Ересектерге арналған оқулық



бет9/12
Дата25.12.2016
өлшемі2,34 Mb.
#5240
түріУчебник
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан облыстың оңтүстік-батысында орналасқан. Бұрынғы Целинный ауданына Рузаев, Куйбышев және Чистополье аудандары қосылып, 2002 жылы Ғ.Мүсіреповтің атына ие болды. Аумағы 11,1 мың шаршы шақырымды қамтиды. 75 елді мекенде 52,6 мың адам тұрады. Ауданда 57 ұлт өкілдері тұрады. Оның негізін қазақтар мен орыстар құрайды. Ауданның ірі елді мекендері: Еңбек, Рузаевка, Чистополье, Андреевка, Новоселовка.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда 13 акционерлік қоғам, 152 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 420 шаруа қожалығы, 145 басқа да мекемелер бар. Оның табиғаты бай. Топырағы құнарлы. Аумағында екі үлкен көл бар. Олар: Қалмақкөл және Улыкөл. Аудан аумағынан ұзындығы 130 шақырымдық Есіл өзені өтеді.
Еркін Нұржанұлы Әуелбековтің 70 жылдық мерейтойына байланысты 2000 жылдың 22 шілдесінде аудан орталығында ескерткіш ашылды. Осы кісінің тікелей қатысуымен туған елі Жаңасу ауылына екі қабатты мектеп үйі салынды. 2001 жылы Жаңасу орта мектебінде Е.Әуелбековтің мұражайы ашылды.
Сол сияқты Шұқыркөл ауылындағы орта мектепте жазушы, ақын Айқын Нұрқатовтың атындағы мұражай жұмыс істеуде. Ауданда барлығы 41 ескерткіш бар.

Тайынша ауданы


Тайынша ауданы облыстың оңтүстігінде Батыс-Сібір ойпатында орналасқан. 1997 жылы Красноармейск, Чкалов және Келлеровка аудандарын біріктіру негізінде қалыптасқан. Аудан аумағы 11,4 мың шаршы шақырым. Халқы 63,5 мың. Ауданда 19 селолық округ, 1 қала және 101 елді мекен бар. Ауданның әкімшілік орталығы – Тайынша қаласы.
Тайынша ауданы титан, циркон, уран, әйнек жасауға арналған құмға және т.б. табиғи қазба байлықтарына бай. Ауданды Шағалалы және Ащықарасу өзендері басып өтеді. Шағалалытеңіз, Қалыбек, Жамантұз, Қарасор, Құмдыкөл көлдері бар.
Ауданды 64 ұлт пен ұлыс өкілдері мекендейді. Оның ірі селолары: Келлеровка, Чкалово, Кирово, Большой Изюм, Ясная поляна, Зеленый Гай, Вишневка және т.б. Ауданда шұжық өндіретін 3 цех, 3 сүт өндіретін цех, 30 кіші наубайхана және 30-дан астам диірмен бар. Аудан көлемінде 42 мың ірі қара мал, 12 мың қой мен ешкі, 36 мың шошқа өсіріледі. Ауданда 9 акционерлік қоғам, 44 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 369 шаруа қожалығы бар.
Тайынша ауданында 90 мектеп, оның ішінде 1 музыка мектебі, 1 жасөспірімдер спорт мектебі және кәсіби-техникалық лицей бар. Аудан аумағында 38 клуб, 42 кітапхана жұмыс істейді.
1920-22 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау темір жолы өтеді.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында осы ауданда үлкен жәрмеңкелер өткізіліп тұрған. Жәрмеңкеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, Ресейден, Орта Азиядан және сонау ағылшын мемлекетінен де агенттер келіп, ірі қара мал сатып алған.
Тайынша ауданынан шыққан танымал тұлғалар: Ж.Сыздықов, С.Дүйсекеев, Т.Қажыбаев, Ж.Ералиев, А.Мадыбаев, Н.Коробов және Кеңес Одағының Батырлары – В.Шегеда, И. Бережной. Тарихи танымал тұлғалар: ақын Тезекбай Шоқтыбайұлы, домбырашы Омар Молдажанов, әнші-домбырашы Қалиақпар Тұрлыбеков.
1932 жылдан бастап ауданның «Тайыншинские вести» газеті жарық көреді.
Тимирязев ауданы
Тимирязев ауданы 1963 жылы құрылды. Аудан облыстың оңтүстік-батысында орналасқан. Аудан орталығы – Тимирязев селосы. Аудан аумағы 4,5 мың шаршы шақырым. Халқы 18,1 мың адам. Елді мекендер 29, 16 селолық округ бар. Ауданда қазақтар – 37,3%, орыстар – 40,8%, немістер – 3,1%, татарлар – 2%, украиндар – 8,6% және 2,7% белорус өкілдері тұрады.
Аудандағы үлкен селолар: Тимирязево, Ақсуат, Дмитриевка, Комсомольское, Мичурино, Москворецкое, Ишимское.
Ауданда 21 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 613 шаруашылық қожалығы бар. Аудан негізінен егін шаруашылығымен айналысады. Егістік жерлер ауданның 201,5 мың гектарын құрайды.
Ауданда 26 мектеп, 1 кәсіби-техникалық мектеп, 22 кітапхана және 9 клуб бар. Ауданда «Нива» газеті жарық көреді. Приозерное селосы маңында Меңдеке батырдың моласы (мемлекет қорғауында), Дос өзені жанында Сегіз сері (Мұхаммед Қанапия) Баһрамұлы Шақшақовтың моласы бар.

Уәлиханов ауданы


Уәлиханов ауданы Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан. Солтүстігінде және солтүстік-шығысында Ресейдің Омбы облысымен, шығысында Павлодар облысымен, оңтүстік-шығысында Ақмола облысымен, батысында Ақжар ауданымен шекаралас жатыр. Ол 1997 жылы мамырда Көкшетау облысының Қызылту, Уәлиханов аудандарының бірігуімен құрылған. Ауданның көлемі 12,9 мың шаршы шақырым. Халқының саны 22,3 мың адам. Ауданда 9 селолық және 1 поселкелік округ, 36 елді мекен бар. Әкімшілік орталығы – Кішкенекөл поселкесі.
Аудан аумағынан Сілеті, Талдыбай, Қыздың қарасуы, Семізбай, т.б. өзендер ағып өтеді. Сілетітеңіз, Теке, Кішкенекөл, Саржан, Қондыбай сияқты ірі өзендері бар. Теке көлінің көлемі 260 шаршы шақырым, минералдарға, күкіртсутекті тұнба қорына, аудан жері селеу, қыпшақ, жусан, сұлыбас, қамыс тәрізді өсімдіктерге бай.
Аудан халқы көпұлтты: қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар, немістер, белорустар және т.б. Ірі елді мекендер: Кішкенекөл, Чехово, Аққұдық, Қаратерек, Бидайық, т.б.
Уәлиханов ауданында 68 ЖШС және 4 АҚ құрылып, жұмыс істейді. Аудан аумағында 1 орталық аудандық аурухана, 14 фельдшерлік пункт, 32 жалпы білім беретін мектеп, 1 кәсіби-техникалық мектеп, 2 мектепке дейінгі мекеме, 5 клуб, 5 кітапхана бар. Кішкенекөл поселкесінде «Ел тынысы» аудандық газеті шығады.
Ауданнан шыққан белгілі тұлғалар: халық жазушысы, драматург С.Жүнісов, Қазақстанның және Азияның бірнеше дүркін чемпионы А.Қазымбетов, Социалистік Еңбек Ері К.Мүсіпов және басқалары.

Шал ақын ауданы


Шал ақын ауданы 1928 жылы Төңкеріс ауданы негізінде құрылған. 1930 жылы Төңкеріс және Рыковский аудандары біріктіріліп, Марьевка ауданы деп аталған. Сергеевка су қоймасын салуға байланысты аудан орталығы Сергеевка қаласына көшіріліп, аудан аты Сергеевка деп өзгертілген. 1999 жылдан бастап аудан Шал ақын атауын алды. Аудан көлемі 4,8 мың шаршы шақырым. Халқы 31,0 мың. Аудан халқы көпұлтты. Оны 43 әр түрлі ұлт өкілдері мекендейді. Аудан құрамына 11 селолық округ, 45 елді мекен кіреді. Аудан орталығы – Сергеевка қаласы.
Ауданның табиғаты өте бай. Ағаш өсімдігі жағынан алып қарасақ, 79%-ы аққайың. Ормандар мен тоғайларды бұғы, қасқыр, түлкі, елік, қабан, қоян, қарсақ және басқа да жабайы аңдар мекендейді. Республикамыздағы ірі су қоймаларының бірі осы ауданда орналасқан. Ол – 1966 жылы салынған Сергеевка су қоймасы, оның сыйымдылығы 693 млн. м3. Су бөгетінің ұзындығы 280 м. Сонымен қатар, ауданда 100-ден аса шағын көлдер бар.
Шал ақын ауданы негізінен егін шаруашылығымен айналысады. Онда 41 кітапхана, 16 мәдени ошақ пен клубтар бар. 1986 жылдан бастап ауданда тарихи-өлкетану мұражайы жұмыс істейді. 1934 жылдан бастап аудандық «Новатор» және 2000 жылдан бері «Парыз» газеттері жарық көреді. Аудан аумағында жасақталған «Ақ бидай», «Родник» топтары аудан мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосуда.
«Винзавод» АҚ, Азоттық-оттекті зауыт, «Шаров» шұжық зауыты, сүт өнімдерін өндіретін «Жігер» ЖШС, «Асылхан-Агро» ЖШС жұмыс істеуде.
Ауданнан Республикамызға танымал Тоғжан ақын (1856-1909), Қожанбай ақын-шежіреші (1884-1933), Модахмет Тырбиев (1882-1956) шыққан. Бұл кісілердің ақындық салт-дәстүрлерін Ғ.Малдыбаев, И.Әлібаев, А.Нұртазин, Е.Қонарбаев және тағы басқалары жалғастырған. Ауданның құрметті азаматтарының бірі – Г.Бельгер.

БІЗДІҢ ҚАЛАМЫЗ

Петропавл қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының орталығы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Петропавл қаласының негізі 1752 жылы қаланған. Біздің қаламыз онша үлкен емес. Біздің қаламызда екі жүз елу мыңнан астам адам тұрады. Қаланың жаңа аудандарының бірі - жиырмасыншы мөлтекаудан. Қалада Н.Погодин атындағы орыс, С.Мұқанов атындағы қазақ драма театрлары, сондай-ақ, қуыршақ театры бар.
Қаланың басты көшесі – Қазақстан Конституциясы көшесі. Бұрын бұл Ленин көшесі деп аталған. Мұнда әдемі ғимараттар да көп. Қалалық, облыстық әкімдік, С.Мұқанов атындағы кітапхана, тарихи-өлкетану мұражайы, орталық әмбебап дүкен, «Қызылжар» қонақ үйі, қаланың үлкен саябағы да осы көшеде.
Қалада Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, колледждер мен тағы да басқа оқу орындары бар. Орталық «Алтын базар» Интернационал көшесінде орналасқан. Қаланың ішінде автобустар, троллейбустар жүреді. Жазда қаламыз жап-жасыл, көшелерінің екі жағында теректер өсіп тұр. Петропавлдықтар өз қаласын мақтаныш етеді. Маған да біздің қаламыз ұнайды, өйткені мен осында туып-өстім.
Петропавл қаласы жылдан-жылға көркейіп келеді. Қазіргі кезде жаңа әдемі үйлер салынып жатыр.

Отработайте произношение новых слов, употребите их в своих предложениях. Используя глоссарий к тексту, переведите текст.


орталық – центр, центральный, қаланған – основан, мөлтекаудан, ықшамаудан – микрорайон, кітапхана – библиотека, алаң – площадь, өлкетану мұражайы – краеведческий музей, ескерткіш – памятник, ғимарат – здание, мақтаныш етеді – гордятся, саябақ – парк, оқу орындары – учебные заведения, терек – тополь, ұнайды – нравится, өйткені – потому что.

Найдите в тексте следующие словосочетания, запомните их.


Основан в …, не очень большой, имени С.Муканова, один из новых районов, Октябрьская площадь, основная улица, красивые здания, по обеим сторонам, гордятся.

Докажите, почему Вам нравится наш город


Маған біздің қала ұнайды, өйткені мен осында туып-өстім.

Келесі мәтіндерді аударыңыз. - Переведите следующие тексты.

САЯБАҚ

Мұрағаттағы материалдарға қарағанда, Қызылжар қаласында алғаш рет саябақ салуға талпыныс жасау 1850 жылы басталып, 1861 жылы Вознесенская көшесінің оң жағынан 50 гектар жер бөлінеді. Н.В.Гогольдің “Ревизор” спектаклінің қойылымынан түскен қаржыға алғашқы көшеттер отырғызылады. Ал барлық көшеттердің саны – 15 мың түп. Саябақтың бүкіл аумағында біркелкі жер телімдерін гүлзарлар бөліп тұрды, ал қақ ортадағы гүлзарға көлемі үлкен дөңгелек клумба орналастырылды. Саябаққа терек, үйеңкі, акация сияқты таңсық емес ағаштар отырғызылды. Оларды күтуде кемдік болмаса керек, саябақ ХІХ ғасырдың соңына қарай айнала төңіректегі ең үлкен жасанды орманға айналды.


1967 жылы саябақтың алаңы 16,5 гектарға дейін, яғни үш есе кеміді. Себебі оның аумағында аурухана, тұрғын үйлер де түрғызылды.
Қазір саябақтың аумағы 34,5 гектар жерді алып жатыр. Онда ағаштар мен шіліктердің 29 түрі бар.
Бұл саябақ қаланың жүрегі сияқты қақ ортада тұр. Оны жақсы көрмейтін қала тұрғыны жоқ шығар.
Жанға жайлы саябақ әлі талай ұрпаққа, талай мейманға құшағын жаяды деп сенгіміз келеді. Ғасырлар бойы қаланың көз тартары, көңіл бөлері болып келе жатқан көне саябақты келер ұрпақтар үшін сақтау қаланың әр тұрғынының парызы болып саналады.
ПОШТА БӨЛІМШЕСІ

1926 жылы Бас почтамт салу жөнінде шешім қабылданды. Оның құрылысы 1929 жылы әрең аяқталды. Бұл өзі кірпіштен қаланған екі қабатты қоныс. Әдеттегідей тік төртбұрыш пішіндес. Қабаттарға түсіп-шығатын екі темір-бетон баспалдақ бар. Қоныстың ұзындығы – 62, ені – 20 метр. Кеңес өкіметі кезіндегі алғашқы нысандардың бірі болып табылатын бұл пошта бөлімшесі бүгінгі таңда да өз қызметін атқаруда.

ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫ

Патша заманында салынған көне ғимараттар алпысыншы жылдары қиратылғанда аман қалған ескі қоныстардың бірі – Т.Аркель деген көпестің екі қабатты үйі, осыдан 35 жыл бұрын облыстық өлкетану мұражайы орналасқан тамаша ғимарат. Екі қабатты бұл қоныстың пішіні әжептәуір күрделі. Ол ХІХ ғасырдың аяқ кезі мен ХХ ғасырдың бас кезіне тән эклектика стилімен салынған. ХІХ ғасырдың соңында осы үйге жапсарлас салынған Стрелов деген көпестің бұрынғы дүкені де қазір мұражай кешенінің бір бөлігіне жатады.Өлкетану мұражайы барлығы 2,7 мың шаршы метр алаңды алып жатыр. Бұл қоныс Қызылжардың ескіні еріксіз елестететін бір бұрышы болып табылады.


БІЗДІҢ МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ

Дене шынықтыру мен спортты дамыту, Президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткеніндей, «Қазақстан - 2030» стратегиясының басым мақсаттарының бірі – халықтың денсаулығын нығайтуға қол жеткізуге бағытталған аса маңызды мемлекеттік міндет. Егеменді Қазақстанның спортшылары халықаралық жарыстардағы өз жеңістерімен еліміздің беделін нығайтуға зор үлес қосты. Олардың ішінде біздің жерлесіміз, 2000 жылғы Олимпиадалық ойындарының күміс жүлдегері, 2003 жылғы Тур де Франс веложарысының қола жүлдегері Александр Винокуровтың бар екенін біз мақтаныш ете аламыз. Қазақстан құрамасының сапында Сергей Яковлев, Елена Парфенова, Ильдар Габтелмаликов пен Артем Лободрыга да бар.

Сұрақтарға жауап беріңіздер: Біздің облысымыздан шыққан атақты спортшылар туралы не білесіздер? Сіздер Максим Лапшин, Михаил Дедов, Адиль Нуржаупов, Иван Войтенко, Евгений Тетюхин, Елена Парфенова, Евгений Сизико сияқты спортшылар туралы не білесіздер? Шағын баяндама жазып келіңіздер.

ҚАЗАҚСТАН мен РЕСЕЙ
арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы шекаралас аймақтардың үлесі

2005 жылдың 17 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев жұмыс бабындағы сапарымен Ресей Федерациясының Челябі қаласында болды.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин кездесіп, шекаралас аймақтардың түрлі саладағы ынтымақтастығын дамыту жайында әңгімелесті. Ресей басшысы екі елдің ынтымақтастығын дамытып, қарым-қатынастарды нығайтуда шекаралас аймақтардың атқаратын рөліне, қосатын үлесіне тоқталды. Қазақстан Президенті көршілес елдердің, оның ішінде Орал өңіріндегі аймақтардың сауда-экономикалық ынтымақтас-тығына жоғары баға берді.
Соңғы екі жылда Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы үш есе артып, бүгінде 8 миллиард долларға жуықтады. Мемлекет басшылары екі ел азаматтарының шекарадан кедергісіз өту мәселесіне де назар аударды. Қазақстан мен Ресей азаматтары екі ел шекарасынан визасыз өту жөнінде мәселесі қозғалды. Бұл, әсіресе, шекаралас аймақтардағы тұрғындарға аса қажет.
Бүгінде Қазақстан мен Ресейдің 72 субъектісі, жалпы алғанда, 16 аймағы сауда-экономикалық байланыстар жасайды. Кездесу соңында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті В.Путин бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

ДОСТЫҚ КЕЛІСІМІ


2004 жылдың 8 қазанында Түмен облысының губернаторы С.Собяниннің басшылығымен Ресей Федерациясы Түмен облысының делегациясы Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болды.
Сапар барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Т.Масұровпен кездесу өтіп, 2002 жылғы 20 мамырдағы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Түмен облысы әкімшілігі арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және де басқа салалардағы ынтымақтастық туралы келісімнің, сондай-ақ 2002 жылғы 28 тамыздағы Солтүстік Қазақстан облысы делегациясының Түмен облысына ресми сапарының қорытындысы жөніндегі Хаттаманың іске асырылуы талқыланды.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Түмен облысының әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет салаларындағы екі жақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін атай отыра, осы облыстар аумағында орналасқан шаруашылық субъектілері арасындағы өндірістік, технологиялық байланысты сақтауға және дамытуға үлкен негіз беретін бірнеше келісімдерге қол жеткізді.

ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ ДОСТЫҚ

Қазақстан мен Ресей – құдай қосқан көршілер.
2005 жылы ақпанның 25-інде жұмыс бабындағы сапарымен Петропавлда болған кезінде облыстық тарихи-өлкетану мұра-жайының қабырғасына орнатылған қазақтың асыл перзенті Шоқан Уәлиханов пен орыстың ұлы жазушысы Федор Достоевскийдің барельефін ашуға қатысқан Президентіміз Н.Ә.Назарбаев осылай дей келіп, тамырын тереңнен тартқан достықты, уақыт сынынан өткен тату көршілік қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың маңызын айрықша атап көрсеткен болатын.
Екі ел халықтарының мәңгілік
достығын бейнелейтін мысалдар біздің өңірде де аз емес. Солтүстік Қазақстан облысының Ресейдің шекаралас өңірлерімен байланысы жылдан-жылға нығая түсуде. Ол облыс әкімі Тайыр Мансұровтың Қорған облысына сапары кезінде де аңғарылды. Қазақстандық әріптесін шекарадан қарсы алған Қорған облысының губернаторы Олег Богомолов делегация мүшелеріне сәт-сапар тіледі. Екі облыстың басшылары жаңадан салынған, осы заманғы жабдықтармен жарақтандырылған кеден бекетін аралады.
Жұмыс сапары екі өңірдің 2004 жылғы ынтымақтастығын қорытындылап, Бірлескен мәлімдемеге қол қоюмен аяқталды.

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

2005 жылдың 24 мамырында Омбы облысының губернаторы Л.К.Полежаев бастаған осы өңірдің делегациясы жұмыс бабындағы сапармен Солтүстік Қазақстан облысында болды. Тайыр Мансұров пен Леонид Полежаев Қазақстан мен Ресейді осы күнге дейін байланыстырып келе жатқан тату көршілік пен ынтымақтастық екенін атап көрсетті. Сапар бағдарламасы қазақ және орыс халықтарының мәңгілік достығын бейнелейтін Ш.Уәлиханов пен Ф.Достоевскийдің барельефіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Одан кейін Ертіс өңіріндегі облыстың губернаторы өзі еңбек жолын бастаған «ЗИКСТО» ААҚ-ның жағдайымен танысты. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде құрметті профессор атағына ие болған губернатор жарты мыңнан астам студенттер алдында дәріс оқыды.
Сапардың ең басты қорытындысы – Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Омбы облысының Үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 14 баптан тұратын бұл келісімде әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени байланыстарға қатысты мәселелер біршама қамтылған.Одан соң Н.Погодин атындағы орыс драма театрында жергілікті және омбылық өнерпаздардың бірлескен концерті назарға ұсынылды.
Губернатор Леонид Полежаев петропавлдықтардың ерекше ықыласына алғыс сезімін білдірді. Екі елдің ғұлама ұлдары Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевскийдің достығы қазақ және орыс халықтарының сол жылдардан бері біте қайнасқан тыныс-тіршілігін аңғартады. Оны екі ел азаматтарының бүгінгі тату көршілік қарым-қатынастары айғақтай түсіп отыр.

Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан атақты адамдар туралы мәтіндермен танысыңыздар. Оларды оқып, орыс тіліне аударыңыздар. Қазақша мазмұнын айтып беріңіздер.


АҒЫНТАЙ БАТЫР
(1599-1671)

1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Мәдениет ауылы және Златогорск селосының маңында жерленген қазақтың ұлы батырлары Қарасай мен Ағынтайға арналған мемориалдық кешен ашылды.


Ағынтай батыр 1599 жылы қазіргі Айыртау ауданының жерінде, Арғын руынан шыққын.
Жас шағынан елін, халқын жоңғар шапқыншылығынан қорғап, ХVІІ ғасырда ерлігімен аты шыққан, қазақ хандығының тұтастығын және тәуелсіздігін нығайтуға сүбелі үлес қосқан ержүрек батырлардың бірі.
Ағынтай батыр – Есім мен Жәңгір хандардың сенімді серіктерінің бірі. Ол 1620 жылдан бастап Жоңғарлармен болған ірі шайқастардың барлығына қатысқан. Қалмақ батырларымен әлденеше рет жекпе-жекке шығып, үнемі мерейі үстем болып отырған. Аңыздарда Ағынтай батырдың орасан зор қара күш иесі екендігі де айтылады.
Ағынтай батырдың өмір жолы, халқын қорғауда көрсеткен қаһармандығы келер ұрпаққа ұмытылмас үлгі болып отыр.

ҚАРАСАЙ БАТЫР


(1598-1671)

Халқымыздың батыры Қарасай Алтынайұлы 1598-1671 жылдары өмір сүрген. Ол қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Ұлы жүз Шапырашты тайпасының Есқожа руынан шыққан. Жетісуда жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғыста қол бастаған. Солтүстікте Обаған мен Тобағанда, шығыста Алтай мен Тұрпанда жаулармен айқасып, елдің шетін белгілеген батыр. Көкшетау жерінде болған соғыстардың бірінде ауыр жараланып, дүние салды. Сүйегі өзімен бірге сол ұрыста қазаға ұшыраған арғын Ағынтай батырмен бірге жерленген. Ағынтай батыр мен Қарасай батыр өмірлерінің соңында осы солтүстікті мекендеген. Сондықтан 1999 жылы Петропавл қаласының театр алаңында Қарасай мен Ағынтай батырларға ескерткіш орнатылды. Ұрпақтары екі батырды мәңгі есте сақтайды.

ҚОЖАБЕРГЕН ТОЛЫБАЙҰЛЫ
(1663-1763 ж.ж.)

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Жамбыл ауданында Гүлтөбе деген жерде дүниеге келген. Ол – ақын, жырау, жауынгер, ордабасы. Қожаберген – қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен әскерлерін басқарып, жауға қарсы соғыстарда үлкен ерлік көрсеткен батыр. Атақты «Елім-ай» әнінің авторы.

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
(1893-1938)

Мағжан 1893 жылдың 25 маусымында дүниеге келді. Оның туған жері – Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Мағжан ауылы. Мағжан Қызылжар қаласында медреседе 4 жыл оқып, мұсылманша білім алады, арабша, парсыша, түрікше үйренеді.


Кейіннен Омбы қаласындағы мұғалімдер семинариясына оқуға түседі. Осында Сәкен Сейфуллинмен танысады. Семинарияны алтын медальмен бітіреді. Үздік оқитын қазақ балаларына арналған «Потанин қорынан» ұдайы стипендия алып тұрады.
1924 жылы Мәскеу қаласында жұмыс істейді. Кейіннен елге қайта оралып, Қызылжар қаласындағы педагогикалық техникумда және партия мектебінде сабақ береді. Бірақ 1929 жылы ұсталып, Мәскеуде Бутырка түрмесіне қамалады. Содан он жылға сотталып, Карелияда айдауда болады.
1935 жылы ол М.Горькийдің көмегімен абақтыдан босатылады. Қызылжар қаласындағы №7 орта мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді. 1937 жылы Алматы қаласына келеді. Көп ұзамай ол тұтқынға алынады. Сөйтіп, ақын сталинизмнің құрбаны болады.
Мағжан Жұмабаев – аса көрнекті ақын, педагог, қоғам қайраткері, прозашы, аудармашы, біздің мақтанышымыз, жерлесіміз. Оның поэмалары – «Қорқыт», «Батыр Баян»; «Шолпан» өлеңдер жинағы көпшілікке әйгілі. Біздің қаламызда Мағжан Жұмабаев атында көше, алаң бар. Ақынға ескерткіш орнатылған.

«МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН»


атты өлеңді мәнерлеп оқыңыз.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,


Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар
Мен жастарға сенемін!

Жас қырандар балапан,


Жайып қанат ұмтылған.
Көздегені – көк аспан
Мен жастарға сенемін!

Жұмсақ мінез жібектер,


Сүттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер
Мен жастарға сенемін!

«Алаш» - айбынды ұраны,


Қасиетті құраны.
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!

Тау суындай гүрілдер,


Айбынды Алаш елім дер.
Алтын Арқа жерім дер
Мен жастарға сенемін!

Қажу бар ма тұлпарға,


Талу бар ма сұңқарға?
Иман күшті оларда,
Мен жастарға сенемін!

Мен сенемін жастарға,


Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
СӘБИТ МҰҚАНОВ
(1900-1973)

Сәбит Мұқанов – атақты жазушы, біздің жерлесіміз, әдебиет зерттеушісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері.


С.Мұқанов Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Преснов ауданында туған. Ол Омбыдағы мұғалімдер курсында, Орынбордағы рабфакта оқыған. 1935 жылы Мәскеудегі Қызыл профессура институтының әдебиет бөлімін бітіргеннен кейін «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болып істейді.
С.Мұқанов өлеңдері 1922 жылдан бастап жарияланады. Оның «Сұлушаш», «Ботагөз», «Мөлдір махаббат» романдары, «Өмір мектебі» трилогиясы, «Шоқан Уәлиханов» деген пьесасы, т.б. көптеген шығармалары бар. Оның шығармалары әлемнің 50 шақты тіліне аударылған.
Жазушының есімімен біздің қаламызда көше, қазақ сазды-драма театры, облыстық кітапхана аталады.

ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ


(1902-1985)

Ғабит Мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жаңажол ауылында дүниеге келген. Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Қазақстанның Халық жазушысы. Тоғыз жасқа дейін өз ауылында оқып хат таныды. 1916 жылы екі сыныптық ауылдық орыс мектебінде бір жыл, одан кейін төрт жыл орыс мектебінде оқып, оны 1921 жылы бітірді.


Ұлы Отан соғысы жылдарының соңында «Қазақ батыры» повесін (кейін «Қазақ солдаты» романы) жазды.
Сонымен қатар, Ғабит Махмұтұлы прозаның шағын жанрында да еңбек етті. Ондаған очерк, әңгіме, повестер жазып жариялады.
Отызыншы жылдарда драматург ретінде де бой көрсетті. Оның драматургиядағы тырнақалдысы – сахнада мың реттен аса қойылған «Қыз Жібек» операсының либреттосы еді.

ИВАН ШУХОВ


(1906-1977)

Иван Петрович Шухов – қазақстандық орыс кеңес жазушысы.


И.П. Шухов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының, Преснов ауданында 31 шілдеде 1906 жылы туған. Ол Пресновкадағы діни-шіркеу мектебінде, Петропавлдағы педагогикалық техникумда оқыды. 1926 жылы Омбы қаласындағы рабфакты бітірді. 1927 жылы Мәскеудегі В.Я. Брюсов атындағы әдебиет институтында оқыды.
Ұлы Отан соғысы жылдары Преснов аудандық газетінің редакторы болды. Сол кездері "«Письма Сибирским казакам"» атты повесі дүниеге келді. 50-жылдардан бастап оның жаңа кітаптары «Покорители целины», «Золотое дно», «Целинные будни», т.б. бірінен кейін бірі жазылды. Орыс оқырмандарын М.Әуезовтің, С.Мұқановтың, Ғ.Мұстафиннің, Ғ.Мүсіреповтің бірқатар шығармаларымен таныстырды.

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет