4. Қызметкерлер. Алғашқы кезде барлық жұмысты өзіңіз-ақ атқара аласыз. Бизнесіңіз пайда әкеле бастаған уақытта екі қызметкер алуға болады. Олар: өндіріске жауап беретін маман және тауарды межеленген жерге жеткізіп салатын жүргізуші.
Сату. Өнімді сатуды жылдамдату үшін БАҚ-қа жарнама беруге, сонымен қатар, хабарландырулар басып шығарып, оларды таратуға болады. Тауарды өткізудің ең тиімді жолы - сусын дилерлері мен өндірушілермен бірлесе отырып, промоакциялар ұйымдастыру.
Негізгі клиенттер қатарына ірі супермаркеттер мен желілік дүкендерді жатқызуға болады. Олар мұзды сусындармен бірге сатады. Ал кішігірім дүкендерді алатын болсақ, мұз балмұздақ салынған мұздатқыштарға салынып сатылса болады. Мұзды жақсы тұтынатын топтардың бірі–мерекелік шараларды өткізетін компаниялар.
Сонымен қатар мейрамхана, кафе, бар, т.б. тамақтанатын орындар сіздің клиентіңіз бола алады.