Жүргізуші: Балалар, бізге қонақ келген сияқты, қане, бәріміз қошеметтеп қарсы алайық.
/Муз. Әуенімен залга Ару Ана кіреді.
Ару Ана: -Сәлеметсіңдер ме балалар, құрметті қонақтар! Мен Аруанамын! сендердің балабақшаларыңда Тіл мерекесі болып жатқанын естіп, сендерге қонаққа келдім! Бұл жерге әр ұлттың балалары жиналыпты ғой! Қандай керемет десеңші! Бәрі бір-бірімен тату-тәтті!
Жүргізуші: Сәлеметсізбе Ару Ана! Біздің мерекеге қош келдіңіз! Жоғары шығыңыз!
Біздің Тіл мерекемізге әр ұлт балалары құр келмей өз өнерлерін ала келіпті балалардың тақпақ, мақал - мәтелдерің тыңданыз!
Асаналі: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Достарыңызбен бөлісу: |