Мамырдың қасиетті күндерінің бірі – 9 мамыр Жеңіс күні барлық қазақ елі үшін қасиетті күн! Қазақ елінің Ұлы Отан соғысы арасындағы маңызы зор болып келеді. Соғыс барысында көптеген адамдар өз жақындарыннан айрылып бүгінгі күнге дейін хабар-ошарсыз кеткен аталарын іздестіріп отырған,жан дегенді бауырлары мен жарларын жоғалтқан адамдардың сены көп.
«Ұлы Отан соғысы» Ұғымы
Ел үшін жанын қиған батырлардың,өзегінің өкініш өртеген жандар мен қуаныштан жүрегі жарылады шаттанған пенделердің тілегім болған қасиетті
Хиуаз Қайырқызы Доспанова (15мамыр 1922жылы, 20мамыр 2008 жылы) – Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы.
«Патриотизм»
Патриотизм дегенде ең әуелі батыр Бауыржан Момышұлы еске түседі. 1943 жылы жарақат алған даңқты қолбасшы оңалту кезінде Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтпаевтың бастамасы бойынша Қазақстанның ғылыми және шығармашылық интеллигенциясымен бірқатар кездесу өткізеді. Бір апта бойы Б.Момышұлы соғыстағы адам психологиясы жайлы лекция оқыды, бұл 1990 жылы шыққан «Психология соғысы» кітабының негізіне айналды. Туындыда патриотизмге терең әрі жан-жақты анықтама берілген.
Мәншүк Мәметова
Ұлы Отан соғысы басталған кезде МәншүАлматы медициналық институтында оқып жүрді.
1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып21-атқыштар дивизиясының, құрамында ұрысқа қатысты.
Аға сержант , пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
Отансүйгіштік
Отансүйгіштік сезім Отанға, туған жеріңе, өскен ортаңа деген сүйіспеншілік. Ұлтыңды құрмет тұту, тарихтан, ана тілден ажырамау – бұл жас ұрпақтың бойына сіңіретін қағидалар. Анығы, ұлтыңды сүюге тәрбиелеуі керек. Жалпы, ұлттың мақтан тұтар дүниесі – кімге болса да бұлжымайтын әрі қасиетті заң болуы тиіс. Ұлттық мақтаныш – ұлтшылдық пен шовинизмге қайшы: салт-дәстүр мен тілді сақтап, рухани даму және қоғамды жаңғыртуға, сонымен қатар, тәуелсіздікке қол сұғушылар мен басқа этникалық топтарды қорлауға тыйым салады.
«Отан үшін күрес» деп ұрандатқан жауынгерлердің бірі – Кенжеғұл диханбаев
Майдангер Кенжеғұл Диханбаев 1910 жылы дүниеге келген.
Әкесі Диханбай мен анасы Сейткүл қарапайым шаруа адамдары
атанып мал баққан. Өзі туып өскен ауыл мектептерінде латынша білім алады. Содан 1943 жылы әскер қатарына шақырылып, №185 атқыштар полкінде ұрысқа қатысады. Сөйтіп, Украина, Беларусия, Польша қалалары маңындағы шайқастар да ерлік көрсетеді. Талай-талай жорық жолдарын басынан өткеріп, майдан шебінде азаттық үшін аянбады.
Бейбіт өмірімізге ризашылық
От пен оқтың ортасында жүріп, бейбітшілік үшін күрескен майдангерлердің ерлігі ел есінде ұмытылмақ емес. Тіпті, жеңіс үшін, елімізден майданға сан мыңдаған сарбаз аттанып, олардың көбісі майдан даласында қаза тапты. Олар өз ұрпақтары, болашағы үшін жанын беру дайын болып келді, сондықтан да біз оларға риза болып, өз алғысымыз білдіріп, мәңгі есте қалалық тай болуы қажет.