Сұрақ – Бұл иман қабыл бола ма?
Жауап – Жоқ.
Сұрақ – Тәубе йәис деген не?
Жауап – Иманы мен амал – құлшылығы бар біреудің қайтыс боларда күнәларына тәубе етуі.
Сұрақ – Осы тәубе қабыл бола ма?
Жауап – Әрине, қабыл болады.
Сұрақ – Дінің қандай?
Жауап – Дінім Ислам.
Сұрақ - Кітабың қайсы?
Жауап – Құран Кәрім.
Сұрақ – Құбылаң қай жер?
Жауап – Қағба Муаззама (Қасиетті Қағба)
Сұрақ - Кімнің ұрпағысың?
Жауап: Адам атаның ұрпағымын.
Сұрақ – Кімнің милләтісің?
Жауап – Ибраһим (а.с.) милләтімін.
Сұрақ - Кімнің үмметісің?
Жауап: Мұхаммед (с.ғ.с.). үмметімін.
Сұрақ - Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай жерде туылды,қазір қай жерде?
Жауап: Мекке қаласында,Елу жастан асқанда Мәдинаға қоныс аударды.Қазір Мәдинада «Рауза Мүтаһһара» мазарында.
Сұрақ - Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең көп аталатын есімі қандай?
Жауап: Мұхаммед Мұстафа(с.ғ.с.)
Достарыңызбен бөлісу: |