Әож 796. 4 Ұлтық ойындар мектептегі оқыту барысын жетілдірудің тиімді қҰралы



Дата31.01.2018
өлшемі83,36 Kb.
#36986
ӘОЖ 796.4

ҰЛТЫҚ ОЙЫНДАР – МЕКТЕПТЕГІ ОҚЫТУ БАРЫСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ

Байдосова А.А. Сералиева Ұ.О. ОҚМПИ, Шегенбаев Н.Б. «Сырдария» университеті

Шымкент, Қазақстан
Резюме

Казахские национальные игры имеют самую широкую взаимосвязь во всех сферах в жизнедеятельности человека. Национальные игры положительно воздействуют на занимающихся не только на физическое развитие, но и укрепляют силу воли, психическое развитие до и в целом оказывают огромное воспитательное значение
Summary

Kazakh national games have wide relationship in all spheres of human activity. National Games have a positive impact on dealing with not only physical development, but also strengthen the will power, mental development and overall to have a great educational value.

Қазақ халқының ұлттық ойындарының қай-қайсысы болмасын әлеуметтік-педагогикалық белгілі бір мақсатқа негізделіп келеді. Қай халықтың ойыны болса да оның негізінде ұжымдық, топтасып ойнау мақсаты болса, қазақ ойындарында белгілі бір әлеуметтік мақсат пен тәрбиелік ниет астасып жатады. Солардың қайсысы болмасын адамның жасампаз қиялын оятып, өнерге үндеп, өз жанынан суырып салып айтуға, жаңалыққа еркін ойға жетелейді. Осы тұрғыдан алғанда, әр ойынның ойналатын өзіндік орыны, көздейтін мақсаты бар. Осыны есепке алған халық ұлттық ойынға үлкен мән беріп, оның әлеуметтік-педагогикалық, тәрбиелік мәнін дұрыс пайдалануға тырысқан және орынды қолдана білген. Сол ойындарға жеке-жеке ат қойылып, өзіндік ойнау мәнерін, өзіндік ережесін, ойынға қойылатын талап талғам, жеңімпазға қойылатын міндет секілді әлеуметтік мәселелердің жүктелуі күн ілгері ойластырылады. Мұның бәрі, шын мәнінде ойынның еркін бәсекеге негізделгенін көрсетсе де, ойынға қатынаушылардың алдына қойылатын әлеуметтік талаптың өте жоғары екенін айқындай түседі. Осының өзі тек әлеуметтік-педагогикалық талаптың жоғары екенін ғана көрсетіп қоймайды, сол әлеуметтік ортаның ұлт ойындарының бойына әлеуметтік-педагогикалық идеяны жоғары деңгейде сіңірудің өзі өнер деңгейіне көтерілу екенін білдіреді. Ұлттық ойынға қатынасу құқығына ие болу үлесі сол ойыншы бойына мысқылдап даритындығын еске алсақ, алдымен оны сол әрекетке итермелейтін мақсатшыл ойдың ынта-ықыласы болса керек. Ал іс-әрекет үстінде адам бойындағы әлі ұйықтап жатқан қасиеттер оянып, адамгершілік қасиетке ұласуы, және ерік-жігердің өсіп-жетіліп, күш-қуаттың қалыптасуы арқылы жеңіске бастап баратын қасиеттердің неше алуаны бас құрап, адамның жеңіс деген арманды үмітінің орын жағады, жігерін шындай түседі.

Қарапайым көзге бұл сыныптама орынды болып көрінуі мүмкін. Алайда, қазақтың халық ойыны дей отырып, оған ойыншықтарды, әскери-өнер жаттығуларын, аттракциондарды қосқанда, ойынның халықтығынан (ол кезде халық дегенді - ұлт деп түсінетін) ештеме қалмайды. Оны былай қойғанда, мұнда еш жүйеде ғылымилық мазмұн сезілмейді. Сондықтан біз мұндай бөлшектеп, араластыруды сыныптама деп атай аламыз.

Б.А.Тойлыбаев өзінің «Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика элементтерін пайдалану»[1]-деген кандидаттық диссертациясында ұлт ойындарын бастауыш сыныптардың дене тәрбиесіне пайдалану мәселесін сөз етеді. Автор өз еңбегіне сыныптама деп ат қойып, айдар тақпағанымен ұлт ойындарын негізге ала отырып, халық педагогикасының басқа элементтерін онымен ұштастыра отырып, дене тәрбиесіндегі эксперименттік жұмыстарды пайдалануға тырысқан. Алайда мұның өзі тәжірибеде қолданудан кейін өз еңбегін баянды көрсету үшін автордың қиялынан туған, еңбекті көрнекілеу мақсатында жасалған декорация тәріздес болып көрінеді. Диссертация мен авторефератты оқып отырған адамның осындай ойға қалары сөзсіз.

Н.К.Ахметов [2] өзінің "Ойын арқылы жоғары оқу орындарында педагог кадрларын әзірлеудің ілімі мен практикасы"-деген тақырыптағы докторлық диссертациясында ойынның жалпы сыныптамасын береді. Мұнда ойыңды табиғи және жасанды ойындар деп бөледі. Табиғи ойындарды балалар, жануарлар ойынына жіктеп, одан әрі акдемиялық емес ойындарды "Спорттық, Құмарлық ойындар т.б. деп қарастырады академиялық (оқытушылық) ойындарды тағы да екіге бөліп: 1. Имитациялық ойындар, оны рөлдік ойындар, жобалау ойындары, іскерлік ойындары деп үшке бөледі және нақты ситуациялық талдау, имитациялық жаттығу деп кеңейте түседі. 2. Имитациялық емес (оқытушылық) ойындарды: символдық және крассвордтар, ребустар т.т. деп бөледі.

Қазақтың ұлт ойындары деген мәселені бүгінгі зерттеушілер үстірт түсінетін секілді. Өйткені олар жалпы ұлт ойыны мен қазіргі ретіндегі мәселеге көңіл бөлінбей келді. Ұлт ойындарын әлеуметтік-педогогикалық іс-әрекетке қосу туралы бұл кезде алыс-жақын шетелдерде де айтарлықтай пікір айтушылар кездеспейді.

Сексенінші жылдардың басында қазақтың дәстүрлік ойындары мен жаттығуларын мектептегі дене тәрбиесі пәніне қолдану туралы педагогика ғылымдарынң кандидаты дәрежесін алу үшін қорғаған диссертациясында Т.Ж.Бекбатчаев ойынды сыныптау жасауға көңіл бөлген. Еңбектің тақырыбынан көріп отырғандай, автор қазақтың дәстүрлі ойындарына жаттығуларды қосады. Онда да ол таза ұғымында кездеспейтін жаттығуды қосады. Ол ол ма, оған ойыншықтарды тіркейді. Осылардың бәрін бір ұғымға жатқызып, казақтың халық ойындарының сыныптамасы -деп көрсетеді. Оны 10 бөлікке бөліп, кесте арқылы кескіндеген. Оқырманға анық түсінікті болу үшін, біз сол кестенің санымен жазып көрсеткен автордың мәтінін қазақшалап беруді жөн көрдік.

1. Ойыншықтармен ойналатын ойын.

2. Лақтыру, жүгіру және секіру элементтеріне қатынасты ойындар.

3. Күрес және қарсыласу элементі кездесетін ойындар.

4. Көзді байлап, ойналатын ойындар (бағдарлай білуді дамыту).

5. Аланда ойналатын ойындар (кешке, түнде өткізіледі).

6. Суда ойналатын ойындар.

7. Әскери-өнерлік ойындар.

8. Столда ойналатын ойындар.

9. Ат-спорт ойындары.

10.Аттракциондар.

Жас ерекшелігіне орай бұлар екі топқа бөлінеді:

1. Балалар ойыны.

2. Үлкендер ойыны [3].

т.б. Бұл бір жағынан халқымыздың тіл бйлығын көрсетсе, көне мәдениетінің жан-жақгы молдығын дәлелдейді. Сонымен бірге ұлт ойындарының туу, даму, өркендеу тарихы тым арыдан басталатынын, сан алуандығын баяндап, дәлелдей түседі.

Халқымыз жасаған ұлт ойындарының әлеуметтік-педагогикалық негіздерін зерттеп, пікір айту мәселесі Кеңес дәуірінде идеологиялық кедергіге кездесті. Тоталитарлық жүйенің кезінде ұлтқа қатынасты мәселенің күн тәртібіне қойылуына, оның тура мағына түгіл, жанама мағынада айтылуына тыйым салынды. Сондықган ұлт ойындарына ұлттық тұрғыдан қарап баға беру, оларды жіктеп, саралап, толықканды бағалау авторлар үшін оңай шаруа емес еді. Дегенмен, бұл салада да пікір айтушылар болды.

Қазақтың ұлт ойындарын жинап, баспа орындарына ұсынушылардың бірі Ә.Ә.Диваев болғанын біз жоғарыда келтірдік. Ә.Ә.Диваев қазақтың ұлт ойындарын тек жинап қана қойған жоқ, оның бала тәрбиесіндегі маңызын көре біліп, орынын белгілеуге тырысты. Ол қазақтың ұлт ойындарының әлеуметтік негізін анықтауға, білуге ұмтылды. Ол өзінің "Қырғыз (қазақ) балаларының ойыны" [4], деген еңбегінде Қазақ халқының қалыптаскан әдет-ғұрыпына орай жас өспірімдерді негізінен үш топқа бөледі: а) бір жастан жетіге дейін; ә) жеті жастан он бес жасқа дейін; б) он бестен отызға дейін. Осыны негізге ала отырып, қазақтың ұлт ойындарын да үш топка бөлген. Бірінші топқа, сәбилер ойыны деп ат қойып, баланың дүниеге көзқарасын қалыптастыратын ойындарды жатқызады: Соқыр теке, Түйе-түйе, Көк сиыр, Үйшік-үйшік, Қой бағу, Бөрік жасырмақ т.б. Екінші топтағы ойындарды бозбалалар ойыны деп атап, оған: Орда, Домалық ағаш, Бөрік жасырмақ, Такия телпек, шілік т.б. Үшінші топтағы ойынды жігіттер ойыны деп атайды да, осы топка жататын ойындардың өзін үш топқа бөледі .

1. Қоғамдық өмірге байланысты қазақ халқының ұғымында ерте қалыптасқан "Хан жақсы ма ?" ойыны.

2. Жедел қимылды ойындарды - Ақсүйек, Шамшық, Тиын салу, Алтыбақан, Арқантартыс, Белбеу тастау, Шертпек, Көрші т.б. жатқызады.

3. Спорттық маңызы бар ойындарды - Бәйге, Көкпар, Түйе жарыс, Аударыспақ, Жамбы ату, Жаяу жарыс, Жорға жарыс, Қазақша күрес, Қыз қуу, Сайыс, Таяқ жүгірту т.б. жатқызады.

Бұл біздің заманымызға дейін қазақтың ұлт ойындары туралы бұрын соңды айтылған, әлі күнге дейін өз құнын жоймай келе жатқан, ғылыми пікір айтуға ниет білдірген алғашқы еңбек болған.

Солардың бірі ұлт "ойындарын жедел қимылды ойындар" деп атап, оны дене тәрбиесіне пайдалану, сабақтың барсында қолдану мәселесімен айналысқан Ж.Т.Төлегенов [5] жедел қимылды ойындарды 6 топқа боліп сыныптайды. Бұл жерде зерттеушінің бір-қасиеттерін ескере бермейді. Қазақтың ұлт ойындарының негізгі ерекшелігі оның қай-қайсысының бойында болмасын жан-жақты әлеуметтік-педагогикалық негіздің барлығы мен әмбебаптылығы. Біздің пікірімізше, зерттеушілердің зерттеу барысында мұны естен шығаруларына болмайды. Олай болатыны тәрбиенің, оқытудың негізгі-мақсаты оқушының тек бір-жақты дамуы емес, жан-жақты біртұтас, кешенді дамуына жеткізу, соған әр пән бойыншы атсалысу. Пәнаралық байланысы ұмытуға болмайды. Сонымен бірге ойынның бала психологиясына ететін әсерін, оның ұжымдық, интернационалдық, балалар арасындағы достық, жолдастық, тіл табысу секілді дәнекерлік негіздерінде естен шығаруға болмайды.

Біздің пікірімізше, ұлт ойындарына комплексті, жүйелі шешім қажет. Егер біз ұлт ойындарын бүгінгі және алдағы ұрпақтардың игілігіне жаратып, тәрбие құралына айналдырамыз десек, оның әлеуметтік-педагогикаылқ негіздерін ашып, оны ғылыми тұрғыда бір жүйеге келтіріп және жұмыстың әдіс-тәсілдерінің әрекет құралына айналдырып, оған жаңаша ғылыми-ілімде көзқараспен қарауымыз керек.

Олай болса, ұлт ойындарын классификациялауға біржақты емес, жан-жақты, жүйелі шешім қажет. Оны тұтас педагогикалық процеске жақындата түсу үшін жалпы ілімдік жүйеге ұластыру мақсаты негізгі идеялық мүдде - Қазақстанның болашық жас ұрпағын бүгінгі және келешек талаптарға лайық етіп тәрбиелеу негізіне ұштастырылуы тиіс. Бұл жерде мынаны анықтап алуға'" қажет. Қазақ халқы 30-шы жылдарға дейін көшпенді жартылай көшпенді өмір салтын сақтап келді. Тұрақты әрі жалпақ елге жайылған мектебі болған жоқ. Бала тәрбиесінде барлық көшпенді елге тән халақ педагогикасы негізгі рөл атқарды. Біздің бұл жерде халық педагогикасы деп отырғанымыз қазақтың ғасырлар бойы өзі жасап, өзі байып, халқының да рухани баий түсуіне аз қызмет етпеген ұлттық ойындарының әлеуметтік-педагогикалық негізін сөз етіп отырмыз. Мұның үлкен тарихи-әлеуметтік мәні бар.

Мектептегі оқыту мен тәрбие жұмысының бүгінгі принципі жан-жақты дамыған дара тұлғаны қалыптастыру үшін, әр оқушыға жеке дара тұлға деп қарап, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін есепке ала отырып, жеке дара қабілетін зерттеу арқылы сол қабілеттің әрі қарай дамуына қамқорлық жасау, әрқайсысының бойындағы дара қасиетін көре білу.

Олай болса ұлт ойындарының осы қасиетін бүгінгі талаптарға сай оқу-тәрбие жұмысына пайдалану мүмкіншілігін арттыру педагогика ғылымының көкейкесті мәселесі, негізгі принциптерінің бірі болып табылады.




Әдебиеттер
1. Тойлыбаев Б.А. «Бастауыш мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика элементтерін пайдалану» п.ғ.к., дисс. авторефераты. Алматы, 1995.- 83 б.

2. Ахметов Н.К. "Ойын арқылы жоғары оқу орындарында педагог кадрларын әзірлеудің ілімі мен практикасы" п.ғ.д., диссертациясы. Алматы,1994.-92 б.

3. Бекбатчаев Т.Ж. Қазақтың ұлттық ойындары. // «Рауан». Алматы, 1991.- 67 б.

4. Диваев Ә.Ә. Қазақтың қимылды ойындары.//Организация и методика физической культуры. Науч.тем.сб.- Алматы. 1993.-36 б.



5. Төлегенов Ж.М. «Қазіргі педагогикалық үрдісте қазақтың ұлттық дене тәрбиесінің құралы мен формасы» п.ғ.к, дисс. авторефераты. Алматы, 1992.- 9 б.


.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет