Қоғамдық тарих дәлелдегендей, адам баласы қашанда бостандық, тәуелсіздік үшін күрескен. Тәуелділіктің ең жоғары шегі абақтыға салу, жер аудару, құлдықта ұстаумен қатар, бүкіл ел көлемінде қарасақ, ол бодандыққа айналдыру. Бодан болған ел – еріксіз, бас бостандығы, еркі жоқ ел. Ол басқа үстем елге қызмет етеді. Еті тірі, санасы оянған, еркіндікті ойлап, сол бодан елдн шыққан зиялы азаматтар олса, үстем ел, олардың еңсесін басып, көзін жойған. Дегенмен өмір бір қалыпта тұрмайды, жаңа ел ойшылдары дүниеге келіп, қозғау салған. Сөйтіп бостандық үшін күрес еш толастамаған. Бұл да өмір шындығы.