Жоспар
Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Мотив және мотивация........................................................................................4
2.Қажетіліктер..........................................................................................................5
Қорытынды .............................................................................................................6
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...............................................................................7
Кіріспе
Мотив дегеніміз – адамның түрлі дәрежедегі саналы және астарсанадағы қажеттіліктер жүйесінен туындайтын, белгілі әрекет-қылық актісін орындауға бағытталған итермелеуші күш (түрткі..
Мотивация туралы ұғым әрекет-қылықты сипаттауда емес, оның себебін түсіндіруде анықталады. Бұл “неге?”, “неліктен?”, “не үшін?” деген сұрақтарға жауап іздеуде анықталады.
Мотивация терминімен қазіргі психологияда екі психикалық құбылысты белгілеуге болады:
индивидтің белсенділігін тудыратын, олардың сиптын анықтайтын қозғаушы күштердің жиынтығы;
әрекет-қылық деңгейін белгілі деңгейде ұстап тұратын процесс.
Сондқтан, әрекет-қылықтың ішкі және сыртқы детерминацияларының аналогы ретінде диспозициялы және ситуациялы мотивациялар қарастырылады. Мотивациялардың бұл формалары өзара тығыз байланыста.
Мотивация әрекеттің мақсатты бағыттылығын түсіндіреді, біртұтас іс-әрекеттің белгілі мақсатқа бағытталған тұрақтылығы мен ұйымдастырылу деңгейімен анықталады.
Мотив мотивацияға қарағанда белгілі әрекетке итермелейтін тұлғаның өзіндік жеке тұрақты қасиеті болып табылады. Сонымен қатар, мотивті көптеген диспозияларды біріктіретін жалпы ұғым ретінде қарастыруға болады. Олар: қажеттіліктер, қызығушылық, мақсат, тілек, олардың икемділігі, көлемі және т.б. Диспозициялардың ішінде неғұрлым маңызды болып қажеттілік табылады.
Адамның әрекет-қылығыда өзара тығыз байланысты қозғаушы және реттеуші жақтар бар. Адамның кез-келген әрекетінің түбінде оны бағыттаушы, жандандырушы нақты тілек-мақсат (қажеттілік. жатыр.
Мотивация теориялары ежелгі философтар еңбегінде көрніс тапқан.
3
Мотив және мотивация
Мотивтік аймағының басқа факторлардан тәуелділігін зерттеуде сол тәуелділіктің тікелей ғана емес, жанама байланысты болатынын, көп өлшемді және сипатты екенін ұмытпау лазым. Дара адам өз даму барысында басқа қоғам мүшелерімен болған тікелей байланыс шеңберінен шығу мүмкіндігіне ие, осыдан оның қажетсіну аймағы қоғамдық өмірдің күшті ықпалымен өрістей бастайды (саяси пікір, саясат, этика және т.б.). Адамның қажетсіну талаптары қоғамдық қүры-лымдардың әсерімен де дамиды. Мүндай қүрылымдлардың ең қарапайым түрі – нақты түлға мүшесі болған адамдар қауымдастығы. Адам қажетсінуі көп жағдайда осы қауымның жетегінде болады. Ал нақты адам бір қауымдастық шеңберінде қалып қоймайды, өмір бойы қауымдастықтар тобы сан қилы ауысып не өзгерістерге келіп отыра-ды. Осыдан адамның мотив-қажеттіктері оның ішкі жан-дүниелік әрекеттерінің нәтижесі ғана емес, ол әртүрлі адамдар бірлестігімен байланысты дамып баратын жүйе. Сонымен, бар деңгейдегі қажетсінулерден өзгесіне көшу-адамның өзіндік даму заңдылықтарынан болмай, оның басқа адамдармен байланыс, қатынастыранан, түтастай қо-ғамға араласуынан болатын процесс екенін үмытпау керек.
Мотивацияның мазмұны адамның әрект-қылығы, атқаратын іс-әрекетінен көрінетіндіктен мотивация іс-әрекет және адамның басқа да танымдық, эмоционалдық бағыттарымен тікелей байланысты.
Адамның әрекет-қылығының себебін түсіндіруді психологияда – казуальды атрибуция деп түсіндіріледі, яғни, танымдық мотивтік процесс(мотивациялық-когнитивтік түсіндіру.. Адамның қандайда бір әрекет-қылығының себебін түсіну, оның әрекет-қылығының әрі қарайғы жалғасуының болжауға көмектеседі. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста бұл өте маңызды, демек адам өзінің немесе басқаның әрекет-қылығының себебін түсіндіре алса, онда ол болашақтағы әрекет-қылықтық процесті түсіндіре алады. өйткені оның болжауының логикалық себебі бар.
4
Қажетіліктер
Достарыңызбен бөлісу: |