Ерманова с. А


  Атмосфералық  ауаның  ластануының  гигиеналық



Pdf көрінісі
бет50/99
Дата11.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#111118
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   99
Байланысты:
ERMANOVA su topyrak aua got na PDF

4.4.  Атмосфералық  ауаның  ластануының  гигиеналық 
маңызы 
 
Атмосфералық  ауаның  ластануы  туралы  проблема  XX 
ғасырдың  2-ші  жартысында  ӛндіріс  орындарының  техника, 
транспорт дамуымен байланысты ӛзінің шыңына жетті. 
Қазіргі кезде жер атмосферасына жылына жүздеген миллион 
тонна  ӛндіріс  қалдықтары  шығарылуда.  Атмосфераның  негізгі 
ластаушылары  ӛндіріс  орындары,  котельный,  транспорт,  ТЭЦ  - 
бұл үлкен қалада. 
Ал  ауыл,  т.б.  жерлерде  отын  кӛздерін  жағу  -  кӛмір,  газ, 
мұнай,  т.б.,  атмосфера  ластаушының  негізгі  кӛзі  боп  есептеледі. 
Бір  жылда  алынған  кӛмірді  жағу  атмосфераға  94  млн.т.  шаң,  30 
млн.т.  СО
2
  кӛмір  тотығын,  37  млн.т.  күкіртті  газ,  6  млрд.т.  СО
2
 
шығарады. 
Ал  жеңіл  машина  сағатына  атмосфераға  4  кг  кӛміртегі 
тотығын, жүк машинасы 7 кг-ға дейін шығарады. Тек қана біздің 


80 
 
планетамыздағы  автопарктің  атмосфераға  шығаратын  кӛміртегі 
тотығы 200 млн.т., кӛмірсутегі - 50 млн. т. құрайды. 
Ластаушының  негізгі  қатарына  ауа  транспорты  да  кіреді. 
Мысалы: қазіргі тӛрт моторлы 1 жолаушы самолеті атмосфераны 
10000 жеңіл машинамен бірдей ластайды. 
Ластанған  ауаның  ағзаға  зиянды  әсері  зор.  Нәтижесінде 
әртүрлі  аурулар  дамиды.  Улы  тұман  әсерінен  ӛлім  2468  адамға 
кӛбейді,  әсіресе,  қарт  және  балалар  арасында  тек  тұмау  әсерінен 
4000 адам ӛледі. 
Ластанған  ауа  әсерінен  әлсіреген  ағза  созылмалы  бронхит, 
ӛкпе  эмфиземасы,  созылмалы  ринит,  отит,  т.б.  тыныс  алу 
жүйесінің ауруларының 1,5-2 есе кӛбеюіне ықпалын тигізеді. 
Зерттеулерге  қарағанда  атмосфераның  ластануы  дененің 
түршігуіне  канцерогенді  әсер  тигізетіні  анықталды.  Ауаның 
қарқынды  шаңдануы  атмосфераның  мӛлдірлігіне,  ал  бұл  табиғи 
жарықтануға (ультракүлгін сәулелері) әсер етеді. Шаң-тозаң тұман 
түзуінің  бірден-бір  себебі.  Ал  тұман,  кӛше  зақымына,  адамның 
психикасына әсер етеді. 
Атмосфералық  ластану  үлкен  экономикалық  шығынға 
әкеледі. Мысалы: қалдықтармен қатар ауаға цинк, мыс, қорғасын, 
күкірт  газы,  т.б.  таралады.  Ал  бұл  қалдықтар  ӛсімдіктерге, 
ескерткіштерге  ӛте  зиянды.  Сонымен  қатар  ӛсімдіктің  аз 
ӛнімділігі,  жануардың  аурулары,  т.б.  ауытқулар  да  ауамен 
байланысты. 


81 
 
Тұрмыс  бұйымдарының  ӛте  ластануы  да  ауа  тозаңымен 
байланысты.  Атмосфераның  газ  тәрізді  заттармен  ластануына 
күкірт  қосылыстары,  күкірт  сутек,  азот  тотығы,  кӛмір  сутек, 
альдегид, күйенің қосылыстары да жатады. 
Ауа  ластануымен  күрес  жан-жақты  жүргізілуде,  барлық 
ӛндіріс  орындарына  олардың  күшін,  технологиясын,  т.б.  ескере 
отырып  мынадай  санитарлы-қорғаныс  аймағының  мӛлшерлері 
қойылған. 1 класс ӛндірісіне -1000 м, II-500 м, III-300 м, IV-100 м, 
V-50 м.  
Қазіргі 
кезде 
ауа 
бассейнін 
қорғауда 
тазалаушы 
құрылымдарды қолдану (шаң ұстағыш, фильтр аппараты, электрлі 
фильтр, ылғалды тазалаушы, т.б.) қарастырылуда.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет