Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы газет тақырыпаттарының прагматикалық Қызметі



Pdf көрінісі
бет41/83
Дата07.02.2022
өлшемі1,99 Mb.
#96415
түріМонография
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   83
Байланысты:
httpspspu.kzmoduleskafkilimagesppsErgaliev-K-Sknigi7-gazet-gramm.pdf

Қара 
алтынның
" қадiрi артты
» (ЕҚ. – 09.09.2009), 
«
Тілсіз жаудан
 шығын 
көп
» (ЕҚ. – 28.08.2012), «
Африка ренессансы немесе 
қара құрлықтың
 
айы оңынан туар күн жақын
» (З-Қ. – 08.05.1998), «
Төртiншi 
билiктiң
төрешiсi кiм?
» (З-Қ. – 24.10.1997). Осындай тақырыпаттар 
оқырманның оларды бейнелі, образды түрде қабылдауына үлкен әсер 
етеді. 
Публицистикада тілшілер тарапынан үлкен құлшыныспен 
тақырыпат ретінде қолданылатын тағы бір тілдік құрал – 
ирония

«Кемшілікті, мін-мүлтікті астармен перделеп сынау, сықақтау, 
мысқылдау, кекету» [139, 134] – күрделі тақырыптағы ақпаратты 
оқырманға қарапайым, қызықты әрі бейнелі түрде жеткізудің 
таптырмас жолы. Мұндай тақырыпат құру арқылы автор өзінің «сөз 
зергері» ретіндегі жеке құзыреттік кәсіпқойлығын да тағы бір 
айқындай түсетіндей: «
Ақтау түрмесiнен камикадзелер қашқан ба? 
Бiздегi жағдайды америкалық кинорежиссер естiмей-ақ қойсын
"фильм түсiремiз деп" Әдiлет министрiн әуре етер...
» (ЖА. – 
06.07.2010), «
Әблязов қырығында "қамал бұзды"
» (ЖА. – 15.05.2003), 
«
Премьер-тақсыр, айтқаныңыз орындалады!
» (ЖА. – 24.11.2009). 
Фигура
(латынша «келбет», «бейне») яки айшықтау – «сөз 
тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, 
айрықша айшықпен құру» [141, 233]. Заманауи публицистикалық 
мақалалардың тақырыпаттарында айшықтаудың антитеза, параллелизм
арнау, риторикалық сұрақ, оксюморон, инверсия сынды түрлері 
мейлінше көп кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет