III. Су денсаулық факторы ретінде. Сумен жабдықтаудың гигиеналық негіздері. Су тҧтынумен байланысты аурулардың алдын алу
3.1.
Су - денсаулық факторы
СУ - адам, жануар, ӛсімдіктер тіршілік етуіне керекті
биосфераның аса маңызды элементтерінің бірі болып табылады.
Ол жер шарының климатын реттейді, адамдардың ӛндірістік және
шаруашылық әрекеттерін қамтамасыз етеді. Ол әрбір тірі ағзаның
құрамына кіреді. Ағзадағы барлық физико-химиялық құбылыстар
судың қатысуымен жүреді, су барлық жасушаларға қоректік және
қуаттылық заттарды тасымалдайды.
- Су жасушалардың қаңқасын түзейді;
- су ағзада терморегуляцияны реттейді;
- су арқылы ағзадан зиянды заттар бӛлініп тұрады;
- су арқылы ағзада тұз судың зат алмасуы реттеледі.
Су денсаулық факторы ретінде - судың сапасының адам
денсаулығының жақсы болуына тигізетін ықпалы зор