4. 2. Атмосфералық ауаның химиялық әсері.
Атмосфералық ауаның химиялық қҧрамы.
Ауа - газдардың қоспасы. Құрғақ ауада оттегі - 20,95 %, азот
- 78,09%, кӛмірқышқыл газы 0,03%. Онда булардан басқа аргон,
гелий, неон, криптон, сутегі, ксенондар бар. Ӛте аз мӛлшерде
озон, азот оксиді, йод, метан, су булары кездеседі (13 кесте).
13 кесте
Атмосфералық ауа химиялық қҧрамы бойынша бірнеше
газдардың қоспасы болып саналады. Олардың ӛздерінің
белгілі мӛлшері болады
Газ
Химиялық
құрамы %
Газ
Химиялық
құрамы %
Азот
78,09
Метан
0,00022
Оттегі
20,95
Криптон
0,0001
Аргон
0,93
Азот тотығы
0,0001
68
Кӛмір қышқыл
газы
0,93
Сутегі
0,00005
Неон
0,0018
Ксенон
0,000008
Гелий
0,00052
Озон
0,000001
Оттегі
- биологиялық жағдайы бойынша ауаның ең маңызды
бӛлігі. Табиғатта тірі ағзалар (адам, жануар) оттегіні әрдайым
пайдалануда, оттегінің кӛп мӛлшері тотығу, жану, т. б.
құбылыстарда қолданылады.
Оттегінің осынша кӛп қолданылуына қарамай оның ауадағы
мӛлшері тұрақты. Себебі бұл құбылыстарға паралелді ӛсімдіктер
дүниесінде қарама-қарсы құбылыстар жүріп жатады. Яғни кӛмір
қышқыл газының бойға сіңіруі жүреді және оттегі бӛлінеді.
Атмосфераға оттегі ӛсімдіктерде болатын фотосинтез құбылысы
арқылы
қабылданады.
Фотосинтез
нәтижесінде
жылына
атмосфераға 5×10
14
т оттегі бӛлінеді және осыған шамалас
мӛлшері қолданылады. Оттегінің ауада түзілуінің тағы бір жолы,
соңғы мәліметтер бойынша күн сәулесі әсерінен су молекуласы
оттегі молекуласын түзіп ыдырайды.
Оттегін ағзаның пайдалануы жасқа байланысты. Егде жаста
ол 70%, жас балаларда ол 110-120% құрайды.
Ағза оттегі жетіспеушілігіне ӛте сезімтал. Егер оның
мӛлшері ауада 17%-ға дейін тӛмендесе пульс жиілейді, тыныс та
жиілейді. Ал 11-13% болса оттек жетіспеушілігін әкеледі. Ол
69
жұмыс қабілетін жылдам тӛмендетеді, 7-8 % болса ӛмір белгісі
болмайды.
Соңғы жылдары оттегінің жоғары концентрациясы (жоғары
қысымда) хирургиялық практикада, акушерствода қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |