Әрі қаһарман, әрі ғалым



бет1/2
Дата27.12.2016
өлшемі184,31 Kb.
  1   2
Әрі қаһарман, әрі ғалым

(М. Ғабдуллин-100 жыл)


Батырым-Мәлік беренім,

Жүйрігім, озған өренім.

Халқы сүйген қалауым,

Жырымды саған төгемін.



Жамбыл Жабаев
Мәлік Ғабдуллин! Ерекше құрмет тұтар, жүректе сақтар ардақты есім. Ол қаһармандық, батырлық іс-қимылдарымен, терең ғылыми ізденістерімен, ұстаздық, санаткерлік ерен еңбегімен, қаламгерлік қабілет дарынымен, жан дүниесінің кіршіксіз мөлдір тазалығымен, кісілік мейірім-қасиеттерімен, әдеп-инабатымен, үздік жаратылысымен, ақыл –парасатымен өзгешеленетін тарихи тұлға.

Мәлік Ғабдуллин 15 қараша 1915 жылы Көкшетау облысы, Зеренді ауданында туған.

1924-1929 жылдары №13 ауылдағы бастауыш мектепте, 1929-1931 жылдары Көкшетау қаласындағы жеті жылдық қазақ мектебінде оқыған. 1935 жылы ҚазПИ-дің тіл-әдебиет факультетін бітірген. Оны Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті «Пионер» газеті жауапты редакторының орынбасары етіп бекітті. 1936-1937 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери міндетін атқарған. 1938 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалында кіші ғылыми қызметкер болып істеген. Осы уақыттан бастап қазақ әдебиеті тарихы мен фольклор ғылымының мәселелерімен түбегейлі шұғылдана бастаған.

1938 жылдың қазанынан бастап 1941 жылдың шілдесіне дейін ҚазПИ-дің аспирантурасында оқыды.

М. Ғабдуллин И.В. Панфилов бастаған данқты 8-гвардиялық дивизия құрамында Ұлы Отан соғысында Мәскеу іргесіндегі қанды шайқаста қаһармандықтың асқан үлгісін көрсетіп, Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 1943 жылдың қаңтарынан бастап 1944 жылдың қарашасына дейін Калинин майданы, сонан соң 1-Прибалтика майданы саяси басқармасының орыс емес ұлттар жауынгерлердің жан-сезімін өткір сезінетін және Қызыл Армияның тамаша мектебінен өткен саяси қызметкер. М. Ғабдуллин қан майданда жүріп «Қызыл жұлдыз», 1дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және «Москваны қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Венаны алғаны үшін» медальдарымен марапаталған. М.Ғабдуллин II-IV сайланған КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты.

1944 жылдың қарашасынан бастап 1946 жылдың 28 наурызына дейін КСРО Қорғаныс Министрлігі Бас Саяси Бақармасы үгіт-насихат бөлімінің бастығы болып істеген.

М.Ғабдуллин майданнан оралған соң Тіл және әдебиет институтында алғашқыда директордың орынбасары, соңынан директоры, 1951-1963 жылдарда ҚазПИ-дің ректоры, 1963 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін Республика Ғылым академиясы М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында фольклор бөлімінің меңгерушісі міндеттерін атқарған.

Мәлік Ғабдуллин ғылыми-зерттеу саласында көп еңбек етті. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті (1958-1964) атты күрделі монографиялық еңбегінде Ғабдуллин ауыз әдебиетін зерттеудің ғылыми-методологиялық негіздерін айқындап, қазақ халық ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, лиро-эпостық дастандар, айтыс өлеңдер, мақал-мәтелдер, олардың ғылымдық, тәлім-тәрбиелік мәнін ашып көрсетті.

М.Ғабдуллинің көркем шығармадағы тырнақ алды туындылары дивизиялық, майдандық газеттерде жарық көрді. Шығармалары жеке жинақ болып, соғыстан кейін жарияланды. «Менің майдандас достарым» (1947), «Алтын жұлдыз» (1948), «Майдан очеректері» (1949), «Сұрапыл жылдар»(1971) атты кітаптарына енген әңгіме, очеректерінде М.Ғабдуллин майдан өмірін суреттеп,жауынгер тұлғасын, кеңес үкіметінің адамдарының Ұлы Отан соғысы кезіндегі қаһармандық бейнесін суреттеді.

Педагог-жазушы ретінде ол жас ұрпақтың тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлді. «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» (1966) деген кітабында М. Ғабдуллин бесік жырынан бастап, батырлар жырынан дейінгі халық поэзиясының тәрбиелік мәнін ашып, оны іс жүзінде пайдаланудың тәсілдерін көрсетеді. Сонымен бірге балаларды патриотизмге, шыншылдыққа тәрбиелеу, олардың болашаққа сенімін арттыру, жас баланы дұрыс сөйлеуге үйрету жөнінде ата-аналарға педагогтық кеңес береді.



М.Ғабдуллин «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» атты оқулығы мен «Қазақ халқының батырлық жыры» деген күрделі зерттеуінде ұлттық фольклор табиғаты және оның жанрлық түрлері мен ерекшеліктері асқан біліктілікпен баяндалады. Тұрмыс-тіршілікке, шаруашылық-кәсіпке, әдет-ғұрыпқа байланысты шығармалары әрі оның саяси-салалы тармақтары егжей-тегжейлі терең талданады. Ой-пікірлерін дәйекті дәлелдермен жарқын мысалдармен әдемі бекітіп отырады. Сондай-ақ мақал-мәтел мен жұмбақтық тақырыптық, жанрлық әрі көркемдік-танымдық қасиеттері әділ таразыланады. Ертегілердің, батырлар жырларының, лиро-эпостық жаратындылардың жиналуы, жариялануы және зерттелу тарихы барынша жан-жақты, толық әңгімеленеді. Батырлар жырының тарихқа қатысы, олардың мифтік, ертегілік, ғажайып ұғымдарға байланысты екендігі, кейіпкер жасау тәсілдері, тілдік-стилистикалық жүйесі, өлең құрылысы, түпнұсқа әрі оның түрлері жоғары ғылыми-теориялық деңгейде баяндалады. Айтыс өлеңдерінің өзгешеліктері мен түрлерін жіктеп, жүйелейді. Ғұлама ғалым әрқашан да мәтінін талдауды естен шығармайды. Мұның өзі филологиялық талдауларға ұласып отырады. Негізінде, халық ісі, халық тағдыры, ұрпақ тәрбиесі, сәулетті болашаққа жету мәселесі Мәлік батыр толғаныстарының лапылдаған жалынды өзегі.

Батыр-білімпаз Мәлік Ғабдуллин ұлттық тәрбиенің бастау-көздеріне, тарихқа ой көзімен үңіліп, ерліктің тәрбиеден туатындығын жарқын айғақ-мысалдармен дәлелдейді. Тәрбие мен тәртіптің біртұтастығын ерекше ескертіп, олардың бір нәтижеге қол жеткізетіндігін байсалылықпен баяндайды.



Каталог: files -> user
user -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
user -> Әлия-саптан ұмтылып, Жүгіріп шықты аптығып, Құшақтап алған мылтығын, Кіршігін қақпай қалт тұрып. Сағи Жиенбаев
user -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
user -> Пайдаланған әдебиеттер
user -> Ақын, жазушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына библиографиялық шолу
user -> Қазақстан тарихы
user -> Дулат Қожахметов Жырдың жез қанатты ақынын еске алуға арналды Облыс орталыгында Кэкімбек
user -> Ақиқаттың адамы /Бердібек Соқпақбаевтың 90-жылдығына библиографиялық шолу
user -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
user -> Қазақстан тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу