Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы газет тақырыпаттарының прагматикалық Қызметі



Pdf көрінісі
бет23/80
Дата06.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#81360
түріМонография
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   80
Байланысты:
7-gazet-gramm

Ғалымның 
хаты өлмейді...» 
(СС. – 18.05.2010),
 «Баяғы жартас – сол жартас
» 
(СС. – 27.03.2010), «
Ағаға қарап іні өседі
» (СС. – 13.05.2008), 
«
Бiлiмнiң қара шаңырағында талаптыға нұр жауар
» (З-Қ. – 


67 
27.06.2003), «
Қалалық әкiмшiлiк те көрпесiне қарай көсiледi
» (ЖА. – 
09.09.2010). 
Тілшілердің прецеденттік айтылымдарды күрделі мақала 
атауларында ұсынуы жиі ұшырасады. Мұндай тақырыпаттардың бір 
бөлімінде прецедент беріледі де, екінші бөлімі алғашқысын мағынасы 
жағынан ашады, толықтыру енгізеді: «
Арбаның бесiншi доңғалағы
жамбасы тесiлгендер жұмсақ жастықтан тағы дәмелi ме?
» (ЖА. – 
16.08.2011), «
Тағы да Арқанкерген мен Ақсай шатқалы туралы немесе 
Ахиллестің өкшесі
» (ЖА. – 11.09.2012). 
Прецедентті есімдердің
халық жадында алар орны ерекше 
болғандықтан, мақала тақырыпатындағы осындай есімдер, сөз жоқ, 
әрі оның көркемдік бейнелілігін арттырады, әрі қабылдауға жеңіл етеді. 
Мұндай есімдер, әдетте, белгілі прецедентті мәтінмен байланысты: 
«
Бүгiнгiнiң Дон-Кихоты
» [Ақын, жазушы Мiр Шайырдың «О, Данышпан 
Дүние!» атты романы туралы] (ЕҚ. – 28.11.2006) (Мигель де 
Сервантес, «Дон Кихот» романы), «
Қазақ рухының нағыз Геркулесi
» 
[«Академик Жолдасбеков» атты кiтап туралы] (ЖА. – 01.03.2001) 
(көне грек мифологиясы), немесе қандай да бір прецедентті 
жағдайдың символы, белгісі ретінде қолданылуы мүмкін: «
Қазақтың 
Паганиниi
» [Музыка өнерiнiң қайраткерi Ә. Толғанбаев хақында] 
(ЕҚ. – 20.08.1994) (Никколо Паганини – танымал италиялық 
скрипкашы және композитор), «
Қазақ даласының Бонапарты
» 
[Мемлекеттік және қоғам қайраткерi Жақыпбек Жанғозин жайында] 
(СС. – 02.12.1999) (Наполеон Бонапарт – Францияның даңқты 
мемлекет қайраткері, қолбасшы), «
Өсерқұл қажы қазақтың "Ибн 
Синасы"
» (Айғ. – 17.07.2007) (Әбуәли ибн Сина – медицина 
саласында көп еңбек еткен ғалым). 
Алдыңғы екі прецедентті феномен вербалды (тілдік тұлғаның 
жадында дайын сөз тіркесі я сөйлем күйінде сақталатын) болса, 
прецедентті жағдай және мәтін вербалданған құрылым болып 
табылады. Яғни тілдік тұлға бұларды жадынан алғанда тұтас өздерін 
емес, олардың түрлі дифференциялық белгілерін ғана алып, өз 
дискурсында және сөйлеу әрекетінде қолданады. Сондықтан мұндай 
прецедентті феномендер публицистикалық басылымдарда басқаларына 
қарағанда сирек кездеседі. Тақырыпат ретінде 
прецедентті жағдай
қолданылған мынадай мақаланы қарастыруға болады: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет