Ертегілер әлемінде Мазмұны


Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?



бет7/41
Дата22.08.2020
өлшемі107,62 Kb.
#76415
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Байланысты:
ерегілер жинағы Байменова З.С.

Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?

Күндердің күнінде бір торғай ұшып кеп, бір шаруаның қорасына қонады да, шашылған дәндерді теріп жей бастады. Мұны көріп, қожайынынң мысығы бір мүйістің тасасында тұрып ториды. Аңдып отырған мысық бір мезетте шоршып барып торғайды бас салады. Қанатынан қапсыра тістеп тұрып: - Енді бір жақсылап тоятын болдым!- дейді. - Ей, мысық мырза, ұялсаңшы! Жуынғанды ұмытып барасыз ғой, өзі! Өзіңіздің қожайыныңыз да, оның әйелі де, жуынғаннан кейін барып тамақ жейді,- дейді торғай.

- Оның да дұрыс екен-ау, - деп мысық жақсылап жуынып, сүртіну үшін алдыңғы аяғын тұмысығына апарады.

Сол кезде торғай, ұзақ ойланып жатпай, жалт береді! Қанатын қағып, ұшады да кетеді! Мысық ыза болады. Содан бері қарай мысық атаулы тамақ жегеннен кейін жуынатын болған екен.



«Үш аю»

Маша бірде орманға барып адасты. Жолды іздеп – іздеп таба алмай, орманда тұрған үйге келді. Бұл үйді аюлар мекендейтін. Әкесін Михайло Потапыч , шешесін Настасья Петровна, ал баласын Мишутка деп атайды. Аюлар орманға кетіп, үй бос екен.

Ашық тұрған есікке кірген Маша дастарханда тұрған үш табақ бөкпенді көреді. Үлкен табақ - әкесі Михайло Потапычтікі, ортаншысы – шешесі Настасья Петровнанікі, ал кішкентай табақ Мишутканікі еді.

Маша үлкен, одан кейін орташа табақтағы бөкпенді жеп еді, ұнамады. Ал кішкене табақтағы бөкпен дәмді екен. Маша бөкпенді түгел жеп қойды.

Шаршаған Маша отырғысы келіп, ең үлкен орындыққа шығып еді, құлап қалды. Орташа орындық та Машаға ұнамады. Ең кішкентай орындық өзіне туп – тура екен. Маша қуанып кетіп тербеліп еді, орындық сынып қалды.

Маша ұйықтайтын бөлмеге кіріп еді, онда да үлкен, орташа және кішкентай ғана, үш төсек тұр екен. Маша үлкен төсекке жатып еді, ал тым биік екен. Орташасы - өте кең екен. Ал кішкентай төсек Машаға дәл – дәл келді. Соған жатқан Маша ұйықтап қалды.

Орманнан шаршап келген аюлар асын ішпек болды. Өз тағын көрген М.П. «Менің табағыма кім тиіскен?», деді гүр етіп. Н.П. «Менің бөкпенімді де біреу тартып көріпті» - деп айғай салды, Ал Мишутка «Менің бөкпенімді түгелдей жеп қойыпты», - деп шәңк - шәңк етті.

Ұйықтайтын бөлмеге келгенде: «Менің төсегіме кім жатқан болды?» - деп гүр етті. М.П. «Менің төсегімді умаждап тастапты ғой», - деп айғай салды. Н.П. өз төсегіне Машаны көрген Мишутка «Міне жатыр, міне,

ұстаңдар, оны, ұстаңдар», - деп шәңк – шәңк еткен Мишутка Машаны тұра қуды.

Аюлардың дауысынан шошып оянған Маша қорқып кетті. Ол қорқып тұрып, ашық тұрған терезеден секіріп далаға шықты. Бар күшімен жүгіріп үйіне кетті. Аюлар оны қуып жете алмай қалды.


Күшік пен мысық

Ауылдағы көршілес екі үйдің бірінің ала мысығы болды.

Бір күні қара күшік көршінің бағына кіріп, сонда жүрген ала мысықты тура қуды.

Мысық қашып барып, алма ағашына шығып кетті.

Күшік ағаш түбіне келіп: «Әу-әу-әу, әу-әу-әу!» - деп, мысыққа қарап шабаланып тұрып алды.

Мысық та оған құйрығын қыбырлатып, белін күжірейтіп, пырылдап айбат шекті.

Сол сәтте жұдырықтай бір қызыл алма сабағынан үзіліп, күшіктің басына келіп топ ете түсті. Күшік қаңқ ете қалды да, «Мысық ұрды екен» деп қаша жөнелді.Ол енді өз ауласына барып, тағы да мысық жаққа қарап шәуілдеп тұрған. Сол кезде мысық ағаштан жерге қарғып түсіп еді, ол «тағы ұрады екен» деп ойлап, жүгіріп барып үйшігіне кіріп кетті.

Содан бастап қара күшік ала мысықты қумайтын болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет