128
ұсынған топтастыруымыз журналистерге мақалаларына атау беруде
арқау болып, нәтижесінде реципиенттің мерзімді басылым беттерінен
өзіне қажетті ақпаратты дәл табуына септігін тигізетін еді.
Орыс тілді публицистикаға қарағанда қазақ тілді мерзімді
басылым беттерінде тақырыпаттың басты қызметтері – ақпараттылық
және мәтін мазмұнымен сәйкестік – басқа қызметтерден оқ бойы алда
тұрады. Орыс тілді баспасөзде журналистер бейнелілік және әсерлілік
аспектілеріне көбірек назар аударатындықтан, алдыңғы екі қызмет
«көмескілене» түседі;
Тақырыпат кешенінің әрбір құрамдас бөлігінің өзіндік
қызметі бар, олардың әрқайсысы да оқырманға негізгі ойды дұрыс
түсінуге және адресантпен тілдік дискурсқа түсуге өз септігін тигізеді;
Тақырыпаттың экспрессивтілігін арттырып, оның көмегімен
мақалаға оқырмандардың назарын көбірек аудару үшін журналистер
көптеген тілдік және тілдік емес құралдарды қолданады. Соның ішінде
жиі кездесетіндері: прецедентті құрылымдар, окказионализмдер, троп
және фигура, стилистикалық бояма лексика, парцелляциялық
құрылымдар, тілдік қайталамалар, т.б.
Осындай тілдік бірліктердің бірі – фразеологизмдер мақала
атауына экспрессивтілік пен бейнелілікпен қоса белгілі деңгейдегі
этномәдени бояу да бере алады;
Оқырманға әсер ету қызметіне фоностилистика да елеулі үлес
қосады. Әрбір фонетикалық құбылыс не бірліктің тақырыпатқа беретін
реңкі және оқырман санасына әсер етуіндегі өзіндік пәрмені бар;
Әлемде болатын барлық тілдік жаңалықтар, ең алдымен,
публицистикалық мәтіннен, әсіресе, тақырыпаттардан көрініс табады.
Мұндай жаһандану құбылысы автор мен реципиент арасындағы
«қашықтықты» жақындастыруға септігін тигізеді;
Санадағы әлемнің тілдік бейнесінде белгілі бір әлеуметтік
топқа тиесілі ерекшеліктер болады, оларды бір тілде, бірақ әртүрлі
мемлекеттерде жарияланған газет мақалаларының атауларына зер
сала отырып бақылауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: