Ерекше қасиетті болаттар. Жалпы сипаттама. Құрылыстық болаттарды маркалау



бет2/4
Дата15.11.2023
өлшемі46,74 Kb.
#191446
1   2   3   4
Байланысты:
Ерекше қасиетті болаттар. Жалпы сипаттама. Құрылыстық болаттарды маркалау

Легірленген болаттардың жіктелуі
Легірленген болаттар тепе-теңдікті жағдайдағы құрылымы бойынша, ауада суытқаннан кейінгі құрылымы бойынша, легірлеуші элементтердің саны бойынша және қолданылуы бойынша жіктеледі.
Болаттар тепе-теңдік құрылымы бойынша құрылымда артық ферриті бар эвтектоидқа дейінгі болаттарға, перлитті құрылымды эвтектоидты болатқа, артық карбиды бар эвтектоидтан кейінгі болаттарға, сұйық болаттан бөлінген бірінші реттік карбидтер қатысқан ледебуритті құрылымды болаттарға бөлінеді. Легірлеуші элементтер темір-көміртек диаграммасындағы S, Е нүктелерін солға ығыстырады. Сондықтан аталған болаттардың аралық шекарасы көміртегінің аз мөлшерінде болады.
Кейбір элементтердің (темір аумағын қатты кішірейтетінін немесе ұлғайтылатынын ескерсек, болаттың аталған топтарынан басқа аустенитті және ферритті болаттар болып ажыратылады.
Көміртекті болаттар алғашқы үш класқа бөлінсе, легірленген - барлық алты класқа.Ауада суытылғаннан кейінгі құрылымы бойынша (6.2-сурет) тым суытылған аустениттің шамалы тұрақтылығымен сипатталатын перлитті болаттар, аустениттің жоғары тұрақтылығы болатын мартенситті болаттар және қалыпты температурада аустениттік құрылымын сақтайтын аустенитті болаттар болып ажыратылады.












а – перлитті; б – мартенситті; в – аустенитті
6.2 - сурет - Әртүрлі кластағы аустенитті болаттардың изотермиялық түрлену диаграммаларының үлгілері
Легірлеуші болаттардың санына байланысты 2,5% легірлеуші элементтері болатын төмен легірленген болаттар, орташа легірленген - 2,5-10% және 10% көп легірлеуші элементтері болатын жоғары легірленген болаттар болып бөлінеді.
Тағайындалуы бойынша болаттардың үш тобы болады: конструкциялық (машинажасау мен құрылысқа), құралдық (штампқа, кесу және өлшеу құралы үшін) және ерекше физикалық пен химиялық қасиеттері (коррозияға беріктік, ыстыққа беріктік, электротехникалық, магнитті т.б.) бар болаттар болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет