Тері. Эмриональді дамудың қайнар көздері және жолы. Орналасуына байланысты ерекшеліктері. Жасқа байланысты өзгерістері. Регенерациясы. Тырнақтар.
Орындаған: Жанғалиева Торғын
ЛАБД-11
-Эпидермістің құрылысы. - Дерманың қабаттарының құрылысы мен қызметтері. -Шаштың құрылысы. -Тері бездері.
Жоспар:
Эпидермістің құрылысы.
Эпидермис- құрғап кету мен ағзаға бөгде ауру тудырғызатын заттардың кіріп кетуінен қорғайтын зат. Тармақтары мен темірлері қосымша функция алып жүре алады. Целлюлоза, пектиндер, гемицеллюлоздар, жасуша қабырғасын қаптап тұратын кутинді пленка. Созылмалы және жазықты. Өсімдіктің қабатын бір қабатпен қаптап отырады.
Капиллярлар
Тері бездері
Тері
астындағы
май
Эпидермис
Дерма
Май бездері
Түк-түбірі
Капиллярлар
Эпидермістің құрылысы.
Дерманың қабаттарының құрылысы мен қызметтері.
Терінің дерма қабаты дәнекер ұлпадан түзілген.Оның қалындығы 1-2,5мм
Дерманың эпидермиске жанаса орналасқан сыртқы қабатын- емізікшелі, ішкі жағын – торлы қабат дейді.Дерманың емізікшелі тығыз талшықты дәнекер ұлпадан тұрады. Бұл қабатта қантамырлары, лимфа тамырлары,жүйке талшықтары,өте жиі орналасқан. Эпидермисті қажетті қоректік заттармен осы қабат қамтамасыз етіп тұрады.Емізікшелі қабаттағ тарақ,емізік тәрізді өскіндерге байланысты әр адам терісінің сыртқы бедері түрліше болады.Қылмысты істерді анықтауда саусақ ұшындағы тері бедері көп пайдасын тигізеді.Дерманың торлы қабаты,тірек қызметін атқарады. Бұл қабатта түктің түбірі, тер жіне май бездері орналасады. Теріде сүт бездері болады. Тер бездері де сыртқы секреция бездеріне жатады.
I-Эпидермис, II- Дерма (нағыз тері қабаты), III-Тері асты шел қабаты.
1-Түк, 2-мүйізді қабат, 3-өсуші қабат, 4-тері безінің саңылауы, 5-жүйке талшықтарының ұштары, 6- тер безі, 7-түкті тіркейтін бұлшықет, 8- май безі, 9- шел қабатындағы май ұлпасы, 10- қан тамрлары.
Дерманың қабаттарының құрылысы мен қызметтері.
Шаштың құрылысы
Шаш тері үстінде орналасқан негізгінен және терең дермада орналасқан түбірден тұрады. Шаш түбірінің ең тереңде орналасқан бөлігі пиязшық деп аталады, ол шаш өсуін қамтамасыз етіледі.
Түбірі және пиязшығы цилиндр формалы шаш фолликуласы ішінде орналасады, ол тері беткейіне ашылады. Сонымен қатар фолликулаға тері бездерінің өзектері ашылады. Шаш пиязшығы тез бөлінетін және пинменті көп жасушалардан тұрады.
Шаш түбірі анатомиялық 3 бөліктен тұрады:
Орталық (ұзын шаш негізінде): пигмент пен мүйізделген жасушалардан
Қыртысты зат : шаштың негізін құрайды,пигментті мүйізді элементтерден тұрады.
Кутикула :бір біріне қабаттасып орналасқан, 10 қабат мүйізделген жасушалардан тұрады.
Тері бездері- нағыз терең қабатында және шел қабатында болады. Олар шуаққа оралған түтікшелер болып табылады. Тері бездерінде терінің бетіне бөлініп шығатын тер болады. Әдетте тер аздаған мөлшерде бөлініп отырады. Қоршаған ортаның температурасы жоғарылағанда немесе қызу дене еңбегі кезінде тер бөліну күшейеді.
Тер бездерінің пішіні түтікке ұқсас, оның өзегі терінің сыртына кішкене тесікшелер - шұрықтар түрінде ашылады. Тер бездері алақанда, табанда, қолтықта, тақымда көп шоғырланған. Тер бездері арқылы термен бірге ыдырау өнімдері бөлінеді. Тер бездерінен бөлінген тер дене температурасының тұрақтылығын сақтайды. Балаларда тер бездері нашар дамыған.