Саңырауқұлақпен улану. Саңырауқұлақпен улану улы саңырауқұлақтарды,сонымен қатар жеуге жарамды, бірақ бүлінген саңырауқұлақтарды жеген кезде пайда болады. Ең улы саңырауқұлақ – жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар. Бір саңырауқұлақты жегеннен адам қайтыс болуы мүмкін. Саңырауқұлақты суда қайнатқан кезде оның құрамында болуы бар улы заттектер жойылмайтынын есте сақтау керек. Уланудың алғашқы белгілері бірнеше сағаттан кейін белгілі болады. Дененің жалпы әлсіздігі фонында сілекей ағады, жүрек айниды, адма көп рет құсады, түйіліп қатты ауырады, адамның басы ауырады, айналады. Іш өте бастайды, нерв жүйесінің зақымдану симптомдары пайда болады. Көру қабілеті бұзылады, адам сандырақтайды, галлюцинациялар, қозғалыс қозуы, құрысқақ пайда болады.
Алғашқы көмек.
1.Науқастың асқазанын зонд арқылы калий перманганатының әлсіз (қызғылт түсті) ерітіндісімен жуады немесе жасанды әдіс көмегімен адамды құстыру керек. Ерітіндіге адсорбенттерді қосқан пайдалы белсендірілген көмір,карболен.
2.Бірнеше рет тазарту клизмасын қояды. 3.Науқасты көрпемен жауып, айналасына жылытқыны салып, ыстық шай, кофе береді.
4.Науқасты дәрігерлік көмекті көрсетілетін емдеу мекемесіне дереу жеткізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |