Әож 81. 1(574) ахмет байтұрсынов және терминология мәселелері



Дата31.12.2019
өлшемі45.5 Kb.
ӘОЖ 81.1(574)
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ибраймов К.Ш., Аргимбаева Н.Р.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Қазақ халқының кең дархан даласы, мейірман жан дүниесі, табиғи болмысы, туа біткен талантты қасиеттері өмірге талай азаматтарды әкелген еді. Арқалы, құйма, арлы істің айнасы Ахмет Байтұрсынов туралы ағартушы, қазақ тілі лингвистикасының көш бастаушысы, рухани-мәдени тарихымыздың көрнекті өкілі, қоғам қайраткері, белгілі ғалым-педагог, қазақ әдебиет теориясының негізін салушы, ақын, аудармашы, филолог т.б деп тізбектей берсек, тізіле берері анық.

Ахмет Байтұрсыновтың терминология саласында көтерген мәселелері қазір жаңаша көзқараспен қайта қаралып жатса да, қайнар көз, бастамасы А. Байтұрсыновтың еңбектері мен баяндамаларында жатқаны белгілі. Қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері жинақталған.

«А. Байтұрсынов. Тіл тағылымы. – Алматы. Ана тілі» 1992 жылғы кітаптың Ахмет Байтұрсынов (өмірі мен қызметі туралы) кіріспе бөлімінде « Тіл – құрал » - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған құбылыс. Оның жалғыз тіл емес, өзге де пәндерден оқып үйренетін қазақша жазылған кітап, құрал дегендерді білмей-көрмей келе жатқан қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін автордың өзі де ескертеді.[1, 20 б.] Сонда Ахмет Байтұрсынов өмірде болмаған, қазақ ұғымында жоқ нәрседен сүбелі дүниені қалай тудырды деген ой қалады. Біздіңше, Ахмет Байтұрсынов ауылдағы мұсылманша сауатты адамдардан хат тануы, одан кейін Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесінде оқуы, Ыбырай Алтынсарин салдырған мұғалімдер даярлайтын оқу орнында төрт жыл оқуы, ағартушылық істі ынтық ықыласпен таңдап алуы, 13-14 жыл бойы (1895 – 1909 жылдар арасында) ауылдық, болыстық бастауыш мектептер мен 5-6 жылдық екі кластық училищелерде мұғалім болып істеуі, өз сөзімен айтқанда, 1929 жылы 1 мамырда өз қолымен жазған (орыс тілінде) өмірбаянында «1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақыттарымда өз бетіммен білімімді толықтырдым., әдебиетпен шұғылдандым » деп [2, 16 б.] атап көрсеткендей іздену әлемдегі өзгеріс жаңалықтардың бәрі оқу біліммен өзгеріп жатқанын көріп, біліп отырған Ахметтің сол кездегі қазақ халқының мүшкіл, қараңғы, сауатсызданған халі оны ойландырып, жарық іздеген жолы – білімде екенін айқындаған еді. Сондықтан ешқандай да жоқтан бар жасаған жоқ. Еуропа, русь елдерінің алдыңғы қатарлы іс-тәжірибесін, білімін бойына сіңіре отырып, қазақ халқы алдындағы борышын өтеу үшін мыңдаған есе еселей еңбек ете отырып, ешқандай да қателік жібермей, жай ой, көзқарас, құрал жазу, кешірілмес кінә екенін, көңілі ашық, ойы терең, рухани бойы – байлық, өлең жыр десе төгіліп тұратын, халық ауыз әдебиетінің неше түрлі жайларымен жанып тұрған ел-жұрты алдында жауапкершілігі мол істі бастауына зор талсаммен қарап, бар дүниесін, білім-ілімге арнаған еді. Одан кейін қазақ алфавитін және емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім. Үшіншіден, қазақ жазба жұмысын бөгде тілдік қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің (жағымсыз) әсерінен тазартуға әрекеттендім. Төртіншіден, қазақ прозасын (яғни іс қағаздар тілін, публицистика мен ғылыми тілін) жасауда кітаби сипаттан арылтып, халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін, ғылыми терминдерді жасауға кірістім және стильдік өңдеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым» [2, 16 б.] деп жазғанында тұрғандай, көтерген мәселелері, әлі күнге дейін толық шешімін тапқан жоқ. Ол мәселелері:

- халықтың сөйлеу тәжірибесі;

- ғылыми термин;

- стильдік өңдеу үлгілері;

- кітаби тіл;

- ғылыми тіл;

- публицистика;

- іс қағаздар тілі;

- жағымсыз өзге тілдер әсерінен тазарту;

- синтаксис;

- емле;

- қазақ алфавиті;



- грамматика;

- қазақ тілінің дыбыс жүйесі.

Бұлар тек өмірбаянында көрсеткен мәселелер, ал оның еңбектері мен баяндама, оқулықтарын т.б. ашып қарасақ, қаншама мол істердің шешімін табуға болар еді.

Оқу-білім не үшін қажет, барды-жоқты жасау үшін емес, халықтың сөйлеу тілін бейнелеп, жүйелеп, түсіру үшін. Таза, тұнық тіл халықта, ілім-білім халықта, салт-сана, дәстүр халықта. Халық дәуірден-дәуірге, ғасырдан-ғасырға, жылдан-жылға еншелеп жасаған нәрсесін ашып берсек қана ғылым-ілім жасампаз болады. Ондай болмаса мәңгі іздену, адасу жолында жүреміз. Ахмет Байтұрсыновтың «Айтылу – жазылу қазақ тілінде ғана мүмкін» деген ұлағатты сөзі басқа тілдерде дыбыстар түрінде жазу мүмкін емес, сондықтан фонемамен жазылады. Тіліміздегі морфонологиялык принципті алып тастап сөйлеу тіліне жақындатар едік. Халел Досмұхамедұлының (Оқығандар тіл бұзады) деген қағидасын қатаң еске сақтау керек. Біз қазақ халқының қамқоршысы болғымыз келсе, қазақ халық тілінің үгіттеуші, сол тілді жазу өрнегіне салып, халықтың емлені басшылыққа алу керек.

Термин деген сөз бөліп тұрмаса, халық тілінің бөліне жарып тұрғаны ештеңке жоқ. Оған дәлел «Бұлардың барлығы дерлік қазақ сөзінің не байырғы мағынасын жаңғырту (өзгерту), не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген атаулар, көбі жасанды сөздер. Сонылығына, жасандылығына қарамастан, әрқайсысы сол өзі атап тұрған тілдік категорияны дәл білдіретін термин (Пән сөзі) болып бүгінге дейін қолданылып келе жатқан өміршендігі дәлелдейді [3, 21 б.] деп филология ғылымдарының докторы, қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Рәбиға Сыздықова мойындап жазуынан аңғарғанымыз термин сырттан алынған сөз еместігіне көз жеткіземіз. Бірақ термин табиғаты мен мәні толық ашылмағандықтан дайын орыс, халықаралық т.б. сөздерді алып, тілімізді тоздырып жүрміз. Сондықтан термин мәселесінің маңызы ерекше. Оны мынадан байқауға болады: терминсіз ғылыми тіл жоқ. Ғылыми тіл болмай ілім-білім болмайды. Ілім-білімді қарапайым сөйлеу тілі арқылы түсіндіру шұбалаңқы, ұғымы кең, мәні ұзақ сөйлемді болып кетеді. Тәжірибеден өтіп, іс тетігі бір ұғымға сиятын сөз болса, ол ықшамды, түсінікті болып, қай ілім жайында сөз болғаны айқындалып тұрады. Ілім-білім өмірде қандай керек болса, терминдер соның жаны, күре тамыры.

«Ахмет Байтұрсынов және терминология мәселелері» деп тақырып қойғандай «А. Байтұрсынов терминология мәселесіне қанша назар аударған. Ол тек тіл білімі саласы емес, әдебиеттанудың да көптеген терминдерін жасағаны мәлім» немесе «Ғылымның тек осы екі саласы емес, жалпы мәдениетке, тарихқа қатысты әлеуметтік терминдердің де көпшілігі Байтұрсынов қаламынан туып, қазір авторы ұмытылып, жалпы халықтық сөздер болып кеткенін де айту керек» [3, 21 б.] деп көрсеткендей сан-салалы терминдерін осы жұмысыма сыйғызу мүмкін болмағандықтан тек тіл біліміндегі термин мәселесін көтере отырып тыңнан термин жасаған ғалым екендігін дәлелдеуді мақсат тұттық. Өйткені Ахмет Байтұрсыновқа дейін атай салып термин және терминология мәселесін көтерген ешкім жоқ, ол – жаңа арна, тың тілдік сөздер тудырған еді.

Ә. Қайдаровтың «Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас», «Қазіргі қазақ тілі» оқулығы, К. Ахановтың «Тіл білімінің негіздері» оқулығы, Ж.Б. Нәлібаев пен Ж.Қ. Қайранбаевтың «Араб тілі мен әдебиеті терминдерінің сөздігі » С. Ақаев пен Д. Мыңбаевтың «Терминдерді алдын ала жіктеп, жүйелеп алу жолдары», «Қазақ тілі» 7 сынып оқулығы, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», Ш. Құрманбайұлының «Сөздің лексикалық және терминологиялық мағыналары арасындағы өзгешелік пен ұқсастықты ұғым белгілері арқылы анықтау», И. Мұратбаеваның «Терминология жүйесіндегі метафоризация», Е. Бейсенғалидың «Қазіргі қазақ және түркі тілдеріндегі жаңа қолданыстар» мақалаларын, А.С Аманжоловтың «Қазақша-орысша лингвистикалық терминология сөздігі» еңбегін т.б. ғылыми еңбектерді талдай отырып, қазіргі терминологиясын басты мәселелері мен жаңаша көзқарастарына бірыңғай терминология жүйесінің талаптарына, қазақ тіл білімі терминологиясына өзіндік ғылыми пікірімізді білдіріп, ой қорытындыладық.

А. Байтұрсыновтың ғылыми мұрасын обьективті зерттеу үшін тек қазақ тіл білімінің жетістіктеріне сүйеніп зерттеу жетіспейді, жалпы түркологияның, әлем тіл білімінің жетістіктеріне сүйеніп зерттеу керек [4.216б.] Себебі, А. Байтұрсынов еңбектерінде XX ғасырдың бірінші ширегіндегі жалпы түркі тіл білімінде, әлем тілтанымында пайда болған ұғымдардың, ғылыми бағыттардың іздері байқалады.

А. Байтұрсыновтың тілтанымдық терминдерінің статистикалық анализінің нәтижесі қазіргі қолданылып жүрген терминдердің статистикалық ерекшеліктерімен бірдей емес. Айырмашылықтар терминдердің жалпы санына да, құрылымына да, салалық ерекшеліктеріне де қатысты. Мысалы, А. Байтұрсынов дүниеге келтірген 310 тілтанымдық терминнің 245-і күрделі тұлғалы терминдер, 65-і дара тұлғалы терминдер. [5.67б] Яғни күрделі тұлғалы терминдер 3,75 есе басым. Бұл өте үлкен көрсекіш.

А. Байтұрсыновтың терминдер қорында күрделі тұлғалы терминдердің басым болуын төрт түрлі себептермен түсіндіріп тұрмыз.

1. ХХ ғасырдың басында қазақ тіл білімінің терең және жан-жақты қалыптаспағандығы;

2. ХХ ғасырдың басында қазақ, жалпы түркі тілтанымында да, әдістемесінде де терминологияның енді қалыптасып келе жатқандығы;

3. А. Байтұрсынов жасаған терминдердің көпшілігінің нақ ғылыми подстильге емес, оқыту-ғылыми подстильге арналғандығы (оқушы ұғымды бір сөзбен айтқанда емес, сөз тіркестерімен айтқанда тез ұғады);

4. А. Байтұрсыновтың терминдер қорындағы термин деп анықталып жүрген біраз сөз тіркестерінің термин статусы деңгейіне көтерілмегендігі, ұғымның түсіндірмесі статусында болғандығы.

А. Байтұрсыновтың терминдерінің біразы қазіргі қазақ тіл білімінде қолданылмайды, себебі олардың мағыналық, статистикалық ерекшеліктері: бүгінгі ғылыми стильдің терминологиясының талаптарына жауап бермейді. Оның себебі заманның өзгеруінде, ғылымның дамуында, жаңа полиұғымдардың пайда болуында, интертерминдерді қабылдау бағытының күшеюінде. Бірақ біз бұл жағдайды кемшілік деп түсінбейміз: бұл жағдай ғылымның замандық ерекшеліктерінің нәтижесі.

А. Байтұрсынов лексикологияны тілдің жеке иерархиялық саласы ретінде көрсетпеген (лексикологиялық терминдер жасағанымен), Байтұрсынов «Сөз жүйесі» деп морфологияны атаған. Бірақ сөзді тілдің негізгі бірлігі ретінде фонетикада да, сөзжасамда да, морфологияда да, синтаксисте де қарастырған, яғни біздің ойымызша, А. Байтұрсынов сөзді тілдің салааралық ғылыми ұғымы (бірлігі) статусында түсінген.

Ахмет Байтұрсынов статистикалық ізденістер жасаған (көркем әдебиет тілі негізінде), бірақ стилистиканы да арнайы тіл ғылымы ретінде жекелендірмеген, стилистикалық терминдер жасамаған.

Бұл екі жағдайды былай түсіндірген жөн:

1. Тіл білімінің салаға бөлінуі бірден болған емес. Мысалы, орыс тіл білімінде дериватология (сөзжасам) енді ғана тілдің арнайы иерархиялық саласы болып бөлініп шықты;

2. Стилистиканың жеке тіл білімі болып толық қалыптасуы, жоғары оқу орындарында жеке пән статусында қызмет етуі. ХХ ғасырдың екінші жартысына тура келеді, сондықтан әлі әлем тіл білімінде жан-жақты орнықталмаған ғылымды А. Байтұрсыновтан талап етуіміз тарихи да, ғылыми да әділдікке жатпайды.


Әдебиет


  1. Байтұрсынов. А. Тіл тағылымы. – Алматы,1992,20 бет

  2. Байтұрсынов. А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992,16 бет

  3. Байтұрсынов. А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992,21 бет

  4. Жүсіпұлы (Джусупов) М. Ахмет Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонологиясы – Алматы, Ғылым, 1998, 216 бет

  5. Жалмаханов. Ш.А. Байтұрсынұлы – қазақ лингвистикасы терминдерінің негізін салушы. – Қарағанды, 1997, 67 бет

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia
Konferencia -> Өмірбаяны байбатша Ә. Б
Konferencia -> МҰхаммед хайдар дулати қазақ хандығының тарихын алғаш зерттеуші кәрібаев Б. Б
Konferencia -> С., Алпысбаева Ғ. Б. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Konferencia -> ШӘКӘрім мұрасы – Ұрпақтар мұраты өтеш Ж.Ә., Рахимкулова Д. Т. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
Konferencia -> Өмірбаяны мен еңбектері керімбаева Р.Қ., Сембаева Г. П
Konferencia -> М. Х. Дулатидің «ЖАҺаннаме» поэмасының Ұлттық руханияттағы маңызы тамабаева Қ.Ө
Konferencia -> Әож 809. 434 058 О. БӨкей шығармаларының ерекшеліктері
Konferencia -> Әож 821. 512. 122: 82-96 МҰхамед хайдар дулатидың Әдеби көркемділігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет