Орыс сыныптарына арналған қазақ тілі мен әдебиеті 8-сынып
Ақшаны үнемдеп ұстайсың ба?
Оқу мақсаты: . 8.4.2.1 -эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну;
Әрекеттер тәртібі
|
Ресурстар (Мұғалім толтыру керек)
|
Орындалуы
10балл
|
Біл
|
ЖАҢА СӨЗДЕР
күнделікті қалта шығыны, үнемдеу, төлем, түбіртек, қолғабыс, тұрақты табыс, қыл, қаржыландыр
|
Қазанның төрті
Сынып жұмысы
Ақшаны үнемдеп ұстайсың ба?
Сөздікпен жұмыс жасайды. Ғаламтордың көмегімен
|
Орында
|
АЙТЫЛЫМ
1-тапсырма. Төмендегі мақал- мәтелдердің мағынасын түсіндір.
1. Шашу оңай, жинау қиын. 2. Еңбекпен тапқан нан тәтті. 3. Отты ағаш шапқанға жаққыз. 4. Базары жақын байымас.
ЖАЗЫЛЫМ АЙТЫЛЫМ
2-тапсырма. Жағдаят: досыңмен бірге дүкеншіге тауар тасуға көмектесіп, ақша таптыңдар. Қомақты ақша. Ол ақшаны қайда жұмсар едің? Нақты бөліп, кесте құра. Өз шешіміңді айт.
ОҚЫЛЫМ
3-тапсырма. Мәтінді оқы. Тақырып қой.
Мен әлі мектепте оқимын. Әзірше жұмыс істемеймін, тұрақты табысым жоқ Маған ақшаны ата-анам береді. Ал менің міндетім — сабақ оқу. Бірақ кейде ұсақ-түйек жұмыстар орындаймын. Сөйтіп, күнделікті ата-анам беретін қалта шығынымды толтырып отырамын. Мен Герберт Ньютон Кэссонның кітабын оқығаннан кейін ақшаны үнемдеп ұстайтын болдым. Кез келген нәрсеге шаша бермеймін. Көбінесе түскі ас кезіндегі тамаққа, оқуға қажетті құрал-жабдыққа жұмсаймын. Сатып алған заттарымның түбіртегін сақтап қоямын. Айдың аяғында кеткен шығынымды есептеймін. Бірақ кейде достарыммен қыдыруға да ақша қалдырып отырамын. Егер өзіме қажетсіз зат болса, бас тартамын. Өйткені ол мен үшін маңызсыз. Сондықтан пайдалы әрі керек заттарды сатып алуға тырысамын. Т.б.
|
Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіреді.
46-бет, 1-тапсырма
46-бет, 2-тапсырма
Оқушылар оқып, айтады.
47-бет, 3-тапсырма
Бұл бөліктегі тапсырмаларды орындауға 7 балл беріледі.
|
Жауап бер
|
ЖАЗЫЛЫМ
6-тапсырма. «Менің қалта шығыным» тақырыбында сұхбат құрыңдар. Әрқайсың қалта шығынын қайда жұмсайтындарыңды айтыңдар.
|
«Менің қалта шығыным» тақырыбында сұхбат құрайды.
47-бет, 6-тапсырма
Бұл бөлікте тапсырмаларды орындауға 3 балл беріледі.
|
Кері байланыс
|
Орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе ватсап мобильді қосымшасы арқылы жібереді.
|
|
Үй тапсырмасы
|
ЖАЗЫЛЫМ АЙТЫЛЫМ
7-тапсырма.
|
Жазылам тапсырмасы
48-бет, 7-тапсырма
|
Достарыңызбен бөлісу: |