Әож 378. 18: 378. 4 Халықова Г. З. Информатика мұҒалімін кәсіби даярлау үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қҰзырлығын қалыптастырудың маңызы



Дата19.02.2017
өлшемі78,41 Kb.
#10480
ӘОЖ 378.18:378.4
Халықова Г.З.
ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУ ҮРДІСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
(Абай атындағы ҚазҰПУ профессорлары, Алматы қаласы,

xgulira@rambler.ru)
Андатпа. Бұл мақалада болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби даярлау үдерісінде ақпараттық –коммуникациялық технологиялар құзырлығын қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Осы салада зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбектеріндегі мұғалімнің ақпараттық –коммуникациялық технологиялар құзырлығы ұғымы талданған. Аталған құзыреттілікті қалыптастыруға қажетті білім, іскерлік пен дағдылар жиынтығы туралы баяндалған.
Қазіргі білім берудің жаңаруымен, білім беру орталарын ақпараттандырумен түсіндірілетін болашақ педагогтарды кәсіби іс-әрекетке даярлауға қойылатын талаптардың өзгерісіне сәйкес, оқытушының құзырлылығына қойылатын талаптар да айтарлықтай өзгеруде. Қоғамның сұраныстары мен желілік ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктеріне сәйкес, білім нәтижесін алуға бағытталған педагогикалық міндеттерді шешу жүйелі түрлендіруді талап етеді.

Қазақстан Республикасында білім беруді жаңғырту стратегиясы еліміздің шынайы әлеуметтік жағдайының қазіргі талаптарына жауап бере алатын білім берудің жаңа сапалы деңгейіне қол жеткізу, әлемдік білім беру жүйесін реформалаудың жалпы тенденцияларына сәйкес оны дамыту жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі білім берудің бағыты студентті қоршаған әлемнің өзгермелі жағдайларына бейімделуге үйрету ғана емес, сонымен бірге, ауыспалы әлеуметтік жағдайларды белсенді меңгеруін, мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіне мүлде басқаша дайындалуын талап етеді. Бұдан мұғалім мамандығының мәнділігі артып, кәсіби іс-әрекетке дайындық нақты пән саласы бойынша дайындық барысында да, еңбек нарығындағы бәсекелестікте де шешуші роль атқарады.

Сондай-ақ, Ел Басының 2010 жылғы дәстүрлі халыққа Жолдауында «кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономиканың қажеттіліктерімен байланыстырылу керек. Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Еліміздегі ЖОО-дары әлемнің жетекші университеттерінің рейтингіне ұмтылулары керек» делінген [1]. Бұл көтерілген мәселе жоғары білім беру сапасын арттыруды талап етеді, әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарының қатарына қосылу үшін ең алдымен ЖОО-да сабақ беретін мамандардың біліктілігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибелерді оқыту үдерісіне ұтымды енгізе білуге қабілетті мамандарды даярлау қажеттілігін көрсетеді.

Білім беру мекемесіндегі оқытудың мазмұны Мемлекеттік білім беру стандарты, типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларында анықталатыны белгілі. Білім мазмұны қоғам тарапынан жасалынатын әлеуметтік сұранысқа сәйкес жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталады. Бұдан ЖОО-да мамандар даярлауда басшылыққа алынатын негізгі міндеттер анықталады: ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайықты, нарықтық экономика жағдайында бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті әртүрлі құзырлықтарды меңгерген, кәсіби құзырлығы қалыптасқан маман даярлау; өзінің таңдаған мамандығының қыры мен сырын толық игерген, ақпараттық мәдениеті қалыптасқан, адамгершілік, ізгіліктілік, рухани құндылықтары қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеуге бейімдеу; болашақ мұғалімнің қоғамдағы әлеуметтік белсенділігін арттыру; жалпы педагогикалық, әдіскерлік іскерлігін арттыру; өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастыра білетін, өз бетімен білім алу, өзін дамыта білу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру; педагогикалық шеберлігін шыңдай білетін, өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастыру құралы ретінде ақпараттық орта құрып, оны пайдалана білу және өзінің жетістіктерін әрдайым көрсете білу іскерлігін қалыптастыру.

Информатика мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығын қалыптастыру білім беруді ақпаттандырудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) құзырылығын қалыптастыру қазіргі білім беру нәтижесіне бағытталған жаңа ақпараттық орталардын қалыптастырып дамытуға қажетті құрал ретінде сипатталады.

Қазақстан Республикасында білім беру саласында жүргізіліп жатқан оң өзгерістердің бірі жаңа білім парадигмасына көшу болып табылады, мұның негізіне білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде жүзеге асырылатын құзырылық тәсіл алынған. Бұл сонымен қатар, жалпы білім беретін және жоғары кәсіби білім беретін мемлекеттік білім стандарттарының негізіне алынған. Мұндай тәсіл оқыту процесінің нәтижеге бағдарланғандығын көрсетеді. Әрбір оқушы үшін білім беру нәтижесінің қандай жетістікпен аяқталатындығы оқу процесінде алынған білім, іскерлік пен дағдының кәсіби іс-әрекетте қолданылу деңгейіне байланысты. Осы аталған мәселелер болашақ мұғалімнің кәсіби құзырлығының, оның ішінде, ақпараттық- коммуникациялық технологиялар (АКТ) құзырлығының қалыптасу деңгейі арқылы анықталады.

Алдымен мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) құзырлығына тоқталайық. Жалпы құзырлық: кәсіби педагогикалық құзырлықтың бөлігі немесе арнайы кәсіби құзырлық болып есептелетін жалпы барлық деңгейге арналған «базалық әмбебап құзырлық» болып табылады. Бұл жөнінде мемлекеттік деңгейде қабылданған нормативті құжаттарда айтылған және көптеген зерттеуші педагог ғалымдардың еңбектерінде келтірілген.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құзырлығын талдау нәтижесі функциональдық сауттылықтың білім нәтижесін сапалы өзгеріске алып келмейтіндігін көрсетеді. Индивидтің жоғары деңгейдегі функционалдық сауаттылығы шынайы өмірде нақты мәселелер мен есептерді шешуде оны пайдалануға қабілетті дегенді білдірмейді.

Педагогика ғылымы мұндай шектеулерді бірнеше факторлармен түсіндіреді. Техникалық сауаттылықты меңгеру процесінде алынған білім, іскерлік пен дағдылар

Мұғалімнің ақпараттық- коммуникациялық технологиясының (АКТ) құзіреттілігін– өмірлік іс әректтің белгілі бір тәсілі ретінде, екінші жағынан техникалық білім мен іскерлікті мақсатты көздей отырып, тиімді қолдануды қамтитын кешенді ұғым ретінде қарастыруға болады.

Мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық технологиясының (АКТ) құзырлығы 3 негізгі аспектіде қарастырылады:



  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы фунциональдық сауаттылықтың жеткілікті деңгейде болуы;

  • өзінің кәсіби қызметінде кәсіби, әлеуметтік және тұлғалық мәселелерді шешуге ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ) құралдарын тиімді, ғылыми негіздей отырып қолдану;

  • ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ) құралдарын білім берудегі жаңа парадигманың негізі ретінде түсіну; ол білім алуға қабілетті, жаңа интеллектуалдық, іс-әрекеттік нәтижеге жету үшін ақпаратты өңдей білу іскерлігін қалыптастыратын, оқушыларды дамытуға бағытталған ақпараттық қоғамның субъектісі ретінде қарастырылады.

Мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) құзырлығы жөнінде айтылған шетелдік тәжрибелерге жүгінсек, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) құзырлығын қалыптастыру және бағалау методологиясы оны мұғалімнің кәсіби іс-әректінде ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ) құралдарын қолдану міндетін шешуге байланысты екенін көрсетеді.

Болашақ информатика пәні мұғалімі өзіне тән кәсіби іскерліктерді, АКТ құзырлықтарды меңгеруі тиіс. Оның табысты қызмет етуі кәсіби іскерліктерді қаншалықты меңгеруіне тәуелді. Студенттер информатика пәнінің мұғалімі дегенде, көбінесе, олардың көз алдына сыныпта «информатика» пәнінен сабақ беру ғана елестейді. Ал, педагогикалық практика басталған сәттен бастап, мектеп ішіндегі педагогтың іс-әрекеті нені қамтитынын түсіне бастайды.

Болашақ информатика пәнінің мұғалімі мектептегі кез келген педагогикалық жағдайларды талдай білуі, оған сәйкес баға бере білуі, шешім қабылдай білуі тиіс. Ол тек пән мұғалімі ғана емес, ол жетекші, тәрбиеші, кеңесші болуы тиіс. Мектептегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушының бірі ретінде әртүрлі педагогикалық әрекеттерді жоспарлау және нәтижені жобалай білуге қабілетті болуы тиіс. Ақпараттық қоғамда өмір сүретін әрбір азаматқа қажетті білім мен тәрбиенің деңгейі қандай болуы қажет, ол үшін қандай педагогикалық шараларды ұйымдастыру қажет? Ол үшін қандай міндеттер қойылуы тиіс екенін тұжырымдай білуі тиіс. Мектептің алдындағы тұрған негізгі міндет - оқушылардың жеке тұлғалылығын дамыту.

Бұл міндетті тиімді жүзеге асыру үшін информатика пәнінің мұғалімі қандай сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыра білуі және оған АКТ құралдарын тиімді пайдалана білуі тиіс екенін түсінуі қажет.

Сонымен бірге, оқу–тәрбие жұмысының әдістерін, құралдарын, формаларын теориялық тұрғыдан негіздей отырып, таңдай білу іскерлігі болуы тиіс.

Студенттердің кәсіби құзырлықтарын қалыптастыру негізгі және кәсіби пәндерді оқыту үдерісінде қалыптасады. Оған тән кәсіби құзырлықтар студенттің кәсіби мамандығына шынайы бейімделуін сипаттайды және төмендегідей білімдер мен іскерліктердің, дағдылардың болуын қамтиды [2,167 б.]:

- мемлекеттік білім беру стандартындағы көрсетілген талаптарға сәйкес, білім мазмұнын құрылымдай білу, тақырыптық және күнтізбелік жоспарларды құра білу іскерлігі мен дағдысының болуы;

- құрылған тақырыптық және күнтізбелік жоспарға сәйкес, тақырыпты оқыту мақсатын анықтап, соған сәйкес білім мазмұнын іріктей білу, оқыту әдісі, құралдары мен ұйымдастыру түрлерін ойластыра білуі;

- оқу материалдарын құрылымдап, сабақ жоспарын жасай білуі, өзінің өткізген сабағына әдістемелік талдау, өзіндік талдау және кез келген пәннен өтілген сабаққа жалпыланған педагогикалық талдау жүргізе білу іскерлігі мен дағдысының болуы;

- оқушылардың өзіндік іс-әрекетіне бағытталған оқыту үдерісін ұйымдастыруға жаңа инновациялық технологияларды пайдалана білу, оқушыларды оқу іс-әрекетінің субъектісі болатындай ұйымдастыру және оқытуды басқаруда озық тәжірибелерді, АКТ құралдарын тиімді пайдалана білу;

- оқушыларды өзінің болашақтағы кәсіби іс-әрекетін жобалай білетіндей, өз бетімен білім алу, өз бетімен оқу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзіні-өзі анықтау, өзбетінділік, өзін-өзі жүзеге асыру қабілеттерін дамытатын жағдайды құратын, белгілі бір жүйемен жобаланатындай оқыту үдерісін ұйымдастыра білуі;

- оқушылардың білімін бақылау мен бағалауды жүзеге асырудың ұтымды әдістерін ойластырып, әдістемесін қалыптастыру, оларды білімін өзіндік бақылау мен бағалауға үйрету болып табылады.

Қорыта келгенде, болашақ информатика мұғалімдерін өзіндік іс-әрекет жүйесі негізінде кәсіби даярлау ақпараттық білім беру ортасы негізінде жүзеге асатындықтан мамандар даярлау үдерісіне қатысушы педагогтардың АКТ құзырлығының, теориялық және практикалық тұрғыдан жоғары деңгейде даярлығының болуы міндетті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі




  1. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан халқына Жолдауы. 29 қаңтар 2010 жыл.

  2. Халықова К.З. Эоғары оқу орындары студенттерінің өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың теориясы мен практикасы: Монография – Алматы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2009. – 284 б.

  3. Халикова К.З., Шорникова О.Н. Междисциплинарные проекты как метод формирования ИКТ компетентности студентов в обучении программированию// Материали за V Международна научна практична конференция. «Honors High School -2009». 17-25 ноембри 2009. София «БЯЛГРАД-БГ» ООД. Болгария, 2009. Том 4. с.67-69

4. Халикова К.З., Шорникова О.Н. Методические аспекты использования электронного портфолио в процессе формирования ИКТ компетентности студентов// Materialy VI mezinarodni vedecko – practicko conference “Veda a Technologie: KROK DO BUDOUNOST-2010”. Dil 8. Pedagogika: Praha Publishing House “Education and Science” s.r.o. – 80 stran.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет