Ерманова с. А


Судағы микроэлементтердің маңызы



Pdf көрінісі
бет26/99
Дата11.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#111118
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   99
Байланысты:
ERMANOVA su topyrak aua got na PDF
Казахский национальный университет имени аль, Ситуационные задачи, Дәріс
3.5. Судағы микроэлементтердің маңызы 
 
Судағы  ең  кӛп  кездесетін  микроэлементтердің  бірі  фтор. 
Оның  концентрациясының  ӛзгеруі  эпидемиялық  флюороз, 
кариестің пайда болуына әкеледі. 
Флюороз
 - элементтің кӛп болуымен сипатталады. Бұл кезде 
тіс  эмалінде  дақтар  пайда  болады.  Осының  нәтижесінде 
дистрофияға ұшырап, онда тыртықтар пайда болып, тіс әлсіз бола 
бастайды. 
Суда  фтордың  азаюы  балалар  арасында  кӛп  кездесетін  тіс 
кариесіне әкеп соғады. Мысалы, Түркістан - Кентау аймағындағы 
су  кӛздерінің  негізі  құрамын  қарастырғаңда,  онда  фтордың  аз 
екендігі  анықталған.  Осыған  байланысты  аймақ  тұрғындарының 
арасында  тіс  ауруларының  кӛбейіп  кеткендігі  ғылыми  тұрғыда 
дәлелденген  (Р.К.  Қуандыкова).  Сонымен  бірге  фосфор-кальций 
алмасуы  бұзылып,  сүйектердің  деформациясы  және  әлсіздігімен 
сипатталатын  фторлы  кахексия  пайда  болады.  Бұнымен  қатар 
байламның 
кальцификациясымен 
байланысты 
болатын 
остеосклероз және орталық жүйке жүйесінде, бауырда және басқа 
кейбір  мүшелерде  ауытқулар  пайда  болады.  Суда  кальций  мен 
магний  тұздарының  шамадан  тыс  артық  болуы  кӛрнектілік 
қаттылық  дәм  береді.  Мұндай  суда  тамақтың  пісімділігі 
тӛмендейді,  шайдың  дәмі  де  қалыптағыдай  болмайды,  сабын 
кӛпірмейді, адамдардың арасында жүрек ауруы кӛбейеді, бүйректе 


48 
 
тас пайда болуы ықтимал деген жобалама бар. Кӛрнекілік шегі 15-
20 мг э/л. 
Хлоридтердің  суда  кӛбеюі (350 мг/л-ден) суға тұздылау  дәм 
береді,  асқазан  сӛл  бӛлуін  баяулатуына,  диурездің  азаюына, 
артериялық  қан  қысымының  кӛтерілуіне  және  тағы  басқа 
бұзылыстарға  алып  келеді.  Бүйрек  және  жүрегі  ауыратын 
адамдарға  зиянды  әсер  етеді.  Сульфат  тұзының  суда  кӛбеюі 
хлоридтердің әсеріне ұқсас болып келеді. 
Берилийдің  максималды  мӛлшері  хроникалық  тәжірибеде 
анықталғандай  (0,02  мг/л)  қызыл  сүйек  миында  эритропоэздің 
әлсіреуіне, 
рефлекторлық 
қызметінің 
ӛзгеруіне, 
жүйке 
жасушаларының дистрофиялық ӛзгерістеріне алып келуі мүмкін. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет