Ерманова с. А



Pdf көрінісі
бет36/99
Дата11.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#111118
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   99
Байланысты:
ERMANOVA su topyrak aua got na PDF

 
 
 


61 
 
3.11. Суды хлорлаудың бірнеше тҥрлері  
 
1. 
Кәдімгі  дозамен  хлорлау  (хлорлау  дозасы  хлор  жұту 
мӛлшеріне,  қалдық  хлордың  санитарлық  нормасына  байланысты 
белгіленеді). 
2.  Аммонизациялы  хлорлау  (суға  бір  уақытты  хлорамин 
түзілу үшін хлор мен аммиак NН
3
 жібереді). 
3.  Гиперхлорлау  (хлор  дозасы  судың  хлор  сіңдіруінен 
жоғары). 
Хлордың  қажетті  дозасы  судың  хлорға  және  судың  хлор 
сіңдіру мӛлшеріне байланысты. Судың хлор сіңдіруі дегеніміз 30 
мин  ішінде  1  литр  суды  хлорлауға  кеткен  хлор  мӛлшері.  Ол 
органикалық  заттарды  тотықтыруға,  органикалық  емес  заттарды 
оңай  тотықтыруға  (II-кі  валентті  Fе  және  Mr)  бактерия 
протоплазмасымен 
қосылу 
үшін 
керек. 
Судың 
залалсызданғандығына  сенімді  болу  үшін  суды  хлорлап  болған 
соң суда хлор мӛлшері мынадай болу керек, 0,3-0,5 мг/л бос хлор 
қалдығы.  Кәдімгідей  хлорлағанда  0,6-1,0  мг/л  байланысқан  хлор 
(хлорамин түріңде). 
Кәдімгі  хлорлағандағы  керекті  хлор  мӛлшері  судың  хлор 
сіңдіру  мӛлшерін  байқап  кӛру  арқылы  жасалады.  Жазда  суды 
хлорлағанда  судың  хлормен  жанасуы  30  минуттен  аспауы  керек. 
Қыста,  температура  тӛмен  жағдайда  судың  хлормен  жанасуы  1 
сағатқа созылады. 


62 
 
Алқаптарда,  егістіктерде  суды  залалсыздандыру  үшін 
гиперхлорлау  қолданады.  Бұл  жағдайда,  әсіресе  суды  басқалай 
жолмен  залалсыздандыру  мүмкіңдігі  жоқтығында  суды  активті 
хлордың кӛп мӛлшерімен хлорлайды (10-30 мг/л). Бұл кезде оның 
пайдалы жағы болады. 
1. 
Залалданған,  лайланған,  түстенген,  иістенген  суды 
сенімді залалсыздандыруға мүмкіндік туады. 
2. 
Суды ластануына, зияндылығына, қай жерден шығуына, 
жарамсыздығына қарамастан залалсыздандыру оңайға түседі. 
3. 
Залалсыздандыру 
небәрі 
20-15 
мин. 
болады. 
Гиперхлорлауға керекті дозалар: жақсы органолептикалық қасиеті 
бар  құдық  суына  белсенді  хлордың  10  мг/л  мӛлшері.  Құдық 
суының  тұнықтығы  тӛмендегенде  және  ӛзен  кӛлдер  суына  15-20 
мг/л. Кез келген қатты ластанған суға, ішуге жарамсыз сулар үшін 
25-30 мг/л. Ішуге қауіпті болғанда 100 мгл. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет