Әож 378. 147: 81’243 Тоқтыбаева Г. С., Қыпшақов С. А



Дата29.03.2017
өлшемі144,28 Kb.
#12472
ӘОЖ 378.147:81’243
Тоқтыбаева Г.С., Қыпшақов С.А.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ


Инженерлік графика сабағында студенттердің ақпараттық-коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру
Формирование информационно-коммуникативной компетентности студентов

на занятиях инженерной графики

Мақалада инженерлік графика сабақтарында студенттердің ақпараттық коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру сұрақтары қарастырылған. Автор ақпараттық коммуникативтік технологияны инженерлік графика сабағында қолдану мүмкіндіктеріне көңіл бөлген. Студенттердің теориялық ойлауын, көрнекі-нақтылау, көрнекі-үлгілеу арқылы дамыту үрдісін белсендіру тәсілдері мен құрылғылары туралы жазылған. Ұсынылған тәсілдер мен құрылғылар, оқытуды қабылдаудың тәсілдерін шешу есептерімен мақсатқа жетуді көздейді.


В статье рассматриваются вопросы формирования информационно-коммуникативной компетентности студентов на заниятиях инженерной графики. Автором выделены возможности применения информационно-коммуникативной технологии на заниятиях инженерной графики. Описаны методы и средства для активизации процессов развития наглядно-действенного, наглядно-образного, теоретического типов мышления учащихся. Данные методы и средства обучения включают в себя приёмы обучения и рассчитаны на то, чтобы приблизить обучаемых к конечной цели обучения.
In the article the questions of forming of informatively-communicative competence of students are examined on заниятиях of engineering graphic arts. An author is distinguish possibilities of application of informatively-communicative technology on заниятиях of engineering graphic arts. Methods and facilities are described for activation of processes of development evidently-effective, evidently-vivid, theoretical types of thinking of students. These methods and facilities of educating are plugged in itself by the receptions of educating and counted on that, to approach taught to the ultimate goal of educating.
Компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желіні, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру, ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыруда білім беру саласындағы басты міндеттер болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында да еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі – білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіләлемдік коммуникация желісіне шығу.  Оқыту үрдісін ақпараттандыру – қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты болып табылады. Ал барлық арнайы ақпараттық – техникалық құралдарды (ЭЕМ, аудио, бейнефильм, кино) қолданатын технологияларды тәжірибеде ақпараттық технологиялар деп атайды. Алдымен жаңа ақпараттық технологияларға көшпей тұрып, оқу-тәрбие үрдісінде білім беруді ақпараттандыру мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында да еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі – білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіләлемдік коммуникация желісіне шығу.  Оқыту үрдісін ақпараттандыру – қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты болып табылады. Ал барлық арнайы ақпараттық – техникалық құралдарды (ЭЕМ, аудио, бейнефильм, кино) қолданатын технологияларды тәжірибеде ақпараттық технологиялар деп атайды. Алдымен жаңа ақпараттық технологияларға көшпей тұрып, оқу-тәрбие үрдісінде білім беруді ақпараттандыру мүмкін емес

Білім жүйесінің сапасын арттыру, бүгінгі болашақ жастардың оқу орындарының қабырғасынан бастап бәсекелестікке белсенді, өз бетімен шешім қабылдай алатын, өз тағдырына және отбасымен қоғамның алдында жауапкершілікті сезінетіндей тұлғаны дайындап шығару болып табылады.

Бүгінгі бітіруші түлек – ол құзіреттілік кілтіне ие тұлға. Олардың құзіреттілігін қалыптастыру кез-келген оқу орнының басты тапсырмасы.

Сондықтан тек қана дәстүрлі оқыту тәсілдерін қолдану арқылы бұл мәселені шешу мүмкін емес. Оның шешімін табуда оқыту барысында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану болып табылады [1].

Құзіреттілік – бір нәрсені меңгерген білімімен, жан-жақты ойлауымен таразылау. Бұл тұлғаның бірнеше сұрақтарға өмірлік ұстаныммен жетістікке жетуді меңгертеді.

Құзіреттілік кілті – кәсіби және кәсіби емес саладағы адамның жан-жақты қажеттілігін шешудегі жаңаша заманауи көзқараста оның «жетістікке жету кілті».

Инженерлік графика сабақтарында оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыруда мынаған көңіл бөлу керек: студенттердің білім деңгейлерін шығармашылық деңгейге дейін жеткізу мақсатындағы іс–әрекеттердің бірі, графикалық тапсырмалар ойластыру; графикалық тапсырмалардың өзін студенттердің қабілетіне, пәнге деген сүйіспеншілігіне байланысты оқуға қойылатын талаптарын басшылыққа ала отырып, жүргізу; графикалық тапсырмаларды түрлендіре отырып, орындауға тиімді тәсілдерін үйрету; бір сабақтың өзінде бірнеше тапсырма ұсынып, таңдап орындауды студенттің өз қалауына қалдыру; ең тиімді тәсілдердің бірі – тапсырмаларды жүйеге бөліп, студенттердің біліміне, қабілетіне байланысты ұсыну; қолмен орындалған графикалық сызбаларды компьютерлік сызуға арналған бағдарламалармен байланыстыра орындауға баулу.

Инженерлік графика сабағында студенттердің ақпараттық-коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда ақпараттар аарасынан керектісін іздеуге және сонымен өз саласында жұмыс істеуге бағытталған ақпараттық-білім беру  ортасында тиімді пайдалана білу. Инженерлік графикадағы кәсіби   ақпараттық бағдарламалар – кез келген маманның кәсіби талаптарын жүзеге асыра алатын, оның өз мәселелерін басқа бағдарламалармен байланыстыра отырып, талқылауына мүмкіндік беретін қазіргі компьютерлік техника және коммуникациялық байланыс құралдарына негіздей отырып графикалық жұмыстарды орындау.

Инженерлік графика сабағында студенттердің ақпараттық-коммуникативтік құзіреттілігі бұл ақпараттық технологиялардың көмегімен өз бетімен іздену, сараптау, таңдау, өңдеу және қажетті ақпаратты беру.

Өзін-өзі дамыту құзіреттілігі – бұл тұлғаның өзін-өзі басқару, дайындау қабілеттілігі.

Жеке тұлғаның білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек. «Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді [2].

Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез-келген пәнді студенттердің ақпараттық-коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда пайдалана отырып оқыту - тиімді ұғындырудың бірі. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Студенттердің ақпараттық-коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда оқу процесінде оқытудың қалыптасқан негізгі әдістерімен қатар оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық әдістері де жиі қолданылады. Оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да оқытушылар үнемі ізденіс үстінде болуы тиіс. Олар заман талабына сай студенттердің білімін тереңдету үшін, инженерлік графика пәніне қызығушылығын арттыру үшін көп еңбек ету керек.

Техника тілін түсіну - қазіргі заман талабы. Заман талабына сай білімнің сапасын арттыру үшін, алға қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек. Қазіргі нарықтық экономикадағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты. Сондықтан біздің негізгі мақсатымыз, тек Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті жаңа мамандарды дайындай білуіміз керек. Осы тұрғыда біліктілікті заман ағымының жаңа технологияларын белсенді түрде жете меңгерсек, жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім алуына айқара жол ашамыз [3].

Инженерлік графика пәнінің басты талабы – сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта инженерлік графика пәні оқытушылары сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте болады. Қазіргі уақыт талабына сай мұғалімдер мультимедиялық көрсетіліммен сабақтарды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып отыру керек. Сабақ өткізу барысында студенттерге дәстүрлі техникаларды заманауи техникамен алмастырып, студенттердің сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдалану керек.

Инженерлік графика пәнін компьютер көмегімен оқытуда көрнекті суретші, инженерлердің өмір жолдарын мультимедиялық презентацияны қолдану баға жетпес дүние. Сабақта видеофильмдер, көркем фильмдердің фрагменттері, боялған таблицаларды қолдану арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға болады. Сонымен қоса, сызба жұмыстарын орындауға арналған компьютерлік бағдарламалардың интерфейстерін, қажетті геометриялық құралдарын түсіндіруде өте қолайлы.

Әрине инженерлік графикада графикалық кескіндердің бір түрі ғана болып табылады. Графикалық кескіндерге суреттер, сұлбалар, карталар, диаграммалар және шартты белгілер де жатады. Қазіргі кезде өзінің кәсіби іс-әрекеті барысыңда графикалық кескіңдерді пайдаланбайтын маманды атау қиын. Мәселен, дәрігердің өзі атласта келтірілген немесе әртүрлі медициналық аппаратураның экранында пайда болатын адамның ішкі органдарының кескіндерін түсінуі, рентген сәулесі арқылы алынған суреттерді талдай білуі керек.

Егер инженерлік графика пәнін оқытуды қалыптастыру бұған дейін дәстүрлі қолмен сызуда тек плакаттар, әдебиеттермен негізделіп келсе, курсты қазіргі заман технологиялары тұрғысында дамыту үшін студенттерге мультимедиялық көрсетілімдерді қолдану бойынша оқытуды ұсынамыз. Мультимедиялық көрсетілімді қолдану әдістері пән салалары бойынша нақты және жалпы мәліметтерді ұсыну конструкциялық құралы ретінде қарастырылады.

Жоғары оқу орындарында инженерлік графиканы оқыту үрдісінде мультимедиялық құралдарды қолдану негізінде кәсіби оқыту іс-әрекетінің мазмұны студенттің графикалық танымдық және кеңістіктік іс-әрекетінің бөлінбейтін компоненті, ол мынадай іс-әрекеттің жинағы:


  • ­­­­заттардың жазықтықта орналасуын анықтау;

  • заттарды оқу және құрастыру;

  • графикалық жұмысты орындауда қойылған мақсатқа жетудің көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;

  • тапсырманың әрбір кезеңінде сызбаны орындау түрлерін тиімді және жүйелі қолдану.

Инженерлік графика сабағында мультимедиялық құралдарды қолдану негізінде студенттердің кәсіби техникалық білімге бейімдей оқыту әдістемесінің негізгі мақсаты - олардың ақпараттық мәдениетін дамыту, мектеп бітірушілердің техникалық даярлығының кәсіби деңгейге жетуін қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда инженерлік графика пәнін оқытуда оқытушының оқушыларға түсіндіретін тақырыбының толық меңгерілуінде мультимедиялық көрсетілімнің нақты деңгейін анықтау мақсатында инженерлік графика пәні оқулықтарына, оқу-әдістемелік құралдарға, инженерлік графика пәнін оқыту жүйесіндегі пәндердің бағдарламалары мен оқу, оқу-әдістемелік құралдарына талдау жасай отырып, слайдтық тұрғыда сабақтың бірізділікпен көрсетілуіне негізделеген.

Сонымен, инженерлік графика сабағында мультимедиялық көрсетілімнің қолданылуын анықтау кезеңінде мына міндеттердің шешімі іздестіріледі:



  • тапсырманың мақсатын анықтау;

  • тапсырманың тақырыбын таңдау және оны
    жүргізуді теориялық тұрғыда негіздеу;

  • теорияда алынған мәселені графикалық сызба жұмыстарын орындауда практикамен ұштастыру;

  • ақпараттық технология арқылы оқушылардың тақырыпты түсінуін қадағалау;

  • студенттердің білім деңгейін анықтауға қажетті әдістемелерді таңдау және оның тиімділігін тексеру;

  • студенттердің графикалық білім деңгейлерін жетілдіруге байланысты дидактикалық кешенді мультимедиялық көрсетілім арқылы дайындау;

  • сызбаның толық жетістігін беру нәтижесінде студенттердің этап бойынша графикалық сызбаларды меңгеруде болған өзгерістерді, дәстүрлі оқыту түрімен салыстыра айырмашылығын анықтау.

Презентацияны ұйымдастыру қызметі келесідей болады:

Оқытушы сабақ тақырыбын презентацияны қолданып түсіндіреді. Көбінесе презентация сабақтың тақырыбынан басталады, мысалы «Сызбаларды безендіру», «Аксонометриялық проекциялар» және т.б. Көбінесе басты әріптер қолданылады. Сонымен қоса слайдтың фонын бір немесе екі түсті, фотаграфияларды, суреттерді, схемаларды, компьютерлік бағдарламалар көмегімен, этап бойынша орындалған сызбалармен анықталған қатармен орналастырып құрастырады [4].

Презентацияны құрастыруда оқытушы сабақтың материалының сапасының өте жоғары талғамда болуын қадағалау керек. Сонымен қоса әртүрлі анимациялық эффектілерді қолдануға болады. Бұл студенттердің көздеріне қуаныш сыйлап, олардың зеректілігін жоғарылатады. Сонымен қоса, презентация студенттерге өткенді қайталау фрагменттерін еске түсіру, мысалы, тоқсан бойынша сабақ тақырыптарын қорытындылауда, слайд бөліктері сурет түрінде сақталады, оларға әртүрлі тапсырмалар беріледі, мысалы, «Проекциялау», «Перспектива» тақырыптарын меңгеруде қолданылады.

Мультимедиялық құралдарды компьютерлік техникамен сызуды оқыту үдерісіне пайдалануда оқытудың мынадай жалпы ұстанымдарын қолдануға тура келеді:

- өзара тығыз байланыстағы материалдарды этаптарға бөлу (қадамдарға). Ал оқытушының оқу материалдарын тиянақты талдауды, этап бөліктері арасындағы өзара байланыстың ерекшеліктері мен мазмұнын анықтауды талап етеді.

- заттардың сызбасын тұрғызу кезінде студенттердің белсенділігін арттыру, яғни студенттердің терең де, жан-жақты талдаулар машығын қалыптастыруға бағытталады.



- студенттің әрбір жауабына мұқият баға беру және ол жауаптың бағасын тез хабарлап, дұрыс жауап берген болса келесі қадамға көшу.

- оқудың қарқыны мен мазмұнын арттыру, яғни оқу қарқынын дараландырып отыруды қамтамасыз ету.

- студенттердің этап бойынша кеңістіктік графикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сенімділігін тексеру, яғни әрбір оқушының мүмкіндігіне қарай тапсырманың қиындық дәрежесін реттеуді қарастыру.

Сызба жұмыстарын орындауда слайд-презентацияны қолдану студенттердің білім сапасын арттырады, көрнекі құралды пайдалана отырып, мұғалімнің жетегімен, студенттер өздігінен оңай қорытындылар жасай алады.

Оқылатын материалды слайд-презентацияны қолдану арқылы иллюстрациялау, студенттің санды үйренудегі бірінші адымы сурет қараудан басталғандай, студенттердің көз алдынан заттардың сызбасын бірізділікпен орындай отырып, логикалық ойлауларын дамытумен қатар, графикалық білімдерін, дағдыларын, іс-әрекеттерін қалаптастырады

Инженерлік графикада графикалық кескіндерді рәсімдеу, орындау және айырып тану теориясының негізгі қағидалары және практикалық амалдары оқылатын оқу пәні. Сондықтан сызуды техника тілі ретінде ғана анықтау жеткіліксіз. Сыза білу, жаза және оқи білуден кейінгі екінші сауаттылыққа айналды. Олай дейтініміз, сызуды меңгерудің нәтижесінде ғана адам қағазда немесе дисплей экранында өз ойын (ойлап тапқанын) дұрыс кескіндей алады және басқалар орыңдаған немесе әртүрлі техникалық қондырғылар экрандарында пайда болған кескіндерді түсіне алады.

Студенттің ақпараттық құзіреттілік қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. «Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі - жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу[3].

Сондықтан осы ұстаным ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндеті ретінде жүктелді. Мультимедиялық оқытуды дамыту үшін оқытушылардың біліктілігін көтеру, ақпараттық кеңістікті құру, оқу үрдісіне жаңа ақпараттық оқыту технологияларын интеграциялау, мультимедиалық оқыту курстарын жасау мәселелері шешілуі тиіс.

Сонымен, мультимедиялық оқыту– пән тақырыптарының материалдарын игеру үшін ыңғайлы, уақытты ұтымды пайдалану үшін қажет. Мультимедиялық оқытудың шетелдік және отандық тәжірибесі көрсеткендей бүгінде оқыту сапа жағынан дәстүрлі оқытудан кем түспейтіні белгілі болып отыр.

Инженерлік графика сабағында мультимедиялық оқытуда білім беру тиімділігі АКТ-ның ішінде ақпаратпен ашық жұмыс жасау үшін, мультимедиалық оқыту жүйесіне оңтайлы қол жеткізу үшін интерактивті технологияны дәріптеу.

Инженерлік графика сабағында студенттердің ақпараттық-коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру болашақ ұрпақтың әлемдік ақпараттық бәсекелестік мәселелеріне және ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялардың үнемі дамуына байланысты білім беруде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін техникалық тұрғыда енгізу өте тиімді.

Жоғары оқу орындарында техникалық білім деңгейін көтеру және онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, жоғарыоқу орындарының оқытушыларының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде инженерлік графика сабағында сызба-графикалық бағытының заманауи үлгіде оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады [5].

Қазіргі заман – ақпараттық технологияның өте жан-жақты тараған кезеңі. техниканыаны оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Бүгінгі күні ақпараттық  технологияның  озық  жетістіктерін  инженерлік графика сабағында студенттердің ақпараттық-коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда тиімді. Жаңа технологиялар оқытушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Инженерлік графика сабағында студенттердің ақпараттық-коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастырудың мақсаты – студенттің өзінше ойлау қабілетін арттыру және ақпарттық компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеуге үйрету. Жаңа технологиялар студенттің шығармашылық белсенділігі мен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы бола алады.

Инженерлік графика сабағында студенттердің ақпараттық-коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастырудағы негізгі талап – студенттердің сызба есептерін шығара білу жолдары мен тәсілдерін үйрету. Инженерлік графика сабағында студенттердің ақпараттық-коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда, сабақ барысында оқытушы мен студент арасындакомпьютерлік бағдарламларды меңгеруге деген қызығушылықпен қоса, қарым-қатынас жүргізіледі. Мұнда компьютерлік бағдарламалар арқылы техника тілін меңгеруге ми қозғалысына қозғау салып, оқушылардың құзіреттілігін дамытуға әсер етеді. Ең алдымен, студенттің кеңістіктік ойлау қабілеті мен білімін арттыруға үйретіледі. Сонан соң остудент дәстүрлі техника мен заманауи техниканы бірізділікпен қолдана отырып, салыстырмалы түрде тани білуге тырысады.

Инженерлік графика сабағында студенттердің ақпараттық-коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастырудағы арқылы орындалатын графикалық жұмыстар өзінің кез келген формасында тиімдірек орындалады, студенттің логикалық, графикалы, кеңістіктік, ақпараттық, визуальды ойлауларының дамуына әсерін тигізеді. Ақпараттық технологияның артықшылығы ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады,өз бетінше оқып – үйренуі жүзеге асады,нәтижесін бірден көруі, жіберген немесе дұрыс меңгермеген тақырыптарды қайтадан оқу мүмкіндігі, оқу үрдісін басқару мүмкіндігі,бұрын алған білімдерін кеңейтеді.

Қорыта айтқанда, инженерлік графика сабағында студенттердің ақпараттық-коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз. Демек, инженерлік графика сабағында студенттердің ақпараттық-коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда жаңа технологиялық әдіс–тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы. Оқыту үрдісінде студенттердің білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.

Көбіне біздерге практика жүзінде қолмен сызу ,сурет салу көрме ұйымдастыру керек болады сондықтан, студенттердің ақпараттық-коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру бірге жүріп отырған дұрыс деп ойлаймын.
Әдебиеттер:

1 Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы Әлем», 2003­.

2 Потемкин А. Е. Твердотельное моделирование в системе КОМПАС – 3D. – СПб.: БХВ-Петербург, 2004. – 512 с.,

3 Гершунский Б. С. Компьютеризация в сфере образования: Проблемы и перспективы. – М.: Педагогика, 1987. – 264 с.



4 Роберт И. В. Новые информационные технологии в обучении: дидактические проблемы, перспективы использования// Информатика и образование. – 1991.- № 4.- С. 18 – 25.

5 Токтыбаева Г.С. Оқытудың ақпараттық технологияларының білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылуы. Wschodnie partnerstwo-2012: Materialy VIII mezinarodni naukowi– prakticzneji konferencji. (07.05 wrzesnia 2012 roku). –Vol 6:Pedagogiczne nauki.­­ – Przemysl: Nauka I studia, 2014 – S.41- 44.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет