Ерлік пен даңқ беттері Үлгі болып аталардың ерлігі



Дата31.07.2020
өлшемі12,98 Kb.
#75816
Байланысты:
Ерлік пен даңқ беттері


Ерлік пен даңқ беттері

Үлгі болып аталардың ерлігі, 


Ұлағаты, өнегесі, еңбегі. 
Ғасырларға жалғастырып елдікті, 
Дақ түсірме ата-баба арына 

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» демекші, Ұлы Отан соғысы мәңгі тарих қойнауына енді. Бүгінде бұл сұрапыл соғыстың аяқталғанына 75 жыл болмақ, дегенмен бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасып, елін, жерін, туғанын жаудан қорғап, Отаны үшін жанын бергендіктен, соғыс  ұмытылмастай ізін қалдырды. Ол аталарымыз бен апаларымыздың жасаған ерліктері тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихына алтын әріптермен жазылған, мысалға мен өз басым, Бауыржан Момышұлын мақтан тұтып, ол кісінің жасаған ерлігін, артынан өшпес мұра етіп қалдырып кеткен еңбектерін өте жоғары бағалаймын.

Қазақ халқы үшін біртуар дара тұлға, ерлік пен елдіктің киесіндей танылған даңқты қаһарман, батыр. Сұрапыл Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанды. Қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды. Бауыржан Момышұлы отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен көзге түсіп, аты аңызға айналды.

Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл - бүгінгі ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өркендеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні- абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.



Қорыта айтар болсам, Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады. Торқалы тойдың қуанышы өзі сүйген халқы үшін ерекше болмақ. Найзағайдай жарқылдаған отты елі бар, қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз мүддесін, ұрпақ мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын, әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш Бауыржан есімі, ерлігі Ұлы Жеңіске шексіз үлес қосқан сан бабаларымызды қайсар келбетін көз алдымызға елестетіп, болашағымызға күш, қайрат, рух береді. «Ер есімі- ел есінде» демекші бізге жарқын болашақ бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар мәңгі жадымызда сақталып,ешқашан ұмытылмауы хақ! Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тіршілігімізге күн нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. Бұл соғыс - дұшпанның араны ашылған басқыншылық мінез-құлқын, өзіне таяқ етіп жұмсаған ұрыстың бірі. Бұл соғыс- ата-бабамыздың айтып кеткен «Білекті бірді, ақыл-айлалы мыңды жеңеді» дегеніндей халық тәжірибесімен шыққандығына дәлел. Ұлы Жеңісіміз баянды болсын! Тәуелсіз еліміздің көк туы көк аспанымызда желбірей берсін!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет