В.Штрайсмайердің оқыту және дамыту бағдарламасында дамуында ауытқулары бар ерте жастағы балаларға арналған түзете-дамыту жаттығулар жүйесі берілген. Даму деңгейін белгілеу үшін баланың дағды, біліктіліктерін тіркейтін тест парақтары беріледі. Бұл тест парақтарында мынадай даму салалары сипатталған өзіне-зі қызмет көрсету дағдысы, әлеуметтік дамуы, ұсақ моторикасы, ірі моторикасы, тілдік дамуы, ойлау қабілеті мен қабылдауы. Тіркеу бланкісінде әр даму саласындағы көрсеткіштердің асты сызылады. Бұл бала жетістіктерін бақылауға мүмкіндік береді.
Өткен ғасырдың 80-інші жылдарына қарай ерте жаста кірігі саласында көптеген өзгерістер болды. Бұл түзету процессіне ата-аналарды тарту және тиімді ерте жастағы ауытқуларды анықтау тесттерін құру қажеттіліктерімен байланысты еді. Осыған орай АҚШ-та 70-80-інші жылдары білім беру мекемелері өз жұмыстарына ата-аналарды тарта бастады. 2000ыншы жылға дейін ата-аналарды білім беру барысына қатыстыру жалпы ұлттық мақсат болды. 1993 жылы педагогтың ата-аналармен жұмыста қажетті дағдылары мен білімдеріне қойылатын талаптар белгіленді. Соңынан білім беру саласына отбасын қатыстыру туралы әртүрлі заңдар қабылдана бастады .
Алғаш рет Лекотека 1963 жылы Стокгольм қаласында Университет клиникасында ата-аналар мен педагогтардың бастауымен ашылды. Бұл лекотеканың басты мақсаты дамуында ауытқулары бар балаларға ойын арқылы қолдау көрсету еді. 1980 жылы АҚШ-та Эванстон қалашығында (Иллинойс штаты) алғаш лекотека ашылып, соңынан ол Лекотекалардың ұлттық орталығына айналды. Қазіргі кезде АҚШ-та лекотекалар мен оқыту және ресурстық орталықтар жүйесі кең ауқым алған. Лекотека мақсаты – дамуында тежелістері бар балалар мен олардың отбасыларына отбасылық және қоғамдық өмірге араласуы үшін толық жағдай туғызу. АҚШ лекотекаларында отбасына жұмылдыру ойындары әдісі кең қолданылады .
Австралияның Арнайы білім беру орталығының ерте жастағы педагогикалық көмек Кішкентай даму сатылары бағдарламасы 0 мен 4 жас аралығындағы балаларға арналған. Бұл бағдарлама ата-аналарға үй жағдайында баланы дамыту жұмыстарын атқаруға бағытталған құрал ретінде шығарылғанАта-аналар бұл құралдың көмегімен балның даму деңгейін анықтап, жеке дамыту бағдарламасын құрып, түзету сабақтарын жүргізе алады. Бағдарлама келесі бағыттарды қамтиды: тілдік дамыту, моторика, өзіне-өзі қызмет көрсету және әлеуметтік дағдылары .
Жоғарыда аталған барлық ерте жаста кірігу бағдарламаларын талдап, мынадай қорытындыға келдік: барлық бағдарламалар мазмұны мен ұйымдастырушылық сиапты бойынша біріне-бірі ұқсас келеді:
1. Ерте жас ауытқуларды анықтау мен түзету жұмыстарына өте қолайлы сензитивті (сезімтал, майысқақ) кезең болып табылады.
2. Түзету көмегін пәнаралық мамандар тобы жеке дамыту бағдарламасына сай атқарады.
3. Бұл процесске ата-аналар тікелей қатысуы тиіс.
4. Міндетті түрде баланың қарқынды даму деңгейі анықталып, жеке дамыту бағдарламаның тиімділігі мен қолдау сапасы (мониторинг) зерттеледі.
5. Кірігу құралы ретінде нормативтік шкалалар мен ойын әдістері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |