өз жинақтарыңды
пайдамен қайтарып алатындай, сенімді іске салу арқылы сақтаңдар.
Ақылгөй, білікті адамнан кеңес алыңдар.Біліктінің кеңесі алтынға
парапар.Əрі оның ақылды кеңесі сендердің əмияндарыңа қойған күзет
болып табылады.
БЕСІНШІ ДАУА
Жинақты тұрғынжайға сал
- Егер де адам өз табысының тоғызыншы бөлігін жинай берсе жəне
бұның белгілі бір бөлігі зиянсыз пайдалы іске салынып, игілікке айналса,
онда соғұрлым байлық тезірек пайда болады, - деп бастады Арқат бесінші
күнгі дəрісін шəкірттерге,- Бабылда көптеген адамдар жайсыз жағдайда
тірлік етуде. Олар баспана үшін үлкен ақша төлеуде, бірақ ол
орынжайларда əйелінің жанын семіртетіндей гүл егетін де бұрыш жоқ, ал
балаларға қоқыстың маңынан басқа ойнайтын орын да табылмайды.
Балалары таза жерде еркін ойнайтын, əйелдері гүлмен бірге жанұяға
пайдалы көкөніс егетіндей ауласы болмағанша, ешбір жанұя өмірдің
рахатын көре алмас.
Еркектің көңілі көтеріле қоймас, өз ағашынан інжір мен өз бұтағынан
жүзім жемей.Жеке тұрғынжай оның жанын семіртіп, келесі бастамаларға
қуат берер еді.Сондықтан да, өзін де отбасын да қорғайтын əр кісіге
баспана керек.
«Шын жыласа, соқыр көзден жас шығар» демекші, кез келген адам
сонша тілесе, өз баспанасы болады да қояды. Патшамыз қала дуалын
кеңіткені сонша, енді Бабылда қарапайым кісі сатып алардай бос жер бөлігі
көбейген жоқ па?
Тағы айтарым, шəкірттер, молайтушылар үй мен жер сатып алуға ниетті
адамдарға қуана келіседі.Егер өздеріңде құрылысшыға беретін ақша
жеткіліксіз болса, олар оны қарызға беруге даяр.
Үйлерің салынып біткенде, молайтушыға тиесілі жарнаны бұрынғы үй
жалдаушы қожайынға төлегендей, қиналыссыз беріп тұра аласыз.Осындай
əрбір төлем сендердің берешектеріңді кемітеді де, бірнеше жылдан соң
қарыздан ештеңе де қалмайды.
Сөйтіп, кеуделеріңді қуаныш кернейді, себебі, сендер, отағалар, құнды
меншікке ие боласыңдар да, патшаға төлейтін салықтан басқа ештеңе
қалмайды.
Ал, отана өзенге барып кір жуады да, қайтарда мес толы суды
əкеліп,өсімдіктерін суарады.
Жеке баспанасы бар адамның артықшылығы жетеді. Ең бастысы, ол
өмірдегі шығынды азайтып, сайран мен жеке бастың қажетіне молырақ
жұмсайтын болады.Қабысқан əмиянның бесінші дауасы дегеніміз осы:
Достарыңызбен бөлісу: |