ӘӨК 7896.50
Қазақстанда спелеотуризмді дамытудың мүмкіндіктері мен болашағы
аға оқытушы Зиявдинова А.Қ.
Алматы қ.,Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық университеті
Аннотация: Туризм - мемлекеттің жарнамасы. Сол себепті туризм саласын дамытуды қолға ала отырып, Қазақстанда белсенді туризм түрлерін дамытудың мүмкіндігі зор. Спелеотуризм мүмкіндігі мол туризм түрі.
Түйін сөздер: Спелео, мамонт үңгірі, әктас, гипс, доломит.
Туризмнің белсенді бағыты туристерді көп қызықтырады. Туризмнің ерекше бір түрі ол -спелеотуризм немесе қазақша айтқанда үңгір туризмі.
Үңгір — жер асты суларының әрекеті нәтижесінде утас, доломит, тас тұзы, гипс сияқты тез еритін шөгінді жыныстардың тараған ауданында пайда болатын көлемі әр түрлі жер асты қуыстары: гипс пен әсіресе тас тұздары кездесетін жерлерде пайда болған үңгірлер көбінесе кішкене болып келеді де, мәңгілік сақталып тұрмайды, себебі төбесі әлсіз болып құлап қалады.
Спелеотуризм–үңгірлерде, әр түрлі жер бедерінің күрделі лабиринттер жағдайында өтетін, үңгірлердегі төменгі температура мен жоғары салыстырмалы ылғалдылық жағдайындағы, табиғи жорықтың болуымен сипатталатын жұмыстарды ұйымдастыру. Өз бойында тау және су туризмі техникасы элементтері мен құрал-жабдықтарын біріктіреді [1].
Ең ірі үңгірлер утастар мен доломиттер тараған жерлерде пайда болады. Олардың қатарына, мысалы, АҚШ-тың Кентукки штатындағы жер жүзіндегі ең ірі Мамонт үңгірі жатады; ол бірнеше сталактитті залдар мен коридорлардан тұрады. Оның жалпы жүруге болатын бөлігінің ұзындығы 200 км-ге жетеді. Үңгірлердің дамуы өсу және толу кезеңіне бөлінеді. Өсу кезеңінде ол пайда болған жыныстардың еру процесі ұлғайып, үңгірдің көлемі үлкейеді, ал толу кезеңінде үңгір төбесіндегі жыныстың еруі мен тамшылауы нәтижесінде сталактиттер мен сталагмиттер қарама-қарсы өсіп, түйіседі де, үңгір іші бағаналармен толып бітеліп қалады. Бұл жағдай көбінесе утасты үңгірлерде кездеседі. Кейбірінде қысты күні қырау мен мұздақ пайда болады. Ондай мұзды үңгір Қырым мен Оралда кездеседі. Олардың ішіндегі көптеген ірілі-ұсақты тарамдары да бар. Мысалы, Оралдағы Сальва өзені жағасындағы Күңгір қаласынан 5 км қашықтықтағы Күңгір үңгірі. Қазіргі уақытта үңгірлерді зерттеу ісімен спелеология ғылымы айналысады.
Үңгір — тау жыныстары қабаттарындағы әр түрлі пішінді қуыстар. Олар көбінесе әктас, гипс, доломитте пайда болып, жер бетімен кіретін тесіктер арқылы байланысады. Үңгірде жер асты және атмосфера суы әкелген суы әкелген әкті туф немесе басқа материал түзіледі, қуыстар әдетте жартылай немесе толық суға толады. Көп таралғаны және өлшемдері бойынша ең үлкендері — карстық Үңгірлер. Көптеген Үңгірлер әдетте алма-кезек орналасқан тар және кең бөлмелерден тұрады. Жарылымдар бойында түзілген Үңгірлер иір пішінді келеді. Табиғатта үңгірлердің ашық (екі жағы да ашық, кесіп өтуге болады) және тұйық (қап сияқты бір жағы ғана ашық) түрлері кездеседі. Қалыптасу сатысындағы үңгір қабырғалары ашық болса, ал қалыптасуы аяқталғандарда әр түрлі сауыстар (сталактит, сталагмит, сталагнат, т.б.) түзіліп, қуыстарды толтыра береді. Үңгірлердің өлшемдері әр түрлі. Мәселен, Солтүстік Америкадағы Мамонт үңгірі жалпы ұзындығы 300 км-ге жуық тарамдалған күрделі дәліздер торабынан тұрады. Ірі үңгірлер Қара теңіз жағалауында, Орал тауларында кең таралған.
Спелеотуризм өзге мемлекеттерде дамығанымен, бірақ Қазақстанда кенже дамып келе жатқан туризм саласы. Мысалы, «Қызықты мың үңгірлі» аттанған Израильді спелеотуризмнің дамыған ортасы деп айтумызға болады. Қазақсатанда спелеотуризм ресурстары, яғни үңгірлер саны көп болғанымен, дамыған спелеотуризм ошақтарын табу қиын. Дегенмен де, бұл саланың дамуының экономикалық маңызылығы зор болар еді. Бұл сала зерттелмеген үңгірлерді ашуға, дамытуға және де жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді
Қазығұрт тауының географиялық орналасу орны, климаты, туристік ресурстардың көптігімен ерекшеленеді. Соның бірі спелеотуризмнің негізі – Үңгір әулие немесе Қазығұрт үңгірлері. Қазығұрт тауының Алмалық деп аталатын солтүстік шығыс өркешінде Үңгір әулиесі бар. Бұл киелі үңгір бөлме-бөлме болып кете береді. Оның ақыр соңы кәрі Сайраммен жалғасатын жер асты жолымен ұласады. Мұндағы үңгірлердің саны да, құпиясы да, тарихы да көп. Сонымен қатар, бұл үңгірлер жайлы «Тіршілік бастауы –Қазығұрт», «Наурыз –Қазығұрттан басталады», «Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол әулие болмаса неге қалған» деген аңыз-әңгіме, шежірелер бар. Және де Қазығұрт тауы маңынан Динозавр сүйегінің табылуы да туристерді қызықтыруы мүмкін. Сондай-ақ, Қазығұртта киелі үңгірлердің көптілігімен қатар, түрлі емдік қасиетімен де белгілі. «Айдаһар ұясы» аталатын үңгірге кіруге көп адамдардың жүрегі дауаламайтын көрінеді. Ал мұнда кірген адам түрлі ауруларынан, айталық, қан қысымы, буын ауруларынан айығатын көрінеді. Дуние жүзіндегі ең танымал Флинт-Мамонтова (Аппалачи тауы, АҚШ, 563 км); Оптимистикалық (Подольская возвышенность, Украина, 207 км) және Еуропадағы ең үлкен "Красная пещера" ( 17 км) сияқты үңгірлер өзінің әдемілігімен, тұздылығымен, мәрмәрлығымен ерекшеленсе, Қазығұрт тауы үңгірлері шипалы суымен ерекшеленеді. Үңгір ішіндегі «Тамшы су» соған куә бола алады. Сонымен қатар, Қазығұрт тауының «Ұлы Жібек жолы» бойында орналасуы туризмнің дамуына негіз бола алады.
Қазақстанда 140-тан астам үңгір бар. Қаратау жоталарының карбонат қат-қабаттарында 80-нен астам үңгір кездеседі. Олардан басқа Талас Алатауы, Өгем жоталарында 20, Үстірт пен Маңғыстауда 11, Каспий ойпаты, Солтүстік Аралда 4, Сарыарқада 12, Алтай, Қалба, Тарбағатайда 5, Жетісу Алатауында 2, Іле Алатауында 6 үңгір есепке алынған. Үңгірлер алғашқы адамдардың тұруына қолайлы баспана болған. Мұндай Үңгірде алғашқы адамдардың мәдени ескерткіштері (әр түрлі қарулар мен еңбек құралдары, тұрмыс заттары, қабырғадағы суреттер мен бейнелер) және жануарлардың қаңқа сүйектері кездеседі. Көптеген үңгірлер туризм нысаны. Үңгірді зерттейтін ғылым саласы үңгіртану (спелеология) деп аталады.
Спелеотуризмді дамыту арқылы табиғи объектілерімізі (үңгірлерімізді) зерттеп, ондағы ландшафты қорғауға мүмкіндік аламыз. Сондай-ақ, Қазығұрт туралы жоғарғы тиімділікті жарнама жасап, географиялық карталар, жақсы орындардың фотосуреттері, аңыз-әңгіме, шежіреге байланысты видеофильмдер түсіру, буклеттер мен брошюралар жасап, шоулар ұйымдастырып, Қазығұрттағы спелеотуризмді дамытуға және бәсекелестіктің күшеюіне мүмкіндік аламыз. Сонымен қатар, көшпелілер дәуірі, мәдениеті қайта жаңғырып, салт – дәстүр, әдет- ғұрпымыз сабақтасып жатса шетел туристерінің қызығушылығын арттырары сөзсіз [4].
Шет ел зерттеушілерінің айтуынша, спелеотуризм адамдарды сабырлылық, тәубешілік, сергектік қасиеттеріне баулыйтын көрінеді. Сонымен қатар, спорттық туризмнің бір саласы болып табылатын спелеотуризм экстрималды жаны қалайтын жастардың сұранысын арттырары сөзсіз еді. Соңғы уақытта спелеотуризм спортшылар және туристер арасында танымал туризм түрі болып табылады.
Қазақстан ерекше табиғи мүмкіндіктер мен мәдени-тарихи нысандар мұрасына иелік етеді. Қазақстанның 14 облысының әр қайсысы қонақтарды көрікті көріністерімен, халқымыздың бай мәдениетінен хабардар ететін ежелгі ескерткіштерімен таңғалдыра алады. Туристер 700-ден астам бағыт-бағдарды таңдай алады. Қазақстанның солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс және орталық аймақтары туризмнің қолданыста бар – танымдық, ойын-сауықтық, этникалық, экологиялық, сауықтыру, балалар, спорттық, аңшылық, атты, шым-шытырық оқиғалы, тағы басқа да түрлерін ұсынуға мүмкіндігі зор.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Биржаков М.Б. Введение в туризм. – СПБ.: «Герда», 2000. – 192 с.
Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства. /Пер. с англ. – М.: Аспект Пресс, 1995. – 360 с.
В.Н. Вуколов. Халықаралық туризмнің тарихы және теориясы. Астана, 2005.
С.Р. Ердавлетов. География туризма: история, теория, методы, практика. – Алматы, 2000 – 336с.
РЕЗЮМЕ
В данной статье рассматривается возможности развития спелеотуризма в Казахстане
SUMMARY
This article examines the possibilities of development in Kazakhstan speleoturizma
Достарыңызбен бөлісу: |