Әріп Тәңірбергеновтың Абай мектебімен байланысы



Pdf көрінісі
Дата12.10.2023
өлшемі118,47 Kb.
#184958
Байланысты:
Срсп 6 Уразалиева Жансая



СРСП 6
Әріп Тәңірбергеновтың Абай мектебімен байланысы
Әріп – Абай мектебінің түлегі. Ұлы Абайдың өнерпаздық дәстүрлерінен тағылым алған,
жай отындай жарқылдаған өлең сөздің өрен жүйрігі. «Бәрінен Абай сөзі артығырақ,
сыры көп, сырты сұлу, тым бағалы» /7,58/ деуі бұған дәлел. Оның сынына түсіп,
шығармашылық жаттығудан өтеді. Абайша еңбек етіп, өмір сүруді өзінің бірден-бір
мақсаты санайды. Дүниеге көзқарасы да Абай ықпалымен қалыптасады. Әріп ең
алдымен тіл мәселесіне көңіл бөліп, зер салып ізденеді. Өзінің табиғи қабілітінің
арқасында төрт халықтың тілін біліп, сол тілдерде жазылған кітаптарды емін-еркін
оқитын болған /7,43/. Ақын өзінің «Тоқтағанда» деп аталатын өлеңінде:
Ғылымға жас күнімнен еттім талип,
Талпынып төрт лұғаттан тағлім алып,
Бір мен емес, әркімнен өткен өмір,
Қарасам жан-жағыма назар салып, — дейді.
Әріп қолына қалам алған күннен бастап Абайдан көз жазбаған. Абай дәстүрін бойына
жастай сіңірген, аса ірі ақындардың бірі. Әрқашан Абайға ұқсауға талпынып, елдің
мұңын-мұңдап, жоғын жоқтаған, Абай ағасынша «екі жаққа бірдей үңіліп» батыс-шығыс
әдебиетінің үлгілерін көп үйренген. Әріптің Абай рухын бойына сіңіргені соншалық,
оның кез келген өлеңінен Абай үлгісінің лебі есіп тұрады. Сөз арасын бөтен сөзбен
былғамай, Абайша өрнек салуға, Абайша ой толғауға жасынан машықтанғандығы оның
әр шығармасынан тайға таңба басқандай байқалады. Тіпті тырнақалды
туындыларының өзі тікелей Абай әсерімен жазылғандығын көреміз. Абай жастық
шағында жазған «Әлифби» өлеңіне еліктеп Әріп те «Әліфби» атты өлең жазған /8,93/.
Абай арабтың ірбір әрпіне бір-бір өлең жолын арнап жазса, Әріп арабтың жиырма
тоғыз әрпіне жиырма тоғыз шумақ өлең жазады.
Абайдың ақындық ортасы, мектебі, дәстүрі жөнінде ой өрбіткен білгір абайтанушы М.
Әуезов Әріп ақындығының сыр-сипатын төмендегіше түсіндіреді: «Бұл ақынның да сан
өлеңдерінде Абай аты аталып, үлгі-өнеге осыдан тарап отыратын. Әсіресе, Әріп жазған
өлеңдердің көп мазмұны – ғылым туралы, еңбек туралы, әйел халі туралы және
әсіресе жуан-содырлар туралы жазылған сыншыл, сатиралық шығармалардан тұрады.
Осындай мұраларының бәрінде де Әріп Абайға аса жақын келіп, ой-сана жағынан да,
шеберлік, стиль, үлгі жағынан да ұлы ақынның реалистік дәстүріне иық сүйеп
отыратындығын сездіреді»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет