Әож 37+94(574) ежелгі қазақстан тарихы бойынша «ҒҰндар мемлекеті» тақырыбындағы сабақты кіріктіріп оқыту



Дата25.01.2017
өлшемі448,23 Kb.
#8112


ӘОЖ 37+94(574)

ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ БОЙЫНША «ҒҰНДАР МЕМЛЕКЕТІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САБАҚТЫ КІРІКТІРІП ОҚЫТУ
Досбенбетова А.Ш. - п.ғ.д.,профессор

ОҚМПИ, Шымкент қ.



Есебаева А.Е. -тарих пәні мұғалімі,

Баймұрзаева Қ.Д. - математика пәні мұғалімі

№72 жалпы орта мектебі, Шымкент қ.



Резюме

В статье рассматриваются дидактические аспекты интегрированных уроков. Приводится технологическая карта интегративного урока по теме «Государство гуннов» по истории Древнего Казахстана, показаны межпредметные связи с математикой.

Summaru

The article discusses didactic aspects of integraded lessons. There is diven the technologia cal. Map of the integrated lesson on the theme “The nation of the Huns”. On the history of the ancient KZ, are shown interdisciplinaty connections with mathematic.
Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырым-дамасында: «Орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайын-да алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру», - деп нақты көрсетілген. Сауда-саттық қатынасы қашанда өзінің талабы мен шарттарын қояды. Бірқатар ғалымдар А.А.Бейсенбаева, Г.Н.Ворковецкая, А.А.Харунжев, Г.Ф.Федорец, В.В.Кудинов және тағы басқалары пәнаралық кіріктірілген (интегративті) сабақтар тарихи білім беруде оқушыларға өте маңызды жинақы білім болары сөзсіз деген ойла-рын ортаға салады. Себебі кіріктірілген (интегративті) сабақтар үш сатылы жүйеде өткізуді ұсынады.

«Ежелгі Қазақстан тарихы» курсы оқушылардың рухани-экономикалық дамуын-да оларда ғылыми ойлау және өз бетінше пікір тұжырымдау қабілеттіліктерін қалыптас-тыруда, Қазақстан Республикасының белсенді және білікті азаматтарын тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Мектептегі пәндердің кең көлемдегі интеграциясы, мектеп пәндерінің экономи-камен терең байланысы оқушылардың интеллектуалды танымын тереңдете түсіп, олар-дың зердесін арттырады, балаларда қазіргі таңдағы қажетті тарихи-мәдени ой-өрісті қалыптастырады. Бір пәннің мағлұматтарын екінші бір пәнге енгізу арқылы жүргізі-летін интегративтік курстардың басты мақсаты біліктілікті, ептілікті және өзара бәсеке-лестікті арттыру арқылы оқушылардың бойында экономикалық мәдениетті қалып-тастыру.

Интегративті (кіріктірілген) сабақ депмектептегі оқу пәндерінің беретін әртүрлі білімдерін ұрыптау және бір жүйеге келтіру арқылы, біртұтас жалпы ғылымдық тәсілдер мен философиялық түйсіну негізінде, адамды қоршаған ортаны, табиғатты, қоғамды танудың мүмкін болатын тәсілдерін ұйымдастыруға мүмкін-шілік беретін сабақты айтамыз [1, 16б.].

Интегративтік сабақтың мақсаты – оқушылардың тек қана едәуір ысылған жүйе-мен жаңа білімдер мен мағлұматтар алу ғана емес, сонымен қатар, оларды ойлауға, өз пікірін ашық айтуға, небір күрделі мәселелердің тиімді шешімдерін таба білуге үйрету.

Интегративтік сабақ оқушылардың сабақ кезінде білім алуларына жетістіктерге жетуіне және сол алған білімдерін (мағлұматтарын) келешекте еркін пайдалана алаты-нына мұрындық болатын механизмдердің бірі болып саналады. Алған білімнің бір-тұтастығын қалыптастыру, әлемге танымдық көзқарастарды құру, алған білімді филосо-фиялық мағынада сіңіру болып табылады.

Төменде 6 сыныптардағы «Ежелгі Қазақстан тарихы» пәнінен кіріктірілген сабақ-тың технологиялық картасын ұсынамыз.



Кіріктірілген сабақ: Ежелгі Қазақстан тарихы, математика пәндері.

Сабақтың тақырыбы: Ғұндар мемлекетінің тарихы

Сабақтың мақсаты: Ғұндар мемлекетінің тарихы жөнінде талқылау арқылы,өмірдегі оқиғалардың математикалық өлшеулер мен есептеулерден тұратынын білу арқылы, өзіндік пікірін еркін, жүйелі айтуға, шығармашылық, ізденушілік қабілеттерінің қалып-тасуына орта құру.

  1. Міндеттері:

СТО жобасына байланысты:/ даму мәселесі көзделеді

  1. Оқушылардың тақырып бойынша қажетті білімді өз-беттерінше оқи отырып білім алуына көмектесу;

  2. Мәселені тереңінен бойлап, ойлауды, ойлана отырып байыппен шешімдер қабылдауды өзін-өзі іске асыруға жетелеу;

Топтық жұмыстарға байланысты:/тәрбие мәселесі көзделеді

  • Оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту мақсатында өздерінің жеке дара ойларын жұпта және топта ортаға салып, талқылауға үйрету;

  • Оқушыларды топтық жұмыс барысындағы ережелерді (басқаның сөзін бөлмеу, тыңдау, өзгенің ойын құрметтеу, өзінің ойына сай келмейтін пікірлерге күлмеуді) сақтауға үйрете отырып, өзін-өзі мәдениеттілікке, тәрбиелілікке бағыттауға орта құру.

  • Қарым-қатынас жасай отырып бірлесе білім үйренуге және оны өмірде оны қолдану жолдарын қарастыруға көмектесу;

Тақырыпқа байланысты:/білім мәселесі көзделеді

Ғұндар тарихы туралы бұрынғы білімдерін еске түсіре отырып, сананы қосымша мағлұматтармен толықтыру



Күтілетін нәтижелер:

  • Оқушылар сабақ кезінде және одан тыс өз бетінше ізденуді;

  • Ойлануды, бірлесе жұмыс жасауды, бірлесе ортақ шешімдер қабылдауды;

  • Мәселені ортаға салып талқылауды және ең негізгі ақпарттарды таңдап өмірде қолдануды

үйрене алады;

  • Жұпта және топта қарым–қатынас жасай отырып, бір-бірінен үйренуге болатынын;

  • Ақпараттарды оқу, талқылау, ауызша / жазбаша жариялау арқылы білім алуға болатынын

түсіне алады;

  • бүгінгі сабақта ғұндар тарихы туралы көптеген мағұлматтар ала отырып, қоғамдағы барлық нәрсенің математикалық есептен тұратынын түсінеді

жасай алады;

Қолданатын әдістер мен философия: СТО философиясы, диалогтық оқыту, топтық жұмыс, АКТ-ны пайдалану, дарынды және талантты оқушыларды анықтау, бағалау, (сәйкестендіру), кластер құру, «математикалық домино», «тарихи шынжыр», «Дананың кілттері», «мәтінмен жұмыс»

Көрнекілігі: слайдтар, кілттер, флипчарт, маркер, топқа бөлу қағаздары, домино, бағалау парақшалары, мәтін парақтары, А-4 парағы, смайлингтер, стикерлер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Топқа бөлу: Ғұндар, Аттила, Қару жарақ, Ұлы Қытай қорғаны сөздері арқылы 4 топқа бөлемін.

І. Сабақтың қызығушылықты ояту сатысы:

Мұғалімнің мақсаты: Оқушының қызығушылығын ояту, өз бетінше білім алуды үйрету.

Оқушының мақсаты: Алғашқы, бұрынғы білімді еске түсіру арқылы оқуға, білім алуға мақсат қоюды үйрену, алған білімін өмірде қолдану.

Әр топ іріктелген суреттер мен дәйек сөздерді пайдала отырып бүкіл сыныпқа көрсетілетін таныстырылым дайындайды.

Көрсетілімдерді топтар бір-бірімен алмастырып көріп шығады да, топтар таныстыры-лым бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.

ІІ. Сабақтың мағынаны тану сатысы: «Дананың кілттері»

“Егер де” кілті – “Егер де?” деген сұрақ қойып, сол сұрақтарға жауап беру.

“Әліпби” кілті – берілген тақырыпқа қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліппе ретімен тізбектеңіз.

“Жаңа дизайн” кілті – күнделікті заттарға жаңа дизайн беру үшін қолданылады.

“Кемшіліктер” кілті – нақты бір тақырып бойынша кемшіліктер тізімін жасаңыз.

Сергіту сәті: «математикалық домино»

Математикалық мәтінмен жұмыс



1-топ

Ұлы Қытай қорғаны

Ғұн тайпаларының бірлестігі өздерінің көрші жатқан халықтарын басып алумен қатар Қытай жеріне де шабуыл жасайды. Ғұндар мен Қытай елінің арасындағы соғыс қимылдары 300 жылдан астам уақытқа созылды.

Цин патшалығы өзінің шекарасын қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды. Қорған 5000 шақырымға созылған, биіктігі 10 метр, әр 60-100 метр сайын күзет мұнарасы қойылған,ені екі арба жүре алатындай болған.

1 шақырым = 1 км 67 м

2-топ

Ғұндар мемлекетінің құрылымы

Ғұндардың мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, сол, оң, орталық қанатқа бөлінген. Мемлекеттің шаньюйден кейінгі басты тұлғалары түменбасы деп аталды. Олар 24 руды басқарған, 24 түменбасын шаньюй тағайындаған. Олардың әрқайсы-сында 10000-нан атты әскер болған. Түменбасы мыңбасын, жүзбасы және онбасын тағайындай алды. Ер азаматтардың бәрі белгілі бір жасаққа тіркеліп, әскери жаттығу-лармен шұғылданып, қару-жарақ, жебелі садақ, қылыш пен найза алып жүруге тиіс болған.

3-топ

Аттиланың өмір жолының тарихы

395-жылы Аттила дүниеге келді.

408-411 жылдары Аттила Римде және Равеннада болды.

435 жылы Аттила ғұндар императоры болды.

441-443 жылдары Аттила Шығыс Рим империясына жорыққа шықты.

451 жылы Аттила Батыс Рим империясындағы Галлияға басып кірді.

451 жылы жаз айында Ғұндар Каталауын даласында римдіктер, франктар, батыс готтардың біріккен әскери күштерімен шайқасты.

452 жылы Ғұндар Солтүстік Италияға басып кірді. Верона, Падуя, Милан және басқа қалаларды басып алды.

453 жылы Аттила қайтыс болды.

1846 жылы атақты итальян композиторы Джузеппе Верди өзінің “Аттила”операсын жазды. Аттила Италия халқын құлдықтан құтқарушы, дүниедегі ең үлкен құлдық қоғамды ыдыратушы, қайсар күрескер ретінде көрінді.

4-топ

Ғұндар тарихы

Б.з.б. 3 ғасырдың аяғында қазіргі Монғолияның оңтүстігінен Каспий өңіріне дейінгі аралықты мекендеген тайпалар “Ғұндар” деп аталған. Ғұндар кезеңі б.з.б. 3 ғасырмен б.з. 4 ғасыр аралығын қамтиды.

Б.з.б. 1ғасырдың ортасыда Ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді.

Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.б. 2 ғасырда басталып, б.з. 4 ғасырына дейін созылды.

«Постер құру». Оқушылар өздеріне қажетті мәліметтерді пайдаланып, постер құрады.

(Жеке, жұпта, топта талқылап, әр топтан бір оқушы топтың жұмысын жариялайды).

ІІІ. Ойтолғаныс сатысы.

«Тарихи шынжыр» әдісі арқылы, топтағы әрбір оқушы бір-бір сөйлемнен А-4 парағына жазады. Жазылған мәліметтер бойынша бір оқушы қорытындылайды.



Критерий бойынша бағалау

1. Ойын дәлелмен жеткізу

2. Сөйлеу мәнері

3. Топтағы белсенділігі

4. Сұрақтар қоя білуі

5. Топ мүшесіне көмектесу,ынтымақтастықпен жұмыс істеу

6. Математикамен байланыстыруы

7. Постерді жариялауға шығуы



Үй тапсырмасы: Сарматтар жөнінде жалпы мағлұматтар жинап келу.



Әдебиеттер тізімі:

1. Досбенбетова А.Ш. «Экономикада әлемінде» сыныптан тыс тәрбие жұмысының модульдік технологиясы Ш., 2009.-79 б.

2. Т.С.Садықов, Ә.Т.Төлеубаев, 6-сынып «Ежелгі Қазақстан тарихы» Алматы «Атамұра» 2011 ж.

3. Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» Алматы: «Атамұра» 1999 ж.

4. Н. Құлмұхамбетова «Қазақ тарихынан» Алматы «Жалын» баспасы 2004 ж

5. Ж. Д. Артықбаев, Ә.Б.Пірманов «Қазақстан тарихы» Атамұра 2008 ж.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет