Тәрбиеші: -Балалар су туралы кім мақал- мәтел біледі.
Балалар: 1.Судың да сұрауы бар .
2.Су анасы –бұлақ, сөз анасы- құлақ.
3.Тау мен тасты су бұзар.
4.Бір адам қазған құдықтан,мың кісі келіп су ішер.
5. Сумен ойнама батарсың, Отпен ойнама жанарсың.
Тәрбиеші: Ал,табиғатты әсемдікке бөлеп тұрған не?
Балалар: -Ол өсімдіктер.
Тәрбиеші: -Осы табиғатымыздың сәні,ол өсімдіктер,гүлдер,шөптер,ағаштар.
Осы өсімдіктер біздің табиғатымызды көркейтіп ерекше сән беріп тұрады. Өсімдіктер жақсы өсу үшін не керек?( топырақ,су,ауа,жарық)
Тәрбиеші: Мына Жер ғаламшардың үстінде не толып жатыр?( Қоқыс көп).Жер ғаламшарын зат қалдықтарымен басып қалыпты.Табиғатымызға көмек берейік.
Тәрбиеші: Жұмбақ –сұрақтар:
Балабақшада осындай ойыншықтар көп.Олар түрлі түсті ,жеңіл болады.Оны далаға лақтыруға болмайды, себебі далада жатып шірімейді. (Пластик)
Ол барлық жерде,қалада, ауылда да бар.Қатты ,бірақ ескірсе сынады.Оны балқытып, қайта жаңа зат жасауға болады.(Темір)
Оны Қытайда ойлап тапқан.Біз оны ағаштан аламыз.Тез жанғыш зат.Біздің тобымызда өте көп.Оған сурет салуға немесе жазуға болады (Қағаз)
Тәрбиеші: Бірінші жәшікке нені салу керек? (Қағаз қалдықтарын)
-Екінші жәшікке?(пластмасс қалдықтарын)
-Үшінші жәшікке?(металл қалдықтарын)