренаж сабақтары өтілді.
Характерлі бидің педагогикалық дамуының жаңа сатысы А.Лопуховтың оқытушылық жұмысынан бастау алды. 1939 жылы ол А.Ширяевпен және А.Бочаровпен бірге «Основы характерного танца» атты кітап жазып шығарды. Бұл кітап аталған пәнге алғашқы әдістемелік нұсқау болды. Авторлар кітапқа тәжірибеде пысықталып, құрылған, қимыл мен жаттығу түрлерімен ерекшеленетін характерлі бидің жүйесін енгізді.
Бұл кітаптан бөлек 1954 жылы бүкіл Совет Одағы республикаларының халық билерінің элементтері терең зерттеліп жазылған Т.Ткаченконың құнды еңбегі жарық көрді. Елдің барлық училищелерінде характерлі тренаж сабақтары оқу курстарына енгізілді. Халық биінің педагогикалық дамуының алғашқы кезеңінде характерлі бидің оңай болуына байланысты, оны ешқандай заңдылықсыз, қимыдардың нақтылығынсыз, көркемдік бұйымсыз орындауға болады деген жаңсақ пікір қалыптасты. Мұндай тәжірибе әртіс кадрларын даярлау жүйесіне үлкен залалын тигізіп, жас орындаушылардың шығармашылық мүмкіндігіне қате түсінік беретіні күмәнсіз. Тіпті кейде, мектепердің өзінде характерлі биге иекемді оқушыны таңдамай, балет өнеріне мүлдем сәйкес келмейтін тәрбиеленушіні таңдайтын кезедер де болады. Сахналық характерлі бидің даму дәрежесі техникасы мықты, өз денесін игере алатын, актерлық шеберлігі дамыған, әртүрлі халық билерінің ұлттық ерекшелігін пласиткалық формада нақты жеткізе алатын, жоғары санатты орындаушыларды даярлауды қажет етеді. Әртістің бойындағы аталған қасиеттерді тәрбиелеуде шешуші рөлді әдістемесі сауатты талданып, жүйесі кең ойластырылған тренаж атқарады. Қазіргі уақытта сахналық харатерлік би орындаушыдан бүкіл дене бөлігінің мәнерлігін, яғни дененің икемділігі мен қозғалғышытығын, қол суреттемесінің әдемілігі мен нақтылығын, бас қалпының еркіндігі мен табиғилығын, аяқ қимылының нәзіктілігі мен созылғыштығын талап етеді. Сондықтан, экзерсистерде аяқты жаттықтыратын қимылдардан бөлек, бишінің бүкіл денесінің дамуына көмегін тигізетін жаттығуларға да көңіл бөлінуі тиіс. Станок жанындағы барлық қимылдарға, артқа және алға шалқаюдан басқа, бұрылыстар мен иілулерден құралып, тұлға белсенді қатысатын қимылдар да қосылуы керек.
Жаттықтыру жүйесінде қолға, басқа, иыққа, арқаға арналған жаттығуларға үлкен мән беріліп, экзерсис барысында оларға айтарлықтай көңіл бөлген дұрыс. Оқушыны биге жастайынан баулыған абзал. Сондықтан хореографиялық ұжымдардың арасынан балалар ұжымдары да маңызды роль атқарады.
Алайда, алдыңғы кезекте балалардың кейбір жас ерекешеліктеріне тоқталу қажет. Мұнсыз балалар хореографиялық ұжымындағы оқытудың бағытын, мазмұнын, әдісін және тәрбиелеу мақсатын айқындау қиын. Төменгі сынып оқушыларының бұлшық еттерінің дамуы әлсіз болғандықтан, олар физикалық жүктемеден тез шаршайтынын ескеру керек. арқа бұлшық етінің әлсіздігінен олар тұлғасын ұзақ уақыт тартып, созып ұстай алмайды. Педагог бұлшық еттердің шыңдалуы мен дамуына, тұлғаның дұрыс қалыптасуына және негізгі қимылдардың табиғи шарықтауына көңіл аударуы қажет. Дем шығару бұлшық еттерінің әлсіздігі мен жүрек-қан тамыр жүйесінің жеткіліксіз дамуын ескере отырып, педагог физикалық жүктемені бірқалыпты көбейтіп, жәй ырғақты жылдам ырғақпен алмастырып отырғаны дұрыс. Төменгі сынып оқушыларының көру, есту, вестибулярлы сезу сияқты анализаторы аппараттары жеткіліксіз дамыған. Балалар музыканы ұзақ уақыт тыңдай алмайды, кеістік пен уақытты нашар игереді. Сезім мүшелері мен жасай білу қабілетін дамыту, қабылдай білу қабілетін жетілдіру оқытудың алдыңғы кезектегі мақсаты болып табылады.
Сонымен қатар, төменгі сынып оқушыларында мақсаттылық, табандылық, бірбеткейлік қабілеттердің де нашар дамығандығын ескеру қажет. Сондықтан бұл жастағы балалардың би сабақтарын қарапайым материалдардан немесе ойын, я болмаса жарыс элементтерін пайдалана отырып құрастырған жөн. Төменгі сыныптардан ғана тұрмайтын хореографиялық ұжымдар мен мектептерде маңызды көркемдік әрі тәрбиелік дәрістерді осылай шешеді. Олар оқушылардың бойындағы көркемдік қабілетті дамытып, биге деген махаббатын оятады, сауатты әрі әдемі билеуді үйретіп, хореографиялық өнердің тіліне баулиды. Ал, бидің шынайы әдемілігіне ғашық адам, үнемі тұрпайылық пен көркемсіздіктен қорғана алады.
Жоғарыда айтылғандай педагогқа жаңадан бастаушылармен жұмыс жасау қиынға соғады. Олар тез шаршап, орындау барысында көптеген қателіктер жіберіп, өткенді тез ұмытып қалады. Оқыту мен тәрбиеде жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, педагог сабақты қызықты өткізіп, оқушылардың назарын толық аудартуға түрлі айла-тәсілдер қолдануы тиіс. Халық биін оқытудың мыаңызды тәсілдеріне тоқталайық. Дәрістер мазмұны жағынан да, қолданылатын әдістері жағына да (ырғақты жаттығулар, тапсырмалар, машықтануға үйретулі, билерді қайталау мен үйрену жағынан) әртүрлі боллуы қажет. Бұл жәй ғана әңгіме түрінде, музыка тыңдап, оны жекеше талдау, педагогтың көрсеткені мен түсіндігенін оқушылардың бақылауы немесе этюд қимылдарын қайталау және үйрену түрінде де болуы мүмкін. Қайталау барысында біркелкіліктен, зеріктіретін қимылдарды қосудан аулақ болып, әрбір сабаққа таныс қимылмен қатар жаңалық енгізіп, жаңа тапсырмалар беріп тұрған дұрыс. Оқушыға берілетін кез-келген тапсырма оның дайындық дәрежесіне сай болуы тиіс. Оқушы білім мен дағдыны саналы түрде үйренуге талпынуы қажет. Бұл сабаққа деген қызығушылықты оятып, есте сақтау қабілетін жақсартады. Сабақты бірсарында өткізген жөн. Бір қимылды не этюдты бірнеше рет қайталатудың, ұзақ түсіндірудің, барлығын бірден үйретуге тырысудың қажеті жоқ.
Сабақ барысында үйретілген материалды бекітіп, өтілген қимылдар мен фигураларды қайталап, соғына дейін пысықтау керек. халық биінің методикасының тағы бір негізгі талаптарыныңң бірі музыкалық тәрбиенің мақсаттылығы. Бишілердің қимылдары музыка екпінімен сәй келіп, ырғақтың өзгеруімен сәйкес өзгеріп, музыканың жалпы мінезіне бағынуы қажет. Белгілі бір ырғақты, өлшемді, ырғақты суреттемені бере отырып, музыка қимылдың мінез ерекшелігін айқындап, оны орындауға көмек береді және бір мезгілде музыка мен қимыл мінезін түсіне білуді үйретеді. Сабақ барысындағы барлық комбинациялар музыкаллық сөйлеммен бірге басталып, бірдей аяқталуы тиіс.
Музыкалық-ырғақты сезу мүшесі барлығына бірдей тән сезім, алайда оның даму деңгейі адамның жеке есту қабілетінің ерекшелігіне байланысты. Муызаклық-ырғақты есту мүшесі ырғақты жаттығулардың көмегімен дамитыны дәлелденген. Сабақта көру және қозғалту сезімталдығын дамытатын және реакцияны тез қабылдап үйренуге дағдыландыратын арнайы жаттығулар енгізген жөн. Бұл жаттығулар үйретілгенді жаттап алуға, кеңістіте қозғалуға, би барысында ара қашықтықты сақтай білуге, бір сызық бойында, шеңберде, диогональ сызығында жалпы би суреттемесін түзу сақтап қозғалуға септігін тигізіп машықтандырады.
А.С.Ваганованың: «Билеу қабілетін дамытқан кезде аяқ және қол қимылдарымен тең дәрежеде жұмыс жасау керек. Егер тек аяқ қимылына ғана көңіл бөлінсе, қол, дене, бас қимылдары ұмытылып, қимылдың толық үйлесімділігі шықпайды»,- деген сөзі бар. Қол мен дене қимылдарын үйреткенде, жұптық бидегі қалыптар мен тұрыстармен бір уақытта қатар жұмыс жасау керек. Жұптық билердегі қол қалыптары мен қалыптар алдымен бір орында жасап үйретеді, содан кейін ғана жәй би қадамдарымен байлланысады. Ал қимылдар мен қалыптар жеңіл әрі шынайы жасалып үйренгеннен кейін қиын қадамдармен үйлестіріп қолдануға болады.
Үйрету процесі көбіне музыкамен немесе педагогтың санағымен сүйемелденеді. Алдымен педагог оқушыларға санақпен көрсетеді, артынан оқушылар санақпен қайталайды. Ал педагогтың музыкамен көрсеткен қимылын, педагогтың бұйрығымен музкамен қайталап жасайды.
Кез-келген балдық, классикалық, әсіресе халық би эмоционалды бояуға өте бай. Бидің образымен қарапайым жұмыс музыканы тыңдаудан басталады. Бұл образдың мінезі мен бидің стилін анық елестетуге көмек береді. Педагогтың үйретіп жатқан халықтың биі, салты, дәстүрі, ұстанымы, сол биді пайда болған кезеңдері, сол кезеңдегі этикет ережесі, костюмдерінің ерекшелігі жайлы әңгімесі оқушыларрдың ой-өрісін кеңейте дамытып, музыкадан туындаған образды терең ашуға септігін тигізеді. Осылайша, жоғарғы сынып оқушыларының бірінші оқу жылындағы ауыр сабақтарын, терең кеңетейтілген бағдарламамен өткізуге болады.
Халықтық-сахналық би сабағы төмендегі кезекпен құрылады:
Станок жанындағы жаттығулар
Аяқ позициялары:
а) бес ашық; б) бес тік; в) бес еркін; г) екі жабық
Қолдың позициялары мен қалыптары:
а) дайындық қалыптары; б) қолдың І, ІІ, ІІІ позициялары; в) бірінші және екінші қалып
Дайындық: аяқты позицяидан позицияға ауыстыру:
а) аяқбасымен еденде сырғу арқылы; б) 35° лақтыру арқылы; в) жартылай табанмен айналу
І, ІІ, Ү позицияларда жартылай және толық отыру (ІҮ позицияда І жартыжылдықтың 2 семестрінен)
а) бірқалыпты; б) шұғыл (ІІ жартыжылдық)
Табанның еденде сырғуы:
а) ұшы арқылы; б) ұшынан өкшеге қою арқылы; в) ұшынан өкшеге қою арқылы, жартылай отырумен; г) алдыңғыдай, Ү позициядан, тірек аяқтың өкшесін ұру арқылы
Кіші аяқ лақтырулар (30°).
а) Ү позициядан табанды ұрып сырғу арқылы; б) Ү позицяида аяқтың табанын еденге 2 рет ұру арқылы; в) аяқтың ұшымен немесе өкшесін қысқа ұру арқылы; г) екі рет ұру арқылы (ІІ жартыжылдық)
«Жыланша» («Змейка»)
а) табанның бір рет бұрылуымен; б) екі рет бұрылуымен (ІІ жартыжылдық); в) ұру арқылы (ІІ жартыжылдық); г) оң не сол аяқпен кезекпен бұрулар
Еденде шеңбер бойымен сырғу
а) еденде аяқ ұшының шеңбер бойымен сырғи, жанына тоқтау арқылы; б) алдыңғыдай, тек жартылай отырумен (ІІ жартыжылдық); в) еденде аяқ ұшының шеңбер бойымен сырғи, артқа тоқтау арқылы; г) алдыңғыдай, тек жартылай отырумен (ІІ жартыжылдық); д) жанына тоқтау арқылы табан қабырғасымен шеңбер сызу; е) алдыңғыдай, тек жартылай отырумен (ІІ жартыжылдық)
Өкше қимылына жаттығу.
а) тірек аяқтың тобық жанында тоқтауымен өкше қимылының майда жаттығулары; б) бір рет ұру арқылы майда өкше қимылдары; в) екі рет ұрумен
Аяқ бойымен сырғу
а) ашық қалыпта арттан және алдыдан аяқ бойымен сырғу; б) алдыңғыдай, тірек аяқта алға не артқа сырғу арқылы; в) ІІІ позицияда екі рет ұру арқылы ашық сырғи дененің аяққа иілу;
г) тізені сыртқа, ішке бұру арқылы
Аяқты ауаға ашу
а) тірек аяқтың өкшесін ұрумен бір уақытта аяқты ашу; б) бірқалыпты ұрусыз; в) шұғыл ұрусыз; г) барлық табанда ұру арқылы (ІІ жартыжылдық); д) аяқты ашқаннан кейін екі рет ұру (жартылай табанда емес)
Тобықтан басталатын майда лақтырулар
а) ашық қалыпта; б) жабық қалыпта; в) тік қалыпта; г) аяқты тобықтан лақтырып, ІІІ позицияда жартылай табанын ұрумен аяқтау (ІІ жартыжылдық) ; д) алдыңғыдай тек отырумен
Чечетка (flic-flac).
а) І тік позицияда; б) Ү позицияда (ашық); в) жартылай табанмен қадамдап (ІІ жартыжылдық)
Тоқылдатулар
а) орыс халық биінің мінезінде, дробқа дайындық ретінде; б) өкше мен табанның кезектесуі арқылы
Балқымалы батман (Battement fonduеs).
а) аяқты алға, жанына ашу
Тізеге түсу.
а) тізе тірек аяқтың аяқбассының жанында; б) тізе тірек аяқтың өкшесінің қасында grand battement jete
Аяқтың үлкен лақтырулары (90°)
а) battement tendus арқылы үлкен лақтыру; б) тірек аяқты ұрып, жұмысшы аяққа құлау арқылы үлкен лақтыру; в) денені ию арқылы үлкен лақтыру (ІІ жартыжылдық); г) тірек аяқты екі рет ұрып, жұмысшы аяққа құлау арқылы үлкен лақтыру (ІІ жартыжылдық)
Станокқа қарап:
а) штопор қимылы; б) үштік штопор қимылы
«Присядка» қимылына дайындық:
а) «мячик» присядкасы; б) присядка жасап аяқты алға, жанына шығарып өкшеге қою;
в) аяқтың алқымына отыру
Секіртпелер (прыжки)
а) І тік позицияда бір рет не екі рет «Голубец» ссекіртпесі
Зал ортасындағы жаттығулар
а) аяқтың қалыптары; б) қолдың позициялары мен қалыптары; в) топтық және жұптық билердегі қол қалыптары: «жұлдызша», «шеңбер», «карусель», «себет», «шынжырша».
Қол қимылдары.
а) қолдың әртүрлі қалыптарға ауысып тұруы, орыс биіне тән; б) орамалды ұстай білу дағдысы
Сәлемдер
а) бір орында, қарапайым, белдік; б) жылжу арқылы
Қадамдар
а) қарапайым сахналық; б) ауыспалы; в) үштік; г) ауыспалы ұру арқылы; д) өкше арқылы қадам; е) өкшеден секіріп түсу арқылы қадам (с соскоком); ж) «шаркающий шаг»; з) аяқ ұшымен қарапайым қадам
Еденді ұру (притопы)
а) жартылай отырумен; б) секіріп түсумен; в) екеулік; г) үшеулік
Тоқылдатулар (дробные выстукивания)
а) жәй дробь; б) секіру арқылы дробь (с подскоком); в) «триножки» екі аяқпен кезектесе;
г) «»семейская»; д) екі секіру арқылы жоғарғы
«Гармошка»
«Елочка»
Сылтып басу (припадания)
а) негізгі; б) қкшемен және жартылай табанды ұру арқылы
«Ковырялочка»
а) секіртпесіз; б) айналу барысында; в) секірумен
«Веревочка»
а) қарапайым; б) екеулік; в) адымдау арқылы; г) басқа қимылдармен үйлестіре
«Моталочка»
а) аяқ ұшында; б) барлық табанда; в) жылжумен
«Голубец»
а) қатарынан; б) адымдаумен
«Молоточки»
а) бір орында; б) жылжумен
Ұрулар (удары)
а) алақан ұрулар; б) бөксені; в) балтырды ұру; г) табан ұру
Шапалақтар
а) бір рет; б) екі рет; в) үш рет
18. «Ключ»
а) тоқылдатумен бір рет; б) тоқылдатумен екі рет; в) шапалақты кілттер
Жартылай присядкалар (полуприсядки)
а) өкшеге; б) аяқты ауаға ашумен; в) дәл осы жылжумен
«Разножки»
а) жанына разножка; б) алға-артқа разножка; в) «гусиный шаг» қадамы
Халық биі жастарды тәрбиелеуде маңызсыз рөл атқармайды. Бұл өзіне музыкалық, пластикалық, спорттық-физикалық, эстетикалық және көркемдік дамушылық пен білімнің құралдарын үйлестіре білген халық биінің көпқырлығымен байланысты. Музыка мен ымның, музыка мен қимылдың байланысы адам табиғатымен тығыз байланысты. Би барысында музыканы қабылдау өте белсенді, ол уақыт пен кеңістікте қимыл, би қозғалысын тудырады. Осы жасампаздық белсенділіктің астарында хороеграфиялық білімнің маңызды мақсаттарының бірі - музыкалы-пластикалық тәрбиенің ерекешелігі жасырынған. Би – музыканы тыңдауға, оның образды тілін түсінуге, оның негізгі формалары мен мәнерлі құралдарын ажыратуға, белгілі бір музыка ырғағымен жеңіл қозғалуды және оның сұлулығынан ләззат алуды үйретеді. Музыкалық шығарманың сапасы мен оның орындалу мінезі бірінші кезекте екендігіне сөз жоқ. Сондықтан оқыту барысындағы музыкалық сүйемелдеуді іріктеу өте маңызды.
Би музыкасының жалпы сипаты – айқындылық, ырғықтың қайиалануы, күшті бөлік екпінінің айқындалуы мен анық жеткізілуі болып табылады.
Басқа да хореографияның түрі секілді халық биін үйрену де дененің жаттығуына байланысты. Сондықтан оқыту халық билерінің негізгі элементтерінен, позиялары мен қалыптарынан құрастырылған, арнайы жаттығу сабақтарынан тұрады. Бұл жаттығу сабақтары да, биді орындау да денеге спортты-физикалық жүктеме береді. Ерте Грецияда жастардың физикалық дамуында биге деген мүмкіншіліктің анықталғаны кездейсоқ жағдай емес. Дененің үйлесімді дамуы бидің ерекшелігі болып табылады.
Бимен жүйелі түрде айналысу дененің сыртқы келбетін дамытуға, физикалық кемшіліктердің қатарын азайтуға, мүсінді дұрыс әрі әдемі қоюға септігін тигізіп, адамның сыртқы келбетіне жинақылық пен әдемілік береді. Би логикалық, мақсатты ұйымдастырылған, өте көркем қимылдарды үйретеді. Бидің бұл қасиеттері тірбие жүйесінде халық би хореографиясын оқытудың маңызын арттырады.
Сонымен қатар, халық биі адамның ішкі мәдениетін қалыптастыруға өте көп әсер етеді. Халық би хореографииясын оқыту әдеп ережелерімен үйлесімді байланыса отырып, адамдармен араласу мәдениетін дамытады. Ұстамдылық, сыпайылық, сезім шамасы, қарапаййымдылық, ұяңдық. Би сабақтары жек тұлғаның бойында айналадағы адамдар мен олардың көңіл-күйлеріне назар аудара білуді, ақ жүректілік пен жайдарылықты тәрбиелеп, оны өмірлік бойына сіңдіреді. Осылайша биді оқыту адамның мінез-құлқын тәрбиелеуге де әсерін тигізеді. Оқу процесі ұжымдық болғандықтан, би сабағы ұжым алдындағы жауапкершілкке үйретіп, басқалардың пікірімен санасуға дағдыландырады.
Халық биі – бұл эстетикаллық тәрбиенің құралы және ол адамның бойындағы шығармашылық бастауды тәрбилейді. Барлық өнер түрлері секілді, халық биі де зор эстетикалық рахатқа бөлей алады. Жақсы билейтін адам қайтталанбас еркіндікті, қимылдың жеңілдігін және өзінің денесінің игеруін жақсы сезінеді. Ол қиын би па-ларын нақты, әдемі, пласикалы орындағанда қуанышқа бөленеді. Осының бәрі эстеткалық рахаттың бастамасы боып табылады.
Би өнерінде форманың мүлтіксіздігі мен әдемілігі бидің ішкі мазмұнының әдемілігмен тығыз байланысты. Осы бірлікте оның тәрбиелік мақсатының күші жатыр. Биді, соның ішінде халық биін орындау өзімен бірге көркемдік шығармашылықтың элементтерін алып келеді. Биші әдемі, мүлтіксіз эстетикалық формада, өзінің көңіл-күйін, сезімін айқындауға, ішкі дүниесінің қасиеттерін көрсетуге, дүниетанымдығын білдіруге талпынады.
Биге үйретудің өзі адамның бойындағы белсенділік пен шығармашылықты оятады. Ал бидің лексикасын үйренумен қатар, адам әдемілікті қабылдай отырып, сол әдемілікті өзіне бағындыру үшін, нақты қиындықтарды жеңіп біраз тер төгеді. Шығармашылық процесте әдемілікті таныған адам, өмірде де, өнерде де әсемдікті терең сезіне алады. Оның көркемдік талғамы нәзік болып, өмір мен өнерге деген бағасы толысады.
Қолданылған әдебиеттердің тізімі:
Базарова Н. Мей.В Азбука классического танца.-Л.:Искуство. 1983
Богданов Г. Урок русского народного танца.-М:Всероссийское музыкальное общество. 1995
Борзов А.А. Народный танец самодеятельной сцене.-М.:ВНМЦНТ и КПР.1986
Государственный хореографический ансамбль «Березка».-М.: Современная Россия. 1972
Гусев Г.П. Методика преподования народного танца .Этюды. – М:Владос,2004
Гусев Г.П. Методика преподования народного танца, танцевальные движения и комбинации на середине зала.-М.:Владос.2004
Захаров Р.В. Сочинение танца.-М .: Искусство.1983
Иноземцева Г.В. Народный танец.-М.: Знание.1971
Лопухова А, Ширияев А, Бочаров А. Основы характерного танца.-М:Л.1999
Народно-сценический танец.-М.:Искусство.1976
Современный бальный танец.-М.:Просвещение.1998
Степанова Л.Г. Народные танцы.-М.: Современная Россия.1968
Ткаченко Т. Народный танец.-М.:Искусство. 1967
Теория и методика преодавания народно-сценического танца.-М.:1971
Резюме
Народно-сценический танец оказывает воспитательное воздействие: у учащихся вырабатываются такие качества как трудолюбие, целеустремленность, творческая дисциплина, коллективизм, работа в ансамбле.
Summaru
People stage dance denies educational effect: the students are developed gualities such as hard work, dedication discipline, creatirity, teamwork, work in the ensemble.
Достарыңызбен бөлісу: |