ӘӨЖ 371.357
МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ- САПАЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ
Ә.А. Боранбаева, Г.Ә. Бимагамбетова
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал қ.
Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында тұрған басты міндет-өзіндік айтар ой - пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой - пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады[1]. Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту.
Модульдік оқыту – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
«Модуль» дегеніміз – іс - әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады. Көптеген әдіс-тәсілдердің ішінде «Модульдік оқыту технологиясының элементтерін» сабақтарда қолдану оқушылардың құзіреттілігін арттыруға тигізер көмегі мол болды. Бұл технологияның тиімділігі – оқушы алған білімін тереңінен жинақтап түсініп, білімін жаңғырта отырып, өткен материалдарды есінде сақтап қалады. Оқушылар өткен материалдарды үнемі қайталап, жаңғыртып отырады және теориялық алған білімдерін түрлі ойын түрлері арқылы тәжірибеде қолданады. Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі «Тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, тұлғаның қажеттілігін қанағаттандыруға белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы» [2].
Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы. Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады .
Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті. Оқу модулінің өзгешілігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымы-мен, оның мақсат - міндеттерімен таныстырады. Содан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) презентация, сызба, кесте және т. б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен, оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең - кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі зерттеу көрсеткеніндей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін қайта оралып, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір - біріне көмегі, бірін - бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, зертханалық жұмыстар немесе эксперименттік есептер оқу пәнінің ерекшелігіне орай, оқу модулінің қорытынды бөлімінде беріледі.
Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология.
Модуль арқылы оқыту технологиясының тиімді белгілерінің бірі – оқушының оқу белсенділігі. Бұл сабақ оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға және олардың танымдық қабілетін, танымдық процестерді жадының алуан түрлерін: есту, көру, қимыл, ойлауды, оқуға ынтасын дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыруға негіз бола алады [2,3].
Биология пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, модулдік технологияны меңгеруде, әр - түрлі әдіс-тәсілдердің қажетілігі бар деп санап, оны сабақтарда қолданудың тиімділігін төмендегідей (кесте 1) көрсетуге болады [4].
Кесте 1. «Тірек –қимыл аппараты» тарауын модульдік жүйе бойынша оқыту.
Модульдің құрылымы
|
Сабақ саны
|
Сабақтың мазмұны мен түрлері
|
Сабақтағы минут саны
|
Кіріспе бөлімі
|
1 сабақ
|
Өткен білімді қайталау
Қаңқа бөлімдері Сүйектің құрылысы мен химиялық құрамы. Сүйек типтері және олардың байланысуы. Байламдар созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек. Бұлшықеттер, бұлшықет типтері олардың құрылысы мен мазмұны. Бұлшық еттердің жұмысы. Бұлшықет қозғалысының реттелуі.
|
4
41
|
Диалог бөлімі
|
2 сабақ
|
1.Тақырыпты меңгерту, дамыту.
Оқулықпен жұмыс «Мұғалім-оқушы» ойыны
2.Шыңға шығу ойыны.
3.Брейн-ринг ойыны
|
15
15
15
|
Қорытынды бөлімі
|
3 сабақ
|
1.Тест
2.Сынақ
3.Қорытындылау
|
15
25
5
|
Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамытуда М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технология-сының» маңызы ерекше екені мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі, өзгені де бағалай білуге үйретеді.
Сөздікпен жұмыс кезінде оқушының шығармашылығы, мүмкіндігіне қарай сөз тіркесін, сөйлемдерге айналдыру сөзжұмбақ, ребус немесе сканворд құрастыру мүмкіндігін тудыру болса, жаңа материалмен жұмыс істеген кезде, өз ойын сызба немесе сурет, тірек конспектілері арқылы жеткізуіне, жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде өз пікірін шағын шығарма, өлең, жұмбақ, қағида немесе ереже құрап жазу арқылы беруге болады. Сабақ формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар оқушылар арасында қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді. Оқушының тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күшін, шама-шарқын бағалай білуге, өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге тырысуына жетелейді [5].
Әрбір уақыт кезеңінде адамдардың ақыл-ойы мен көзқарасы өзгеріп отыратыны – заңды құбылыс. Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдірілуі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатына да тікелей ықпал етеді [6].
Қорытындылай келе, бұл технологияның жан-жақтылығы оны жоғары, орташа, төмен, білім деңгейіндегі балалармен жұмыс істегенде жалпы орта мектептерінде қолдануға болатындығымен айқындалады. Айырмашылығы-тек бағдармалық материалды меңгертудің түрлі деңгейлерінде жұмыс істейтін оқушылар санының әр түрлі болуында.
Алайда, осы технология бойынша бір сыныпта бірнеше жыл бойы жұмыс істеу барысында, білім деңгейі төмен оқушыларды, білімі жоғары деңгейлі оқушыларға ауыстыруға мүмкіндік берітіндігі дәлелденіп отыр.
Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушының оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс.Сондықтан аталған педагогикалық технологияларды ойлау мен ұштастыра білу, білім алуға бағытттайтын оқыту жолы. Әрбір ұстаздың, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияны пайдалануы –өмір талабы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Барсай Б. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамалары // Бастауыш мектеп, №8-9, 1999.
2.«Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» М.М.Жанпеисова, Алматы, 2002.
3. Булашбаева А. Жаңа технологиялар әдістері. Биология және салауаттылық негіз. 2006. №6, 39-40 б.
4 “Технологиялар арқылы сабақтың тиімділігін арттыру”. Ғаламтор желісі
5.Педагогтың кәсіби деңгейін өсіруде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары.//Ғылыми практикалық жинақ. Алматы, 2008. Искакова Р., Ерназарова З.
Смирнов С.Т. Технологии в образовании //Высш. Образование в России №1, с. 109-112, 1999.
Конференцияға қатысу туралы өтініш:
Тегі, аты жөні
|
Боранбаева Әсем Аманжолқызы
Бимагамбетова Гульнара Адилгиреевна
|
Ұйымның атауы:
|
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
|
Қызметі,ғылыми дәрежесі және атағы:
|
Биология мамандығы 4 курс студенті
Биология ғылымдарының кандидаты, доцент
|
Мақаланың тақырыбы
|
Модульдік оқыту- сапалы оқытудың тиімді тәсілі
|
Секция
|
Жаратылыстану және қолданбалы ғылымдар
|
Мекен жайы, телефоны, Е-mail:
|
Орал қаласы. Достық данғылы 162 -18
87755964694. Asem_b94@mail.ru
|
Жарнасының төленуі жөнінде түбіртек
|
+
|
Конференцияға қатысу түрі:
|
Сырттай
|
Қонақ үйден орын брондау:
|
-
|
Достарыңызбен бөлісу: |