Әож педагогтарының КӘсіби дамуындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың РӨЛІ



бет3/5
Дата25.03.2022
өлшемі57 Kb.
#136703
1   2   3   4   5
Байланысты:
ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ
менеджмент 4 пр, Дәріс 12, мөж 12 апта
Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі.
«Активті экран» кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.
«Активті экран» бағдарламалық – техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.
Бағдарламалық — техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі :
— Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;
— Алған білімді жүйелеу ;
— Өзін — өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
— Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмысістегенде әдістеме
лік көмек беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.
Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенін 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге «мұғалім – оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.

АКТ қолдану мұғалімге не береді? деген сұрақ туындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет