Әож 796. 8 Халық ойындары мен спорт түрлері педагогиканың дәстүрлі тәсілдері



Дата30.04.2017
өлшемі93,13 Kb.
#15239
ӘОЖ 796.8
Халық ойындары мен спорт түрлері педагогиканың дәстүрлі тәсілдері

Байдосова А.А., Шегенбаев Н.Б

ОҚМПИ, Шымкент қаласы



Резюме

Основать теоретические основы и методы создания здорового образа жизни молодежи с использованием методов национальных видов спорта



Summaru
Purpose to base theoretical bases and methods of creation of a healthy way of life of youth with use of methods of national sports
Тұңғыш «Салауаттылық» деген ұғымды психолог И.И.Брехман енгізді. Психолог И.И.Брехман «Салалауаттылық – мінез –құлық пен дағдыны ретке келтіріп, өзін-өзі түсіне білу» - дейді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Салауатты» сөзінің мәні – парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді және сабырлы – деген мағынаны білдіреді. Бұл түсіндірмелер өз кезегінде салауаттылық сипаттамасын, оны қалыптастыру жөніндегі ұстанымның ауқымын кеңейтеді. Ал, «Өмір салты», «Өмір сүру»-әлеуметтік категория. Өмір салт – қоғамдық болмыстың, аумағындағы адамдардың іс-әрекеті, маңызды жақтарының жүйесі, жиынтығы. «Өмір сүру» - адамдардың табиғаттағы және әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас жүйесі, яғни ұзақ өмір сүруге талпындыратын іс-әрекет. И.Т.Левкина «салауатты өмір сүру әркімнің өз мамандығы деңгейінде дұрыс игере біліп, өнімді еңбек етіп, тұрмыс жағдайын түзете отырып, қоршаған ортаға қарым-қатынас жасай білуінде екенін негіздей отырып сипаттайды. Ол: «адамның салауатты өмір сүруі – адам мәдениетінің бөлігі, өмір сүру құндылығына байланысты» - деп атап көрсетті.

Яғни салауатты өмір салты өте күрделі және жан-жақты ұғым. Оған тек қана медициналық, биологиялық компоненттер ғана кіріп қоймай сонымен қатар әлеуметтік, экономикалық, психологиялық құрылымдар да кіреді:



- салауатты өмір салты – бұл денсаулыққа байланысты адамның алдына қойған мақсаттарына қол жеткізудің нақты мүмкіндіктері сияқты әртүрлі факторлардың әсері болатын өмір сүру барысында қалыптасқан көзқарастар жүйесі;

Баланың Өмір салты қызмет түрлеріне сәйкес және қажеттілікті интеграциялайтын тәсіл түрі. Өмір салтының құрылымы әртүрлі қызмет түрлері арасындағы субординация мен координация қатынастарында көрінеді. Бұл қызмет түрлері арасындағы уақытша бюджетті бөлу мен белгілі бір қызмет пен тынығуда айқындалады. Белгілі бір автономиялық пен көзқарасты игере отырып, баланың жеке тұлғасы өз әрекеті мен ойлауын қалыптастырады. Баланың өмірдегі қызметі біршама реттелмегендігімен және шашыраңқы ұйымдастырылумен сипатталады: өз уақытында тамақтанбау, жүйелі ұйқысының қанбауы ( жоғары мектеп жасында), қимыл-қозғалыс белсенділігінің жетіспеуі, таза ауада аз уақыт болуы, темекі, алкогольдік ішімдікті және есірткілік заттарды тұтыну. Бұл мотивациялық саланы, бағдарлану құндылықтарын және әлеуметтік белгіленуді дамытуға қол жеткізбеу болып табылады. Баланың өмір салтының жарқын көрсеткіштерінің бірі - күн тәртібі. Организмді қызметке баулу ритмдік өзгерістер жасаумен белгіленген, бұл қызмет түрлерін нақты бөлуді талап етеді: ұйықтау, тамақтану, оқу қызметі, еңбекпен айналысу, спортпен шұғылдану, серуендеу және т.б. Дұрыс жасалған күн тәртібі баланың бос уақытын дұрыс та жемісті ұйымдастыруға мүмкіндік береді, әлеуметтік тәртібін орнатуға профилактикалық құралдарды туындатуға және бала денсаулығына қауіпті зиянды әдеттердің туындауын болдырмауға игі ықпал етеді. Баланың күн тәртібі қалай құрылса, баланың салауатты өмір салтына қызығушылығын ұйымдастыруды солай анықтайды.

Бала денсаулығына әсер ететін екінші фактор тұқым қуалаушылық. Бұл факторлар тобының патогендік маңызы 20 %. Бұл фактордың осы уақытта үлкен маңызы бар:

  • табиғи ресурстарды барынша қолдану, оларды қайта
    өңдеу адамзат денсаулығына зиянды қалдықтардың жинақталуын болдырады. Жасанды синтезді біріктірулердің пайда болуы, яғни бұларға адам мен барлық жануарлар мен өсімдіктер әлемінің эволюция процесінде бейімделуі;

  • зиянды әдеттердің ұлғаюы: темекі тарту, токсикомания, ішімдік
    ішу, есірткі тұтыну.

Бала денсаулығына әсер ететін үшінші фактор — экологиялық фактор. Қазіргі уақытта адам денсаулығына қоршаған орта факторларының (климат, ауа-райы, электромагниттік сәулелер, экологиялық ахуал) әсерін дәлелдейтін ғылыми материалдар жеткілікті.

Ұлттық спорт түрлерімен, ойындармен, билерімен шұғылдану бос уақытты өткізуге көмектеседі, денсаулықты нығайтады және ең бастысы мінездердің қалыптасуына ықпал етеді.

Халық ойындары, спорт түрлері мен билері педагогиканың дәстүрлі тәсілдері болып табылады. Көп ғасырлардан бері оларда адамдардың өмір салты, олардың тұрмысы, еңбегі, халықтық тұғырнамалары, ар-намысы, ерлігі, ептілікке, төзімділікке, күшке ие болуға деген ұмтылысы, қимылдар жылдамдығы мен әдемілігіне, күле жүріп орындауға, шығармашылықты ақыл-ойға, тапқырлыққа, ерік күші мен жеңіске деген талпынысы көрінісін табатын. Халық ойындары мектеп оқушыларының интернационалдық тәрбиесі мен дене тәрбиесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Олардың бойында өз халқының мәдениетіне деген тұрақты, қызықты, құрметтеу қарым-қатынасы қалыптасады .[1.5б]

Балалар мен жеткіншектерді ерте жастан бастап халықтық дәстүрлер негізінде тәрбиелеу қоршаған табиғатқа, қоғамда өзара қарым-қатынас қалыптастыруға ықпал етті.

Ұлттық спорт түрлері мен ойындардың, бұқаралық спорт мерекелері мен жарыстардың негізгі қызметі адамның өмірлік маңызы бар дене және рухани сапаларын жетілдіру басты мұраты болып табылатын спорттық қызметтің ең басты маңызынан келіп шығады. Олардың педагогикалық маңызы кең мағынасындағы тәрбиелеу әдістері мен тәсілдері категориясына жатады. Бұл дегеніміз, қазақтың қазіргі ұлттық спорт түрлері осы спорт түрлерімен және ойындарымен шұғылданатындарға тәрбиелік әсер етуді ұйымдастыру тәсілінің нақты негізі екендігін білдіреді.

Спорт ойындары мен көңіл көтерулер қазақ халқының өмірінде өзінің бұқарашылдығымен үлкен орынға ие болатын. Ойындар мен спорт түрлері экономикалық, саяси және мәдени тұрғыдан артта қалған көшпенді қазақ халқы үшін театрлар мен стадиондардың орнын алмастырды.

Қазақтардың көптеген ұлттық халық ойындары бар: көкпар, бәйге, алты бақан, сақина тастау, соқыр теке, жекпе-жек, ат ойыны, ақ сандық-көк сандық, жорға жарыс, күрес, сайыс және басқалар. Бұл ойындар көбінесе күй сарынымен сүйемелденетін. Тұрмыстық билер де өмірге келген: Қара жорға, Өрмек, Ұршық, Ши орау, Жүн сабау, Саба пісу, тары түю және т.б.

Ұлттық ойындарда, салт – дәстүрлерде, әдет-ғұрыптарда, халық - ауыз шығармашылығында сау дененің сұлулығы туралы, мінез - құлық мөлшерлері мазмұндалады және салауатты өмір салтының барлық факторларының мәні толық көрсетіледі, оның өскелең ұрпақ бойында қалыптасу мәселелері ашыла түседі. Біздің пікірімізше, жинақталған халық тәжірибесі қазіргі таңда өзінің көкейтестілігін жоғалтпақ түгілі, мәселені шешудің басты құралы болып табылады және тәрбие жұмыстарында қеңінен қолданылады.

ҚР-ның түрлі аймақтарында кеңінен тараған спорт түрлерінен асқа да ойын түрлеріне тоқталсақ:

Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр. Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай? Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер..., жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, «қассың ба, доссың ба?», қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике. Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады. Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар.[2.3б]

Гуманистік көзқарасты қолдайтын психологтар мен педагогтардьің пайымдауынша, мұндай көзқарастар салауатты әлеуметтік және жеке тұлғалық дамуға ерекіпе екпін түсіреді, жеке тұлға дамуына мән бере қоймайтын, тек нәтижелерге ғана бағдар ұстайтын директивалы көзқарасқа аз мән беріледі. Гуманист педагогтар оқушыларға сәттілік тәжірибесін ұсынуды, сәтсіздіктер емес, қолдайды, «...Гуманистік көзқарас адам өз өмірінде қандай болған болса, солай қабылдай отырып, олардың сезімдері мен ұмтылыстарын құрметтеу арқылы әрбір адам өзін-өзі танып білуіне құқығы бар деп біледі...; егер біз мұғалім, ата-ана ретінде шынайы түрде қамқорлық, келісім таныта білсек, басқалардың өсуі мен сабақ оқу қабілетінің артуына ықпал ете аламыз.». Гуманистік көзқарастың осындай бағасымен және әдістерімен біз толық қосыламыз. Педагогикалық тәжірибе нәтижелері ат спортына және қазақша күреске оқыту-үйрету барысында олардың тиімділігін мақұлдай түседі.

Сабақтың мазмұны жайлы айтсақ, логика бойынша, сабақтың басынан бастап оқушыларды қызықтыра білу қажет, оларды спорт түрінің шығу тарихымен, ұлттық спорт түрлері бойынша өткізілген жарыстардың тарихымен, атақты спортшылардың өмір жолымен және жарыс ережелерімен қоса сабақ барысындағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуына да ерекше мән берген дұрыс. Оқыту әдістемесі дене жүктемелеріне бейімделуі үшін педагогикалық принциптер мен заңдылықтардың орындалуын қарастыруы тиіс, олардың орындалу көлемі мен жаттығу жүктемелерінің қарқынын бірте бірте арттырып отыру қажет.



Қазақстан жеріндегі ұлттық спорт түрлерінің қазіргі кездегі жастар тәрбиесіне тигізетін үлесін зерттеу жан-жақты қарастыру.

  1. Ұлттық спорт түрлерінің қазіргі замандағы шешілмеген мәселелері.

  2. Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің ережелері.

  3. Ұлттық спорт түрлерінің жас ұрпаққа тәрбиелеудегі мыңызы.

Бұл әдебиеттер жинағы бойынша алынған мәліметтер ұлттық қазақтың спорт түрлерінің жастарды тәрбиелеудегі қызметтік тек педагогикалық міндеттер бағытта ғана емес, дене дайындығы және спорттық жаттығудың жалпы білімі мен әдістемелеріне әсер ететін жағдайлар бойынша ұлттық спорт түрлері және басқа да спорт түрлерінен жаттығуды ұйымдастырудың түрлері мен әдістемелеріне арнайы жаттығулар жасауға мүмкіндік туғызады.

Педагогикалық бақылау қазақтың ұлттық спорт түрлерімен айналысушы жастар мен жасөспірімдер арасында дене тәрбиесі сабағында өткізілді.

Сабақтар дәстүрлі түрде өткізіліп, мүнда оның мазмұны, дайындық әдістері, тәсілдері, бақылау әдістері түсіндірілді.

Бақылау нәтижесінде студенттерге қазақтың ұлттық спорт түрлерінің келешек жастарды тәрбиелеудегі маңызы және оның қызыметін жетілдірудің тиімділігі туралы айтылды.

Оқушылардың дене тәрбиесі бағдарламасы 15-18 жас аралығын қамтиды, Мектеп жасы кішкентай, орта және үлкенге бөлінетіндігі бізге белгілі. Осы жаста бала жаттығу жасауға өте құмар келеді және жаңа қиын қимыл түрлерін қабылдайды.

Орта және үлкен жастағы балалар көбінесе спортқа құмар келеді. Олар қиын қозғалыстарды өз беттерімен үйренуге талаптану барысында өз бойларынан ерлік өжеттілік қасиеттерін таба алады, бірақ бұндай кездерде жарақат алып қалуы да мүмкін.

Педагогикалық ұжымның, медицина қызметкерлерінің мақсатқа бағытталған жұмыстарының нәтижесінде көрсеткіштер жыл өткен сайын жақсара түсті және олар жоғары деңгейге дейін көтерілді. Сауықтыру шараларының(аэрофитонизациялау, офтальмотренинг, динамикалық үзілістер, дене шынықтыру шаралары, сіңір салмағын өсіру шаралары, витаминге бай және құрамында йоды бар рационалды тамақтану) кешенді жоспарын жүзеге асырудың арқасында денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға қол жеткізілді.


Пайдаланылған әдебиеттер

1.Тәнікеев М.Т., Асарбаев А.Қ. Қазақстандағы дене шынықтыру спорт тарихы // Оқу құралы - Алматы, 2002 ж. 5 бет.

2.Алимханов Е.А. Қазақша күрес ережесі. // Алматы, 2000 ж., 3-5 бет
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет