Әрбір мемлекеттің болашағы мектепте шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар-бүгінгі мектеп оқушысы



бет1/3
Дата31.03.2020
өлшемі105,48 Kb.
#61118
  1   2   3
Байланысты:
математикалык кешті уйымдастыру

Кіріспе

Еліміз егеменді мемлекет болғалы барлық салаларда ауқымды өзгерістер болып жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс болған жоқ. Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің талабына сай келетін, парасатты білім мен біліктілікті жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесіңің міндетті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылыммен практика жетістіктері негізінде адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған. Сонымен қатар мемлекеттік білім беру саласындағы тұжырымдамасы, Қазақстан мектептерінде математикадан білім берудің мемлекеттік стандартына жеке тұлғаның шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту, біліктілігі жоғары білімді мамандарды даярлауды көздейді.

Осы орайда орта мектепте математиканы оқытудың білімдер жүйесемен және ол білімдерді сапалы түрде қолдана алудың іскерліктері мен дағдыларын берік қалыптастыру болып табылатынын ескерсек, бастауыш мектепте математикалық міндеттің, сауаттылығын көтеруді мақсат етеді. Мұндай мақсаттарға жетуде сыныптан тыс жұмыстар да үлкен рөл атқарады.

Әрбір мемлекеттің болашағы мектепте шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар-бүгінгі мектеп оқушысы.

Болашақ Қазақстан мектебі ұлтқа, оның мүддесіне қызмет етуі керек. Олай деуге негіз, бір халықтың болашағы мен ертеңін екінші бір ұлт сайлауы да, дамытуы да мүмкін емес. Солай екен, қазақ балалары өз ата-бабасының өткен тарихын, тілін, салт-дәстүрі мен мәдениетін, жерін қастерлей білуге тәрбиеленіп, өсіп жетілуі қажет. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстанның 2030 жылға арналған бағдарламасындағы бала тәрбиесіне қатысты сілтемелері де осыны меңзейді. Елімізде экономикалық парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеу ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті. Жас ұрпаққа білім тәрбие беретін бала жанының бағбаны мұғалімдер ары таза, адал, әдепті, ұстамды, төзімді; екіншіден мұғалімнің ой-өрісі кең, өз мамандығына сай, өз ойын оқушы шәкіртіне анық, дәл айтып түсіндіре білуі; үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, әрдайым оқушылармен әдептілік қарым-қатынаста болуы қажет; төртіншіден, мұғалім теорияны өмірмен байланыстырып, өзі беретін сабағына кеңінен пайдалануы қажет; бесіншіден, мұғалім үнемі өз бетімен ізденіп, педагогикалық әдістеме жаңалықтарымен танысып, өзінің ой-өрісін кеңейтіп отыруы қажет[1].

Математика мұғалімнің алға қойған мақсаты – бастапқы математикалық түсініктер, аксиомалар, математика әдістерінің өзімізді қоршаған өмірден, оның заттарынан абстракциялау арқылы құбылыстарын жалпылау арқылы алатынын білу.

Математикалық кештер оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар баланың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Математикалық кештердің балаларға берері көп. Балалардың патриоттық, отан сүйгіштік, елге, жерге деген құрметін арттырады. Әр бала белгілі бір рольдерді орындау арқылы немесе пікірталас арқылы және өз ойын жеткізу арқылы бойындағы жеке қабілеттерін дамытады.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Математикалық кеш оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады, ойлау қабілеттерін дамытады, ынтымақтастықта болуға тәрбиелейді. Математика пәнінен сабақтан тыс жұмыс оқушыларға қабілеттерін дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер береді, математикаға деген қызығушылықты арттырды. Сабақта зерделенген теориялық материалдарды кеңейту және тереңдету ғана емес, сонымен қатар сабақта алған білімді стандартты емес міндеттерді шешуге қолдана білуді дамып, оқушылардың міндеті бойынша белгілі бір жұмыс мәдениетіне тәрбиеленеді. Математикалық кештер арқасында оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, тәлім-тәрбиеге үйренеді, өмірге қажетті ақпаратты ала алады, әртүрлі ойындар арқасында пәнге деген қызығушылық артады.

Курстық жұмыстың мақсаты:


  • оқушылардың алған білімдерін тереңдете түсу, олардың парактикада, өмірде кең түрде қолдануын көрсету;

  • оқушылардың жаңа ғылыми және техникалық идеялар әлеміне енуіне көмектесу;

  • өз ойын жеткізе білуге үйрету.

Курстық жұмыстың міндеті:

  • математикалық кеш оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсуі;

  • логикалық ойлауды, тапқырлықты математикалық қырағылықты дамыту;

  • неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды көрсету білу олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу;

  • математикаға тарту, соның арқасында тәртіпке күшейте түсу;

  • табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа және ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Курстық жұмыстың пәні: Математика.

Курстық жұмыстың объектісі: Математикадан сыныптан тыс жұмыс.

Курстық жұмыс болжамы: Егер мұғалім математикадан сыныптан тыс жұмыс сабақтарында математикалық кештер ұйымдастырса, онда оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады, оқушылар білімі тереңдей түсіп, шығармашылық және ізденушілік қасиенттері артады.



Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, төрт бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттен тұрады. Кіріспе бөлімінде пәнге шолу, тарихи мәліметтер, зертеуге қатысқан ғалымдар жайында мәліметтер, курстық жұмыстың мақсаты, міндеті мен өзектілігі жайында жазылған және курстық жұмыс болжамы келтірілген.

Бірінші бөлім математикадан сыныптан тыс жұмысдарды ұйымдастыру технологиясы деп аталады. Бірінші бөлімде математикадан сабақтан тыс жұмыстар мақсаты, міндеті, ерекшеліктері, ұйымдастыру технологиясы, математикалық кеш түсінігі, математикалық кештерді ұйымдастыру, математикалық кештер тиімділігі және маңыздылығы жайында айтылады. Осы бөлімде сонымен қатар, кештерді өткізу әдістемесі, оқушылар мен мұғалімдердің математикалық кештерге дайындалу тәртібі, математикалық кештерден күтілетін нәтиже сияқты маңызды тақырыптар айтылады.



  • Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, міндеттері, кызметі, түрлері, олардың ерекшеліктері мен математика сабақтарымен өзара байланысы.

  • Балалардың жас, жеке-дара ерекшеліктерін, кабілеттері мен дайындық деңгейлерін ескеру.

  • Конкурстың және олимпиаданың есептерін шығару, стандартты емес және қызықты тапсырмаларды орындау барысында, сыныптар қызығушылықтарына орай курсты таңдап алуға және математиканы тереңдетіп оқытуда оқушылардың өзіндік шығармашылық іс-әрекетіне сыныптан тыс жұмыстарда басшылық жасау сияқты математикадан сыныптан тыс жұмыс сабақтарын өткізуге қашет маңызды мағлұматтар бірінші бөлімде көрсетілді.

Курстық жұмыстың екінші бөлімі математикалық кештердің тақырыптарының мәні, орта буын сыныптарындағы математикалық кештерді ұйымдастыру, жоғарғы сыныптардағы математикалық кештерді ұйымдастру тақырыптардан тұрады. Екінші бөлімде математикадан сабақтан тыс жұмыс түрі математикалық кештерді орта буын және жоғарғы сыныптарда өткізу үлгілері көрсетіліп, математикалық кештерді ұйымдастыру барысындағы ерекшеліктер көрсетілді.

  1. Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы

1.1Математикадан сыныптан тыс жұмыстар


«Математикадан сыныптан тыс жұмыстар» деп қатысуға еріктілік принципіне негізделген және идеялық-саяси тәрбие сипатында мектепте жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысын тереңдететін, сондай-ақ оқушылардың математикалық оқу-тәрбие дәрежесін арттыратын сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстарды түсінеміз.

Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу үшін мұғалімнің білімі терең, жан-жақты дамыған, педагогикалық шеберлігі болуы — басты мәселе. Сабақтан тыс уақытта жұмыстарды жүргізу кезінде мұғалім оқушының талап-тілегін, қызығатын мәселелерін жан-жақты қамтуға мүмкіндік табады.

Математикадан үлгірмеудің, бір себебі — оқушылардың пәнге аз қызығатындығы. Әрине, сабаққа деген қызығуды мұғалім оны жүргізу үстінде тудырса, ал жүйелі түрде жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар бұны одан әрі дамытуға себепші болады.

Оқушылар сабақта, ойын немесе жұмыс үстінде ойлау, өлшеу, есептеу, табу, зерттеу сияқты процестермен кездеседі. Оларды ұштау, жетілдіру — мұғалім мін-деттерінің, бірі. Осы мағынада түрлі жаттығулардың — математикалық есептердің, математикалық сөзжұмбақтардың, ойындардың рөлі зор. Белгілі  педагог В. А. Сухомлинскийдің басқаруындағы мектеп тәжірибесі көрсеткендей, оқушыларды еліктетіп, жігерлендірмейінше, тәрбиенің нағыз өз мәнінде болуы мүмкін емес. Міне, сондықтан да сабақ үстінде іздену мәселесін міндет етіп қойып, оны шешуде түрлі ойындарды пайдалансақ, сабақтан тыс шұғылданыстар бұларды толықтыра түсуге арналады.

Алдымен математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және оны өткізудің әдістемелік негіздері мынада екендігін ескерген жөн:


  1. Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың сабақта алған білімдері мен дағдылары негізінде ұйымдастырылады.

  2. Сыныптан тыс жұмыс оқушы инициативасынан басталып, олардың жеке қажеттіліктерін өтейтіндей бағытта жүргізілуі тиіс.

  3. Сыныптан тыс жұмыс оқушыларды математикаға қызықтыру мақсатын көздеуі тиіс.

Мұғалім ол үшін жүйелі, әрі жоспарлы жұмыстар жүргізеді. .

Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың түрлері де көздеген мақсаттарына қарай: сергіту минуттарындағы қызықты математика элементтері, математикалық газет, математикалық бұрыш, математикалық үйірме, математикалық кеш ұйымдастыру, математикалық жарыстар, экскурсиялар, математикалық ойындар болып бөліне береді.

Сыныптан тыс жұмыстардың әдістемелік негіздері мен мақсаттары айқындалғаннан кейін, оқушылар коллективімен жүргізілетін жұмыстың түрлері таңдалады. Ол мәселені мұғалім сынып тілегі, материалдың көлемі, оқушылардың қатысымдылығы сияқты фактілермен айқындайды. Енді жұмыс түрлеріне, оларды ұйымдастыру мәселелеріне, оқу-тәрбиелік сипаттарына тоқтайық.

Қызықты есептер. Сыныптан тыс жұмыстар кезінде шешілетін есептер мына бағытта болуы керек. Математикадан бастауыш сыныпта етілетін, бірақ қиын шығарылатын есептер мен тапқырлықты талап ететін логикалық есептер астарласып келуі тиіс. Берілетін есептер оқушылардың жас шамасына шақталып, оқушыны жасытпай, қайта жігерлендіретін, математикалық инициативасын артыратындай, түсіндіруі жеңіл, тұжырымдалуы қысқа болғаны жөн. Есеп зерделікке, қиялдауға, логикалық ойлауға, тапқырлыққа, байқампаздыққа, есепті шешу тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейтіндей болуы керек. Сондай-ақ есеп өмірден алынатындығын таны-татындай болуы қажет.

Қызықты есептер өлең, әзіл, ермек, викторина түрінде де жазыла береді.

Өлең есепте өлеңді жазу заңдылығын пайдалана отырып, математикалық есеп құрастырылады. Онда не белгілі, белгісізі не екендігі айтылады. Олар есепті ше-шуде байланыстырылады. Табылған жауаптың дүрыстығы тексеріледі. Кейде есепті өлең түрінде тұжырымдау, оқушыны әдеттегіден тыс күйге түсіріп, өзіне баурап алады. Өлең есеп оқушыларды ұжымдыққа, адамгершілік қасиеттерге, математикалық заңдылықты байқауға, тыңдай білуге, негізгіні қосымшадан ажырата білуге тәрбиелейді. Өйткені математикалық ұғымның, өлеңде тұрмыстық мағынасы кеңірек ашылады.

Әзіл есептер өлең түрінде де, қара сөз түрінде де кездеседі. Есеп шарты дұрыс берілгенімен, қорытындысы әзіл түрінде ұшқары айтылады. Алайда, есеп-дұрыс есеп болғандықтан, оның астарлы сыры болады. Сондықтан жауап тез талап етіледі. Соңынан жауап талданып, жауаптың дұрыстығы дәлелденіп керсетіледі.

Логикалық есептер – кеңірек ойлануды қажет етеді. Есеп жауабы бір немесе бірнешеу болуы мүмкін. Есептің бұл түрі мұғалімнен де, оқушыдан да аңғарым-паз болуды талап етеді. Логикалық есепті шешу қатаң дәлелге сүйеніледі. Сондықтан мұнда қысқа есептей салу, көрнекілікпен астарластыру болуы ықтимал. Мұндай есептер логикалық ойлауға, қиялдауға, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.

Математикалық тақпақ мәнерлеп оқылады. Оны оқудың үлгісін мұғалімнің өзі көрсетеді. Сондықтан мұғалім тақпақ сөзін оқушыға жаттатқаннан кейін, дұрыстап оқуды үйретеді. Тақпақ арқылы математиканың өмірден алатын орнын, қоғамды дамытудағы ролін сипаттаймыз. Кейде ол арқылы оқушының мінезқұл-қын, оның кемшілігі мен жетістіктерін сынаймыз. Мұндай әдіс нәтижесі әсерлі келеді, оқушыларды ұжымдыққа, ұстамдылыққа, адамгершілік қасиетке, Отанды сүюге, математиканы кұрметтеуге, адал еңбекті бағалауға, достыққа тәрбиелейміз.

Математикалық жұмбақ жауабына немесе оның тұжырымдалуына математикалық ұғымдар, символдар, терминдер енеді. Жұмбаққа қойылатын талаптар мұнда да сақталады. Жұмбақтар өлең-ұйқас түрінде де, ребустар, викториналар түрінде де келтіріледі. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымны қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді. Оқушы қиялының дамуына елеулі әсер етеді. Жұмбақ жауабы да, осыдан, түрліше болуы ықтимал.

Математикалық жаңылтпаш үйірме отырыстарында тіл ұстарту үшін қолданылады. Тіл — ой көркі. Сөйтіп, әр нәрсеге байыппен қарап, батыл сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне жаттықтырады. Халық тілін меңгеруге, халық қазынасына құрметпен қарауға тәрбиелейді.

Математикалық монтажды бір сыныпта немесе сыныпаралық кеште ұйымдастыруға болады. Математикалық монтаж әдеби монтаж сияқты белгілі тақырыпқа арналып өткізіледі. Монтажға қатысушылар тақырыпты жан-жақты ашу мақсатында өлеңді, қара сөзді кезектесіп, мәнерлі, көтеріңкі, ырғақты дауыспен орындайды. Бұлай орындау, екінші жағынан, ойдың мазмұнын ашу үшін де керек. Осындай жаттығу, орындау үстінде, оқушы ойды түсінуге, дұрыс сөйлеуге, ұстамдылыққа, сыпайылыққа үйренеді. Математиканы құрметтеуге басқаларды үгіттейді.

Математикалық турнир – командалық жарыс. Турнир бір сыныптағы жұлдызшалар немесе параллель сыныптар арасында ұйымдастырылады. Турнир болатындығы алдын ала хабарланады. Оған команда мүшелері бірігіп даярланады. Турнир белгілі бір тақырыпқа арналады. Мәселен, жануарлар мен жәндіктер,  өміріне транспорт түрлерінің техникалық сипаттарына, халық шаруашылығындағы табыстарға, кейде есептерге арналады. Турнирде талданған тақырып оқушыларды қызықтырып, олардың білімін толықтыруға тиіс. Турнирді ұйымдастырудың тәрбиелік мағынасы да ұмытылмауы тиіс. Турнир болатын күн хабарланып, оны салтанатты ашу турнирдің ұйымшылдықпен өтуіне көмектеседі. Командаларды қамқорлыққа алған сынып оқушылары даярлайды. Командаларға берілетін сұрақтар, есептер алдын ала іріктеледі. Оны мұғалім анықтайды. Турнирге қатысатындар команда бойынша нөмірленіп, бірегей нөмірлер өзара жарысады. Көп ұпай жинаған команда озады. Жеңімпаздар суреті газеттен орын алады. Турнирге берілген есептер, сұрақтар үйірме отырысында талданады. Әдетте турнирді жабу кезеңінде қорытынды жасалады.

Математикалық сайыстар турнирмен мазмұндас. Тек мұнда қарсы командаға берілетін есептерді, сүрақтарды оқушылар даярлайды. Бірақ оны мұғалім қарап шығып, толықтырады. Бұл жарысушыларға бірыңғай талап қоюга мүмкіндік жасайды. Екіншіден, сайысқа қатысушылар біріне-бірі тапсырманы күні бұрын береді. Тапсырманы орындау мерзімін мұғалім тағайындайды. Тапсырма тексеріліп, соның нәтижесі бойынша жеңімпаз команда айқындалады. Кей жағдайда сайысқа қатысушылардың математика дәптері де үлгі ретінде қарастырылып, оған ұпай белгіленеді. Мұндай жағда оны мұғалім жыл басында-ақ хабарлап қояды. Сайыстар оқушыларды қиындыққа төзуге, ұстамдылыққа, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, ұжымдыққа тәрбиелейді.

Математикалық викторина — жарыстың түрі. Оны кеште, жиында, үйірме отырысында пайдалануға болады. Ол сұрақ түрінде де, есеп түрінде де өткізіледі. Басқарушы есепті, не сұрақты дауыстап көпшілікке оқиды. Сондықтан оны жиынға қатысушының кез келгенінің шешуге мүмкіндігі бар. Кім бұрын қолын көтерсе, содан жауап алынады. Егер жауап дәл немесе толық болмаса, онда басқадан сұралады. Жауаптарға байланысты ұпай қойылады. Дұрыс жауапқа комиссия 2 ұпай, толық емес жауапқа 1 ұпай береді. Көп ұпай жинаушы жеңімпаз атанады. Сұрақтардың саны 3-4 -тен аспағаны жөн. Егер сұраққа ешкім жауап бере алмаса, оның жауабын басқарушы немесе мұғалім айтады. Викторина түрлі мазмұнды материалды қамтиды. Сондықтан ол оқушының білімі мен даярлығы болуын талап етеді. Мұғалім осыны ескеріп, газет бетінде материалдар жариялап, не жеке параққа жазып шығарып отырады. Параққа әуелі сұрақтар, кейін оның жауаптары жазылады. Оқушының викторинаға арналған дәптерінің болғаны да артық емес.

Викторинанық кейбір есептерін жазу үшін тақта, плакаттар да қажет. Викторинаға тұжырымдалуы қысқа, көп есептеуді талап етпейтін, ауызша шешуге ыңғайлы, қарапайым есептер беріледі.

Оқушы викторинаны шешу арқылы білімін кеңейтіп, жан-жақты дамитын болады. Сұрақ қойып, сөйлеу мәдениетіне үйренеді. Көзқарасын жақтауға баулынып, өз бетінше жұмыс істеуге, аңғарымпаздыққа тәрбиеленеді.

Математикалық кеш – сыныптан тыс жұмыстардың көбін қамтитын жұмыс түрі. Сондықтан ол ойластырылып, жоспарлы түрде өткізіледі. Кешке мұғалімдерді, ата-аналарды, қамқорлыққа алған сынып оқушыларын шақыруға болады. Математикалық кешті, негізінен, үйірме мүшелері даярлайды. Үйірме мүшелігіне басқа оқушыларды тарту мақсатында оларға да азды-көпті тап-сырмaлар беріледі. Өздeрін жақсы жақтарымен көрсеткен оқушылар үйірме мүшелігіне алынғандығы кеш соңында хабарланады. Мұндай игі істeр үйірме мүшелерінің беделін көтеріп, оқушылардың математикаға деген қызығушылығын aрттырады. Көпшілік алдында өз баласының табысын керген aта-aна да мектеппен жиі байланыс жасайтын болады. Maтематикaлық кешті жарты жылдық қорытындыға ұйымдастыруға болады.

Кеш өткізу — күрделі мәселе. Сондықтан оған даярлық 2 айдай бұрын жүргiзiлгенімен, материал жинау жыл бойы болады. Кешті өткізудің негізгі мақсаты — оқушылардың математикаға деген ынтасы мен ықыласын, қызығушылығын арттыру болғандықтан, оған оқушыларды көбірек тарту керек.

Кеш мазмұны түрлiше болады. Онда тақпақ, хабар, монтаж, сөзжұмбақ, есеп, скеч, интермедия, фокустар болуы мүмкін. Кітапшада бір кештің өткізілуін келтіреміз,

Математикадан сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу процесінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты: оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсу; логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамыту; неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды көрсете білу, олардың ой өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру; тәртіпке, ұйымшылдыққа, табандылыққа, еңбекке, ұжымдыққа баулу.

Орта мектептерде сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері, оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсуі, логикалық ойлауды, тапқырлықты математикалық қырағылықты дамыту, неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды көрсету білу олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға тарту, соның арқасында тәртіпке күшейте түсу, табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдық қа және ұжымдыққа тәрбиелеу.

Сыныптан тыс жұмыстың күнделікті сабақтан айырмашылығы: еріктілік принципінде құрылуында; баға қойылмайды, ойын жарыс түрінде өтеді. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны математиканың негізгі курсын оқып үйренуде толықтырушы болып табылатын және сынып жұмысы мен үйлесімді болатындай таңдап алыну керек[2].

Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс деп мұғалімнің оқушылармен сабақтан басқа уақытта жүргізілетін жұмыстарының жүйесін айтамыз. Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды екі түрге бөлуге болады.

1. Бағдарламадағы материалдарды толық түсінбеген оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.

2. Математикалық қабілеттері жоғары математика пәніне асқан қызығушылықпен қарайтын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.

Біріншісі әртүрлі себептермен (оқушының ұзақ ауруына байланысты, бір мектептен басқа мектепке ауысуына байланысты т.б. білім деңгейі, біліктілігі төмен оқушылармен жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім деңгейлері бірдей болатын оқушыларды 3-4-тен топтастыра бөліп алып сабақтан тыс уақытта қосымша дәріс беру арқылы жүргізіледі. Алыс қалған оқушылармен дайындық, мүмкіндігінше жүйелі түрде (аптасына 1 немесе 2 рет). Әр оқушыға нақты көмек ретінде болуы керек. Қайталау жасалғаннан соң, оқушыларды білім деңгейі дәрежесіне толық көз жеткізу үшін қорытынды бақылау жүргізіліп, әр тақырып бойынша оқушылардың қалыс қалу себептерін анықтап, жиі жіберетін қателіктерге талдау жасауы керек.

Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар жалпы білім беретін мектептердегі оқу тәрбие процесесінің маңызды құрамдас бөлігі. Сондықтан мұғалім факультатив сабағын оқушылар үшін пайдалы және қызықты өткізгісі келетін болса, онда кейбір жағдайларға назар аударайық.

1. Берілген тақырыпта не қызықты және қандай қиындықтары бар? Берілген сабақтың материалын толық игеріп болған соң, өзіңізге тағы да есеп беріңіз: берілген тақырыпта оқушы үшін ең маңыздысы не бола алады? Қандай мезеттер оны қызықтыруы мүмкін немесе қызықтыруы керек? Оқушыларда қандай сұрақтар туындауы мүмкін (немесе туындауы керек)?

2. Оқушы берілген есепті қалай қабылдайды? Сіз тапсырмаға байланысты қандай да бір пайдалы есеп дайындап қойғаныңызбен, есепке байланысты жұмыс толығымен аяқталған жоқ. Бұл есеп оқушыларға қызықты болып көріне ме, әлде жалықтырып жібере ме? Оны орындауға шамалары жете ме? Орындаған кезде оқушылар алдында қандай қиындықтар тұрады? Ол қиыншылықтарды жеңе ала ма? Есепті шешу барысында оқушыларға мұғалімнің тарапынан қандай көмек беруге болады? Оқушыларға «шешілмейтін» күрделі есепті шешуден алдын, әдетте оңай есептер берілуі керек.

Факультатив отырысы үшін аса үлкен есептеулерді қажет етпейтін, бірақ идеясы қызықты, қиын емес есептерді қолданған дұрыс. Егер, сайыста немесе олимпиадада ұсынылған есептер қарастырылатын болса, бұл міндетті түрде көрсетілуі тиіс, яғни мұндай есептерге оқушылардың назары мен қызығушылығы арта түседі. Ұсынылатын есептердің ретіне көңіл аударғаныңыз дұрыс.

Математика пәнінен сабақтан тыс жұмыс ұйымдастырудың ерекшеліктері төмендегіше:

1. Оның мазмұны қатаң түрде мемлекеттік бағдарламаға сүйенбейді. Бірақ сыныптан тыс сабақта математикалық материал оқушының білімі мен мүмкіндігіне сәйкес ұсынылады. Бұдан математика пәнінен сыныптан тыс сабағында тапсырманы бағдарлама материалына сәйкес, сонымен қатар оқушының математикалық білім және мүмкіндік деңгейі бойынша берілуі керектігін байқаймыз. Ал сол тапсырмалар формасы жағынан дәлме-дәл болуы қажет емес.

2. Егер сабақ барлық уақытта 40 минутқа жоспарланса, сыныптан тыс жұмыстар мазмұнымен формасына байланысты 2-3 минутқа да, 1сағатқа да есептелуі мүмкін.

3. Егер сыныптық – сабақ оқушылардың жас ерекшелігімен топтасқан, түгел құрамын талап етсе, сыныптан тыс жұмысқа оқушылар бір сыныптада болуы мүмкін, әр сыныптан жиналуы мүмкін.

4. Сыныптан тыс сабақтың әртүрлі түрлері мен формалары бар: топтық сабақтар, үйірмелер, математикалық бұрыштар, викториналар мен олимпиадалар, саяхаттар, КВН және т.б.[3].

Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда өтілетін түріне қарай көрнекіліктер пайдаланылады. Мысалы, математикалық кешті ұйымдастыруда, кешті мектептің үлкен залында өткізген дұрыс. Залды көркем етіп жабдықтау керек. Бөлменің қабырғаларына әртүрлі есептерді, ребустарды, бірден сызып шығуға арналған есептерді , суретпен кескінделген қызықты есептерді көрнекілік түрінде жазып іліп қойған жөн. Бөлменің әр жерінде “Біліміңді тексер”, “Ауызша есептеп үйрен”, “Білімді болсаң ұтыс сенікі”, “Сен білесің бе?”,“Уақытыңды қызықты өткізгің келсе, математикамен шұғылдан”, т.б. тақырыптармен аталатын математикалық киоскілер жұмыс істеуі керек. Бұл киоскілерді ойын ұйымдастыратын оқушылар алдын-ала дайындалған, математикадан күшті жоғары сынып оқушылары болуға тиіс. Бөлмеде оқушылардың алдын-ала қолдан жасалған көрнекі құралдарынан, дәптерлерінен көрме ұйымдастыруға болады. Жан–жақты дайындалған кештер әр уақытта мазмұнды болады. Кешке мұғалімдерді, ата-аналарды қамқорлыққа алған сынып оқушыларын шақыруға болады.

Оқушыларды сабақ процессі кезінде уақыттың тығыздығына кең түрде көңіл бөлінбеген мәселелерге мұнда толығырақ тоқталуға болады. Шығармашылық жұмыстармен айналысып, логикалық ойлауды, танымдық әрекетті дамытатын қызықты есептер шығарып, бас қатырулар, сөз жұмбатар шешіп ойындар ойнауға жіне өздігінен есептер, ойындар құрастыруға мүмкіндік туады[4].

Математикалық кеш-сыныптан тыс жұмыстардың кең тараған түрінің бірі. Математикалық кеш басқа сыныптан тыс жұмыс түрлерінен айырмашылығы:



  • Жоғарқы сынып оқушылары мен де өткізілетіндігінде;

  • Бірнеше сыныптан тыс жұмыс түрлерін қамтитығынде;

  • Өткізілу уақыты кешкі уаққытта екндігінде және оның ұзақтығынде;

  • Музыкалық қойылымдар болуында т.б.[6].

Өткізілетін зерттеулерге қарағанда мектептерде математикалық кештер соңғы кезде аз өткізіледі. Бұның бір себебі математикалық сайыстарға қарағанда олардың өздерін қамтитын, бірнеше сыныптан тыс жұмыс түрлерін қамтитын, математикалық кештерді дайындау және өткізу жұмыстарының режиссерлік қабілетте, өз ісіне берілгендікті талап ететіндігінде.

Мектеп мұғалімдерінің арасында математикалық кеш міндетті түрде спектакльдық қойылым түрде өткізілуі керек жаңсақ пікір бар. Осыдан математикалық кештер мүлде өткізілмейді деуге де болады.

Кештерді өткізуде тәрбиелік міндет көзделеді: білімге құштарлық тәрбиелік міндет көзделеді: білімге құштарлық, тәрбиелік міндет көзделеді, білімге құштарлықты тәрбиелеу, ұлттық дәстүрлі ойындар негізінде оқушының жалпы-интеллектуалды ой-өрісін дамыту. Ақыл-ой тәрбиесі болып табылатын адамгершілікті, отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелек.

Кешті дайындау барысында: рефераттар конкурсын, математикалық модельдер жасау конкурсын өткізуге және жақсы шығармаларды таңдап, кеште тыңдауға, көрмелер ұйымдастыруға болады.

Негізгі бөлімнің екінші жартысында газетте жарияланған конкурстық есептердің қорытындысын жасауға болады. Математика сабағына байланысты әр түрлі әзілдер айтуға, сахналық көріністер көрсету тиімді. Бұл бөлімді аяқтай келе тақырыпқа байланысты өлең, жыр, күй орындап жарысты жандандырып, қызықты әрі әсерлі аяқтауға болады. Сондай-ақ оқушылардың оқу процесі кезінде алған эмоциональдық кернеуін төмендегідей көмегін тигізеді[7].



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет